Ең дарынды болашақ журналист анықталады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Азаттық" радиосы, "Сұңқар" кәсіподағы және Myprofession.kz сайтының демеушілігімен "Ең дарынды болашақ журналист байқауы" өтуде. Олимпиадаға республикамыздың түкпір-түкпірінен 9 жоғарғы оқу орнының — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және «Тұран» университеттерінің командалары қатысуда. Әр топ 3 студенттен құралған. Байқау 2 турдан тұрады. Алғашқы турда болашақ журна…









