Мазмұнға өту

Жаңа

Жалған пейзаждар немесе шебер фотосуретші

Нью-Джерсилік фотосуретші Мэтью Альбанезе (Matthew Albanese) қарапайым заттарды қолдану арқылы адамның көзін тұндыратын тамаша табиғат көріністерін жасап, суретке түсірумен айналысады. «Таңғажайып әлем» деп аталатын бұл бағдарламасын 2008 жылы бастапты. Әдетте, мұндай бір жұмысты жасауға 3 айдан 7 айға дейін уақыт кетеді екен.

Мына суретті Арктиканың пейзажы десеңіз, қателесесіз. Мұз да емес. Бар болғаны қанттың көп мөлшері, желатин және жүгері сиробы.

Желді күндегі шөптің шынайы бейнесін жасау үшін жасанды тері мен желдеткішті пайдаланады.

Жанартау

Басқа жұмыстары. Әдемі...

1
4
1216

Сөзіне берік болатын

Хақ Тағала айтады:

- Берген сөздеріңді орындаңдар, өйткені берілген уәде жауапкершілікті талап етеді (Исра сүресі, 34-аят).

- Шынайы мүминдер аманаттары мен уәделеріне берік болады (Мүминун сүресі, 8-аят).

- Сөзде (төрелік айту немесе куә болуда) әділ болыңдар, әр қандай жақының (туралы) болса да. Аллаға берген уәдені орындаңдар. Ғибрат алуларың үшін Алла сендерге осыларды өсиет етеді (Әнғам сүресі, 152-аят).

Пенде осы шындықтарға мән бәріп, абайлап жүрсе, оның барлық амалдары түзеліп, көркейеді. Өйткені Аллаға берген сөзіңді орындау – бүкіл өмірді туралықпен және жәннат көркемдігімен өткізу деген сөз. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) жалған мен иман бір жерде бола алмайтындығын баян етіп, берген сөзде тұру мәселесіне өте қатты көңіл бөлген. Бұл оның Пайғамбар болмай тұрған кезінде де осылай болған.

Абдұлла бин Әбил-Хамса (р.а.) айтады:

- Алла елшісімен (с.а.с.) Пайғамбар болмай тұрғанда сауда жасадым. Оған қарыз болып қалдым. Біраз күте тұрса, қарызымды дереу әкеліп беретінімді айтып, кетіп қалдым. Бірақ берген уәдемді ұмытып кетіппін. Үш күннен кейін есіме түсіп, әлгі жерге барсам, Ол әлі күтіп тұрған екен. Мені сонша күткеніне қарамай, Алла елшісі (с.а.с.) маған ұрысқан да жоқ.

- Ей, жігітім-ау! Мені әуреледің ғой, үш күннен бері сені осында күтіп отырмын, - деді де қойды.

Оның сөзге беріктігі және сол сияқты көркем қасиеттері үшін Оны «Мұхаммед әл-Әмин» деп атаған. Тіпті Оған сенбеген, барынша қас болып өткендердің өздері Оны «әл-Әмин» немесе «әс-Садық» деп атаған. Әбу Жәһіл былай дейтін:

- Сен еш жалған сөйлемедің! Сенің «әл-Әмин» және «әс-Садық» екендігіңе күмәніміз жоқ. Бірақ біз сенің әкелгеніңді қаламаймыз.

Нәпсі қандай дәу аждаһаға айналып, адамды жұта алады. Бірақ осыншалықты нәпсінің бодауында шырмалғандардың өзі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туралығы мен сөзге беріктігін мойындаған еді. Дұшпандардың өзі мойындаудан басқа шара таба алмаған осындай ұлы қасиеттер бүгінде адамдардың ең үлкен мұқтаждығы екені сөзсіз.

-3
0
582

Елордалық соттар Наурыз мейрамын атап өтті

Бүгін Астана қалалық сотында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Соттың әкімшілік ғимаратының алдында ауыл ұйымдастырылып, сахна орнатылды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/elordalyk-sottar-nauryz-meyramyn-atap-otti

0
0
457

Бейбітшілік және жастар арманы

Наурыз – шығыс халықтарының бұрыннан келе жатқан  мерекесінің бірі Жаңа күн дегенді білдіреді.

Көктемнің жылы лебімен бірге қатар келген осы мереке халық татулыққа, мейірімділікке және келісімге шақырады.  Біз Шарбақты аудан жастарына бірлік және өзара түсіністік пен көп ұлтты мемлекетіміздің өркендеуі үшін келешекке сенімді болуымыз қажет.

2016 жылғы  мектеп оқушылары арасында «Қаһарман жастар орталығы» КММ жастар орталығымен ҚР Тәуелсізідігіне 25 жылдығына және «Наурыз мейрамы» мерекесіне орай «25 жыл бейбітшілік пен мейірімділік» тақырыбына шығарма жазу үшін конкурс ұйымдастырылды.Патриотизмдік сезіммен зор мақтан тұта отырып, мемлекетіміздің құрылуына байланысты тақырып ашылды.  Әр шығармада әсіресе жастардың, еліміздің жаңа  даму жолында өздерін Қазақстан Республикасының нағыз азаматтары екенін мақтанышпен айта алатыны баяндалған.

- Біз, аудан жастары Елбасының ағымдағы Жолдауын жүзеге асыру үшін өз үлесімізді қосуға әзірміз, барша қазақстандықтарға жаңа табыс тілейміз.

1
0
705

Exit-pool: «Нұр Отан» 82% дауыс жинады

Орталық коммуникациялар қызметінде «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қорытындысы жарияланды.
Институт директоры Юлия Ку­чинская 2016 жылғы сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындысы бо­йынша еліміздің 3 cаяси партиясы 7 пайыздан артық дауыс жинағанын мә­лімдеді.
Оның сөзінше, Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясы – 82, Қазақстан Ком­мунистік Халық партиясы – 7,17, «Ақ жол» демократиялық партиясы 7,22 пайыз дауыспен өткен.
– Кезектен тыс өткен Парламент Мә­жілісі сайлауында «Бірлік» cаяси пар­тиясы – 0,35, ЖСДП – 1,21, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2,05 пайыз дауыс жинады. Де­мократия институты сайлауда жалпы­халықтық сауалнама жүргізді. Инсти­туттың зерттеуі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларын қамтыды. Exit-poll таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде ұйымдас­тырылды, – деді институт директоры.
Оның айтуынша, сауалнама нәтижесі ел азаматтарының Қазақстанды жаңғырту мен жаңартуға бағытталған саясатты қолдай­тындықтарын көрсетті.

Орталық коммуникациялар қызметінде «Демократия институты» жүргізген жалпыхалықтық Exit-poll-дың қорытындысы жарияланды.Институт директоры Юлия Ку­чинская 2016 жылғы сайлауда дауыс берудің алдын ала қорытындысы бо­йынша еліміздің 3 cаяси партиясы 7 пайыздан артық дауыс жинағанын мә­лімдеді. Оның сөзінше, Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясы – 82, Қазақстан Ком­мунистік Халық партиясы – 7,17, «Ақ жол» демократиялық партиясы 7,22 пайыз дауыспен өткен. – Кезектен тыс өткен Парламент Мә­жілісі сайлауында «Бірлік» cаяси пар­тиясы – 0,35, ЖСДП – 1,21, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 2,05 пайыз дауыс жинады. Де­мократия институты сайлауда жалпы­халықтық сауалнама жүргізді. Инсти­туттың зерттеуі еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларын қамтыды. Exit-poll таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін 750 сайлау учаскесінде ұйымдас­тырылды, – деді институт директоры.Оның айтуынша, сауалнама нәтижесі ел азаматтарының Қазақстанды жаңғырту мен жаңартуға бағытталған саясатты қолдай­тындықтарын көрсетті.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21968-exit-pool_n_r_otan_82_dauys_zhinady

6
1
491

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада Наурыз тойланып жатқан этноауылда Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен бақ-береке тіледі.
"Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу шарасымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай тұтастығын көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын", - деді елбасы.
"Біздің жасап жатқанымыздың бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағына мұра болып қалады. Біздің болашаққа апаратын жолымыз зор жетістіктер мен Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын", - деп жастарға өсиетін табыстады Назарбаев.
"Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін", – деді Қазақстан Президенті.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада Наурыз тойланып жатқан этноауылда Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен бақ-береке тіледі.
"Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу шарасымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай тұтастығын көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын", - деді елбасы.
"Біздің жасап жатқанымыздың бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағына мұра болып қалады. Біздің болашаққа апаратын жолымыз зор жетістіктер мен Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын", - деп жастарға өсиетін табыстады Назарбаев.
"Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін", – деді Қазақстан Президенті.

nur.kz

6
0
419

Тәртіп – оқушылар тәрбиесінің негізі

2016 жылдың 15 наурызында №12 жалпы білім беретін мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шара Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторы К.Н.Насетов, Орал қаласының әкімдігінің өкілі Ш.Ж.Теміржановтың және мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.

Шара барысында оқушылар интернет сайттардың материалдары негізінде дайындалған Қытай, АҚШ, Ресей, Сингапур елдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша баяндамалар оқыды.

Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

 

 

0
0
363

Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласының жанында Boeing-738 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ол Дубайдан бағыт алып келе жатқан. Бұл туралы аймақтағы шұғыл әрекет ету қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады.

Олардың мәліметі бойынша ұшақ қонуға беттегенде апатқа ұшыраған. Бортында 61 адам болған. Олардың барлығы қаза тапты. Ресейдің оңтүстік аймағы бойынша төтенше жағдайлар қызметі Дубайдан келе жатқан жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанын растады.

Бортында экипаж мүшелерін қосқанда 61 адам болған. Олардың 55-і жолаушы, ал алты адам экипаж мүшелері екен. Қазіргі таңда оқиға орнында барлық оперативті қызмет өкілдері жұмыс жасауда. Апаттың себебі анықталып жатыр. Ростов-на-Дону әуежайы жабық.

Boeing 738 жолаушылар ұшағы жерге қону кезіндегі соққыдан жана бастаған. Қонуға беттегенде ұшақ бірнеше сынықтарға бөлініп, жанып кеткен. Қазіргі таңда жалын ауыздықталды.

Сол арада желіде ұшақтың жерге құлаған сәтінің видеосы пайда болды.


6
0
414