Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сөзіне берік болатын

Хақ Тағала айтады:

- Берген сөздеріңді орындаңдар, өйткені берілген уәде жауапкершілікті талап етеді (Исра сүресі, 34-аят).

- Шынайы мүминдер аманаттары мен уәделеріне берік болады (Мүминун сүресі, 8-аят).

- Сөзде (төрелік айту немесе куә болуда) әділ болыңдар, әр қандай жақының (туралы) болса да. Аллаға берген уәдені орындаңдар. Ғибрат алуларың үшін Алла сендерге осыларды өсиет етеді (Әнғам сүресі, 152-аят).

Пенде осы шындықтарға мән бәріп, абайлап жүрсе, оның барлық амалдары түзеліп, көркейеді. Өйткені Аллаға берген сөзіңді орындау – бүкіл өмірді туралықпен және жәннат көркемдігімен өткізу деген сөз. Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) жалған мен иман бір жерде бола алмайтындығын баян етіп, берген сөзде тұру мәселесіне өте қатты көңіл бөлген. Бұл оның Пайғамбар болмай тұрған кезінде де осылай болған.

Абдұлла бин Әбил-Хамса (р.а.) айтады:

- Алла елшісімен (с.а.с.) Пайғамбар болмай тұрғанда сауда жасадым. Оған қарыз болып қалдым. Біраз күте тұрса, қарызымды дереу әкеліп беретінімді айтып, кетіп қалдым. Бірақ берген уәдемді ұмытып кетіппін. Үш күннен кейін есіме түсіп, әлгі жерге барсам, Ол әлі күтіп тұрған екен. Мені сонша күткеніне қарамай, Алла елшісі (с.а.с.) маған ұрысқан да жоқ.

- Ей, жігітім-ау! Мені әуреледің ғой, үш күннен бері сені осында күтіп отырмын, - деді де қойды.

Оның сөзге беріктігі және сол сияқты көркем қасиеттері үшін Оны «Мұхаммед әл-Әмин» деп атаған. Тіпті Оған сенбеген, барынша қас болып өткендердің өздері Оны «әл-Әмин» немесе «әс-Садық» деп атаған. Әбу Жәһіл былай дейтін:

- Сен еш жалған сөйлемедің! Сенің «әл-Әмин» және «әс-Садық» екендігіңе күмәніміз жоқ. Бірақ біз сенің әкелгеніңді қаламаймыз.

Нәпсі қандай дәу аждаһаға айналып, адамды жұта алады. Бірақ осыншалықты нәпсінің бодауында шырмалғандардың өзі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туралығы мен сөзге беріктігін мойындаған еді. Дұшпандардың өзі мойындаудан басқа шара таба алмаған осындай ұлы қасиеттер бүгінде адамдардың ең үлкен мұқтаждығы екені сөзсіз.

-3
0
509

Осы тақырып бойынша

Сөзіне берік болатын - Yvision.kz