Тәртіп – оқушылар тәрбиесінің негізі

2016 жылдың 15 наурызында №12 жалпы білім беретін мектебінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сыныптан тыс іс-шара Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторы К.Н.Насетов, Орал қаласының әкімдігінің өкілі Ш.Ж.Теміржановтың және мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.
Шара барысында оқушылар интернет сайттардың материалдары негізінде дайындалған Қытай, АҚШ, Ресей, Сингапур елдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша баяндамалар оқыды.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, оған нақты жауаптар алды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.


