Экипаж командирі апатты жағдайда ұшақты қалай қондырғанын айтып берді
Бүгін барша жұртты дүрліктірген әуе кемесіндегі төтенше жағдай орын алды. Bek Air компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы қону кезінде алдыңғы шассиі шықпай, апатты қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды 24 арна. Бортында 116 жолаушы бар әуе кемесі 50 минут көлемінде көкте қалықтап жүрген. Абырой болғанда, білікті ұшқыштың арқасында зардап шеккендер жоқ. Алайда Ақтөбе, Алматы және Бангкоктан Астанаға қатынайтын ұшақ рейстері кейінге шегерілді. Таң сәріде Қызылордадан Астанаға шыққан Рашид Мамбетов бүгін аман қалғанына шүкіршілік етуде. Елордаға жақындаған бойда көкте қалықтаған ұшақта ақау барын жігіт ағасы бірден байқапты. "Басында бір-екі айналым жасағаннан кейін, біз сездік дұрыс емес екендігін. Неге ұшақ қонбай жатыр деп. Содан кейін апатты қону болатындығы хабарланды. Енді дұрыс болды ғой…