Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлттық банктің экс-басшысы: Әлемдік экономиканы жаңа дағдарыс күтіп тұр

Ұлттық банктің экс-төрағасы Григорий Марченко ресейлік журналистерге Қазақстанның экономикасын не күтіп тұрғанын баяндады деп хабарлайды NUR.KZ порталы vesti.ru сайтына сілтеме жасап.
Facebook арқылы бөлісу
Вконтакте бөлісті
Ұлттық банктің экс-басшысы: Әлемдік экономиканы жаңа дағдарыс күтіп тұр
ГРИГОРИЙ МАРЧЕНКО
"Мұнай бағасы, рубль, теңге бағамдары өсіп келеді. Біздің Қазақстанда басқыншылық (интервенция) жасауға қор бар, дегенмен үш рет дағдарыс болғаннан кейін бір жарым жыл ішінде Орталық банкке сенім жоғалды... Бұл сенімді қайта қалпына келтіруге ұзақ уақыт керек", - дейді Марченко.
Оның ойынша, мұнайды экспорттаушы елдердің басты қателігі - экономиканы әртараптандыра алмағандығы.
"Соның салдарынан бағаның түсуінен қорғанатын қосымша жағдай бізде жасалмады. Нәтижесінде бізде айтарлықтай бағамдық саясат жоқ, бәрі мұнай бағасына тікелей байланысты болып отыр. Бізге тек үміттеніп отыра беруден басқа амал жоқ. Бәрі бір-бірінен мұнай бағасы қашан өсіп, қай уақытта жағдай жақсаратынын сұраумен отырады. Ал мұнайдың бағасы түскенде бәріміз жұмыла сол жақсы жағдайды жасауымыз керектігін түсінгенімізбен, бұл күрделі шаруа", - деп жалғастырды ол.
Марченко әлемдік экономиканы жаңа дағдарыс күтіп тұрғанын болжады.
"Әлемде 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі жағдай әлі де сақталып тұр. 2008 жылдың дағдарысына әкеліп соқтырған мәселелердің ешқандай шешімі де табылмады. Әдеттегідей бар негізгі шаруаны Орталық банктер өз мойынан алуда. Олар тек жартылай мәселені шешіп отыр. Англия банкінің бұрынғы басшысы Мервин Кинг жақында 2008 жылғы дағдарысқа себеп болған жағдайларды зерттеп, шара қолданбасақ, дағдарыс қайталанатынын ашық мәлімдеген болатын. Соңғы бірнеше жылда біз дағдарыстың қайталануынан қашып құтыла алмайтынымызды түсіне бастадық. Бұл тек уақыттың еншісінде. Себебі ешбір құрылымдық мәселе шешімін таппады", - деп сендірді ол.
Марченко жүйелі көзқарастың жоқтығы да назар аударарлық мәселе екендігін алға тартты.
"Жүйелі көзқарастың жоқтығы - бұл біздің ортақ мәселе, онымен не істеу керектігі адамдарға келіп тіреледі. Экономистер қашан да индустриалды саясаттың ұзақ мерзімді екеніне әрі өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуына септік тигізетініне сеніп келді. Алайда ол қашан да мемлекет үшін шығынмен аяқталды", - деп жалғастырды экс-төраға.
Оның сөзіне сенсек, индустриалды саясаттың тиімсіз болуына бірінші кезекте жемқорлықтың болуы себеп.
"Қазір олар индустриалды саясаттың тек жемқорлық болмаған жағдайда ғана тиімді екенін мойындады. Мәселен, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур және өзге де елдер үшін бұл тиімді болды. Ал мемлекеттік органдар білікті емес әрі жемқорлық жайлаған жағдайда болса, индустриалды саясат керісінше зиянын тигізеді", - дейді Марченко.
Экс-төраға қазіргі қоғамды бірінші кезекте белгісіздік алаңдаттыратынын сөз етті.
"Адамдарды бірінші кезекте белгісіздік үрейлендіреді. Көбі жағдайға байланысты жеңіл жауаптарды іздейді, нәтижесінде өздері не айтып тұрғандарын түсінбейді. Бүгінде оңай жауап пен дайын шешім жоқ. Бұл белгісіздік бәрін қатты шаршатты", - деп түйді Марченко.

Ұлттық банктің экс-төрағасы Григорий Марченко ресейлік журналистерге Қазақстанның экономикасын не күтіп тұрғанын баяндады деп хабарлайды NUR.KZ порталы vesti.ru сайтына сілтеме жасап.
Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлістіҰлттық банктің экс-басшысы: Әлемдік экономиканы жаңа дағдарыс күтіп тұр "Мұнай бағасы, рубль, теңге бағамдары өсіп келеді. Біздің Қазақстанда басқыншылық (интервенция) жасауға қор бар, дегенмен үш рет дағдарыс болғаннан кейін бір жарым жыл ішінде Орталық банкке сенім жоғалды... Бұл сенімді қайта қалпына келтіруге ұзақ уақыт керек", - дейді Марченко.
Оның ойынша, мұнайды экспорттаушы елдердің басты қателігі - экономиканы әртараптандыра алмағандығы.
"Соның салдарынан бағаның түсуінен қорғанатын қосымша жағдай бізде жасалмады. Нәтижесінде бізде айтарлықтай бағамдық саясат жоқ, бәрі мұнай бағасына тікелей байланысты болып отыр. Бізге тек үміттеніп отыра беруден басқа амал жоқ. Бәрі бір-бірінен мұнай бағасы қашан өсіп, қай уақытта жағдай жақсаратынын сұраумен отырады. Ал мұнайдың бағасы түскенде бәріміз жұмыла сол жақсы жағдайды жасауымыз керектігін түсінгенімізбен, бұл күрделі шаруа", - деп жалғастырды ол.
Марченко әлемдік экономиканы жаңа дағдарыс күтіп тұрғанын болжады.
"Әлемде 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі жағдай әлі де сақталып тұр. 2008 жылдың дағдарысына әкеліп соқтырған мәселелердің ешқандай шешімі де табылмады. Әдеттегідей бар негізгі шаруаны Орталық банктер өз мойынан алуда. Олар тек жартылай мәселені шешіп отыр. Англия банкінің бұрынғы басшысы Мервин Кинг жақында 2008 жылғы дағдарысқа себеп болған жағдайларды зерттеп, шара қолданбасақ, дағдарыс қайталанатынын ашық мәлімдеген болатын. Соңғы бірнеше жылда біз дағдарыстың қайталануынан қашып құтыла алмайтынымызды түсіне бастадық. Бұл тек уақыттың еншісінде. Себебі ешбір құрылымдық мәселе шешімін таппады", - деп сендірді ол.
Марченко жүйелі көзқарастың жоқтығы да назар аударарлық мәселе екендігін алға тартты.
"Жүйелі көзқарастың жоқтығы - бұл біздің ортақ мәселе, онымен не істеу керектігі адамдарға келіп тіреледі. Экономистер қашан да индустриалды саясаттың ұзақ мерзімді екеніне әрі өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуына септік тигізетініне сеніп келді. Алайда ол қашан да мемлекет үшін шығынмен аяқталды", - деп жалғастырды экс-төраға.
Оның сөзіне сенсек, индустриалды саясаттың тиімсіз болуына бірінші кезекте жемқорлықтың болуы себеп.
"Қазір олар индустриалды саясаттың тек жемқорлық болмаған жағдайда ғана тиімді екенін мойындады. Мәселен, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур және өзге де елдер үшін бұл тиімді болды. Ал мемлекеттік органдар білікті емес әрі жемқорлық жайлаған жағдайда болса, индустриалды саясат керісінше зиянын тигізеді", - дейді Марченко.
Экс-төраға қазіргі қоғамды бірінші кезекте белгісіздік алаңдаттыратынын сөз етті.
"Адамдарды бірінші кезекте белгісіздік үрейлендіреді. Көбі жағдайға байланысты жеңіл жауаптарды іздейді, нәтижесінде өздері не айтып тұрғандарын түсінбейді. Бүгінде оңай жауап пен дайын шешім жоқ. Бұл белгісіздік бәрін қатты шаршатты", - деп түйді Марченко.

https://www.nur.kz/kk/1079207-ulttyq-banktinh-eks-basshysy-buginde-ek.html

6
0
484

Брюссель әуежайында қос лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктілердің есімі анықталды

Бельгия полициясы таяуда Брюссель әуежайында қос лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктілерді анықтады. Бомбаларды жарған жанкештілер іздеуде болған ағайындылар болып шықты деп хабарлады ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.
Facebook арқылы бөлісу
Вконтакте бөлісті
Брюссель әуежайында қос лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктілердің есімі анықталды
ФОТО REUTERS/ FRANCOIS LENOIR
RTBF телеарнасына құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлағандай, полиция Брюссельдегі әуежайда болған лаңкестік әрекетті Бельгия астанасында тұрған ағайынды Халид пен Брахим Эль-Бакрауи жасағанын анықтады.
L'Internaute басылымының хабарлауынша, полиция ағайындылардың әуежайға шабуыл жасауға қатысын қарастырды. Олар қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған.

Бельгия полициясы таяуда Брюссель әуежайында қос лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктілерді анықтады. Бомбаларды жарған жанкештілер іздеуде болған ағайындылар болып шықты деп хабарлады ҚазАқпарат РБК-ға сілтеме жасап.

Брюссель әуежайында қос лаңкестік әрекетті жасады деген күдіктілердің есімі анықталды

RTBF телеарнасына құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлағандай, полиция Брюссельдегі әуежайда болған лаңкестік әрекетті Бельгия астанасында тұрған ағайынды Халид пен Брахим Эль-Бакрауи жасағанын анықтады.

L'Internaute басылымының хабарлауынша, полиция ағайындылардың әуежайға шабуыл жасауға қатысын қарастырды. Олар қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған.

https://www.nur.kz/kk/1078950-bryussel-auezhayynda-qos-lanhkestik-ar.html

6
0
513

Азат Құтпанбетов — Мемлекетттік-жеке меншік әріптестік орталығының сарапшысы

Сұрақ:

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті одан әрі дамыту бағытында елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда. Сіздің ойыңызша, осы мәселе «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңға сәйкес қалайша реттелуде және қандай жұмыстар атқарылуда?

Жауап:

Баршамызға белгілі болғандай, Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам жоспарының 34-қадамы – мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту щеңберінде пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғырту, пенитенциарлық мекемелерді салуға, ұстауға және басқаруға жеке меншік секторды тарту жөнінде ұсыныстарды екшеу және халықаралық тәжірибені зерттеу қадамын іске асыру аясында пенитенциарлық салада халықаралық тәжірибені зерттеу, жобаларды құрылымдау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте 2015 жылдың 31 қазанында Елбасы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңына қол қойғандығын айта кетейік. Аталмыш Заңнын қабылдануымен экономиканың барлық салаларында МЖӘ қолдану аяларының ауқымы, қатысушылар шеңбері және шарттар түрлері кеңейтілді.

Пенитенциарлық салада МЖӘ механизмінің көмегімен жобаларды іске асыру бойынша нақты іске асырылған істерге келер болсақ, 2015 жылдың маусым айынан бастап жыл бойы МЖӘ Орталығының алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС өкілдерінің, сонымен қатар әлеуетті инвесторлардың қатысуымен пенитенциарлық жүйе мәселелерін талқылауға қатысты кездесулер өткізілді. Кездесулердеде қаржыландыру шарттары және пенитенциарлық жүйедегі нақты тәжірибе жөніндегі мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар МЖӘ орталығымен АҚШ, Ұлыбритания, Гермения және Франция Республикасының аталған саладағы қалыптасқан тәжірибесі зерттелді. Зерттеу барысында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі бойынша жұмыс істеп жатқан объектілердің мысалында жобаны іске асырудың негізгі заңды, қаржылық және техникалық мәселелері пысықталды. Сонымен қатар түрлі елдердің құқықтық жүйелері де зерттеу барысында назардан тыс қалған жоқ. Одан бөлек, Франция заңнамасы бойынша концессиялық қатынастарды реттеу, соның ішінде бәсекелестік диалог механизмін қолдану мәселелері талқыланды.

Біздің пікіріміз бойынша, бәсекелестік диалог механизмінің қолданылуы ҚР ІІМ ҚАЖК ұсынылған «Шымкент қаласында 1500 орындық түзеу мекемесін салу және басқару» жобасы секілді ірі жобаларды іске асыру шеңберінде инвесторлардың пікірлерін есепке ала отырып, мемлекеттің ашық және дұрыс позициясын әзірлеу негізін қалауы тиіс.

Сұрақ:

Сіздің мекеме аталмыш Заңға байланысты қандай жұмыстарға атсалысуда? Негізгі бағыттарына тоқтала кетсеңіз?

Жауап:

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға қатысты Елбасының халыққа арнаған Жолдауында айтылған және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген, бюджет шығыстарын азайту құралы ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін қолдану және осы механизмді енгізу бойынша кең ауқымды әдіснамалық жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ кең көлемді істер атқаруда. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап кестеге сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде және квазимемлекеттік секторлар бойынша кеңестер, оқыту семинарлары және нүктелі семинарлар, тармақты жиналыстар өткізілуде. Аймақтық тармақты жиналыстар ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып Қызылорда, Алматы, Шығыс қазақстан облыстарында және Астана қаласында өткізілді. МЖӘ механизмінің мүмкіндіктері мен тиімділігін, сонымен қатар «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңын қоғамға кеңінен түсіндіруді көздейтін, аталмыш тармақты жиналыстарға орталық және өңірлік жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдері, сондай-ақ бизнес-құрылымдар қатысты. МЖӘ механизмі жеке меншік тараптың қатысуынсыз жүзеге асыпайтындығы анық, бұл тұрғыда Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге, сонымен бірге МЖӘ Орталығының алаңында шетелдік және отандық инвесторлармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар тұрақты түрде өткізіліп жатыр. Тағы да бір айта кететін жайт, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының қабылдануымен МЖӘ жобалары экономиканың барлық салаларында жүзеге асырылуына мүмкіндік туды. Осы орайда МЖӘ Орталығы еліміздің барлық өңірлерінде жоспарланып және жүзеге асырылып жатқан жобаларға күнделікті қолдау көрсетуде. Қорыта келе, Заңның қабылдануымен туындаған жаңа мүмкіндіктер, жобалардың барлық салаларды жүзеге асырылуы, сонымен қатар МЖӘ Орталығымен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуына жаңаша серпін береді деген ойдамыз.

 
2
0
1070

АҒАНЫҢ ҚАРЫНДАСҚА ӨСИЕТІ (ұзатылғалы отырған бойжеткенге)

Айналайын қарындасым! Қыз баланың өмірі, тағдыры қашан да оңай болмаған.

Бабаларымыз «қыз – жат жұрттық» деп осы бір аяулы жандардың өмірлік бағдаршамын, аялдамасын әлдеқашан бекітіп берген. Сондай-ақ, «Қыз мұраты - кету» - дейді. Сенің де сол ұлы мұратқа ұмтылып, жаңа өмірге аяқ басатын күнің келіп жетті. Алдыңда небір бұралаң жолдар күтіп тұр. Ол жолдар бақыт үшін күрестен тұрады. Бұл күрес сабырмен, төзіммен, даналықпен қарулануыңды талап етеді. Ең бастысы, Жәннатқа жол салып беретін МЫРЗАҢның разылығын табуға ұмтылар күндер күтіп тұр. Бұл қызмет арқылы жан жарыңа бақыт сыйлайсың, ал ол сені бақытты етеді. Алла Тағала қыз баласына әйел-ана болудан артық нығмет сыйламаған. Ендеше, жанашыр ағаңның өсиетіне құлақ сал!Таңертең көзіңді аша сала әуелі Алланы ойла. Алдымен Раббыңның хақын өтеу керек екендігі есіңде тұрсын. Сонда Алла басқа адамдармен қатынасыңды реттеп қояды.Ешқашан отбасың мен отағасы үшін атқарған қызметіңді көп көрме, міндетсінбе. Санасу, есеппен өмір сүру ерлі-зайыптылардың арасына жік түсіретінін ұмытпа. Ал амалыңды Алла разылығы үшін атқарсаң, ақым кетті-ау деген сезімнен ада боласың. Еріңе қызмет етуде ләззат бар екенін ұмытпа әрі сол ләззатты сезіне біл. Өйткені, еріңнің алдындағы Алла міндеттеген әр қызметің – сенің сауап теретін мүмкіндігің, Алла алдында атқаратын құлшылығың.Еріңнің алдында қылықты бол. Жан жарың сенің әр қылығыңнан зор сыйластығың мен сүйіспеншілігіңді көріп тұратындай болсын. Кең бол.Оған «сіз» деп сөйлеуің, атын атамауың – арадағы көптеген кикілжіңге, бойсұнбаушылықтарға, ерсі сөздерге тосқауыл. Мұны әжелеріміз жақсы білген әрі амал жасаған.Дәмді тамақ, жылы әрі жайлы атмосферадағы үй кез келген еркекті жібітеді. Жалпы, үй – еркектің тыныштық, тыным табатын «ордасы» болуы керек.Үлкенді сыйла. Олармен ақылдас. Бұл – түбінде береке әкелетін амалдардан.Үнемі өзің бірінші болып кешірім сұрауды әдетіңе айналдыр. Тіпті, кінә сенен болмаса да кішірейе білсең, ешнәрседен ұтылмайсың. Ол үйден ренжіп кетсе, әдеміленіп суретке түс те, тәтті сөздермен хабарлама жазып жібер.Кінәласпа. Кез келген жағдайда кінәні өзіңнен іздеуге тырыс.Сендердің өмір бойғы қарым-қатынастарыңның кірпіші алғашқы сәттердегі қатынастарың арқылы қаланады. Келешекте араларыңның қандай болғанын қаласаң, бастапқы кезден іске кіріс.Алғашқы сәттерде бір-бірлерінің қылықтарыңа, әдеттеріңе, мінездеріңе үйренісу барысында міндетті түрде кішігірім ұрыстар, ұшқындар болуы мүмкін. Мұны сабырлылық арқылы шешуге болады. Қиыншылықтың артында бір жеңілдік тұрғанын жадыңнан шығарма.Кейбір кемшіліктерін байқағанда оған тұрмысқа шыққаның үшін өкінбе.

Ертеде заманындағы барлық қыздан сұлу, ақылды, иманды, тәрбиелі, бай қыз өмір сүрген екен. Ол ұзақ жылдар бойы өзіне жар таңдайды. Алыс-жақынды патшалықтың көптеген бай-серілері айттырып келеді. Алайда, қыз ешкімді ұнатпайды. Ел-жұрт оның тұрмысқа шығатындығынан үміт үзе бергенде, оның әйтеуір біреуді таңдағандығы  туралы хабар тарала бастайды. Бәрі де әлгі бақытты жігітті көруге асығады. Сөйтсе ол ұсқынсыз әрі қарапайым адам болып шығады. Мұның себебі сұралғанда сұлу бойжеткен: «Менің бір күнәм бар шығар, сондықтан, Алла оны маған нәсіп еткен болар. Керісінше, оның бір Аллаға ұнамды артықшылығы бар шығар, сол себепті, Алла мені оған қосқан болар» деп жауап берген екен. Бұл сөз саған да ғибрат болсын. Өнеге ал. Алла – Әділ. Демек, сендер бір-біріңе лайықтысыңдар.Енеңмен тату бол. Танысқан сәттен-ақ оны зерттеп, ұнататын, ұнатпайтын нәрселерін біліп ал. Жатырқамай, тезірек тіл табыс. Оған қолыңнан келген құрметті көрсет. Тіпті, кейбір істерді жақсы біліп тұрсаң да онымен ақылдас.Кез келген еркектің жанды жері бар.  Еректің отбасын асыраушы, қамқоршы, басқарушы  екендігін жақсы білесің. Оның дәл осы қызметтеріне қатысты тіл тигізу, кінәлау оны азаптайды. Мәселен, «ақша таппайсыз ба?», «дұрыстап шешім қабылдамайсыз ба», «өзім білемін» деген сөздерді қолданысыңнан шығар.Құлшылықта оған бұйрық берме немесе атқаруын талап етпе. Мәселен, «неге тәһәжудке тұрмайсыз?», «дұға намазына дәрет алмайсыз ба?», «жатар кездегі дұғаны айтпайсыз ба?» секілді сауалдармен оны мезі етуден сақтан. Бірақ құлшылық уақыттарын еске салып қойғанның оқасы жоқ. Әсіресе, оны таң намазына оятуды міндетіңе алсаң да болады. Білімің одан артық болса да «білместің» кейпіне ен. Пайдалы мақсатта білімді жасырып қалуға рұқсат етілген. Әйелдер еркектің өзінен көп білгенін, еркектер әйелдердің өздерінен аз білгенін қалайды. Оны өзіңнен жоғары ұста. Ақылды әйел өзі биік болса да, төмендеп, өзінің ізгі істеріне ерін себеп етіп, артында тығылып отырады.Сымбатыңды сақтай біл. Жаттығуларыңды қалдырма, дұрыс тамақтан.Ешқашан өзіңе, жарыңа, ақылыңа, біліміңе, сұлулығыңа тәуекел етпе. Ешкім өз шамасымен бақытты, озық бола алмайды. Алла қаласа ғана жеңіске жете аласың. Қолыңнан келген әрекетті жаса да, Аллаға тапсыр. Ол тәуекел еткенге жеткілікті, істерді реттейді, соңына жеткізеді. Ол шеше алмайтын қиындық жоқ.Кез келген қиыншылықта көмек сұрарың, арқа сүйерің, ақылдасарың Алла болсын. Адам басына іс түскенде Раббысының құдіретін де ұмыт қалдырып қояды. Бір салихалы ананың ұзатылып бара жатқан қызына айтқан мына өсиеттерін де жадыңнан шығарма: «Сен туып-өскен ұяңды қалдырып, өзің білмейтін шаңырақта, өзің үйреніспеген жарыңның жанында қалдың. Ендеше, оған жер бол, ол саған көк болады, сен оған төсеніш бол, ол саған таяныш болады, сен оған қызметшісіндей бол, ол да саған кіріптар болады. Наразылығыңды жиі білдірме, ол сені жек көріп кетеді және одан алыстап та кетпе, ол сені ұмыта бастайды, бірақ, ол саған жақындаса, сен де оған жақында, егер алыстар болса, сен де алыстай бер. Оның иіскеу, есту, көру қабілетін аяла – ол сенен тек жағымды иісті сезсін, тек жақсы сөздерді естісін, әрдайым әдемі қалпында көрсін». («Табаиғун ниса», Ахмад ибн Абду Раббиһ әл-Андалуси).

Мақала asylarna.kz сайтынан алыған.

-4
0
1490

Қасқыр жүрегін жеген жігіт немесе ашаршылықта бір рулы елден жалғыз тірі қалған кім?

Бүркіттің ес білгелі, оңын-солын танығаннан бергі ата кәсібі жылқы бағу еді. Одан қалды әкесі хат танытқаннан кейін аң-құс аулауға да баулыды.

Басын сонау қазақтың қасиетті Ұлытауынан бастау алатын Ұлы Жыланшық өзенінің бойын ата-бабасы мекен етіп келе жатқанына да көп уақыт болыпты.
Кезінде Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде: «…Сейтқұл көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төсіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді…» – деп жазатын Торғай-Қабырға мен Ұлы жыланшық өзендері Сырдария мен Әмудария сияқты бұл өңір халқы үшін бар нәрін беретін қос өзен. Қабырғадан Ұлы Жыланшыққа дейінгі қашықтық 100 шақырым көлемінде.

Бұл жер Жыланшықтың орта ағысы қыпшақ тайпасының қарамойын лақ руы мекен ететін өлке, жері шүйгін болмаса да, Айырқұм, Аққұм атты жерлердің малы семіз, шаруашылыққа ыңғайлы.

Ақ патшаның «Июнь жарлығы» шыққанға дейін күнделікті күйбең тірлік кешіп жатқан кез еді. Алайда, бір күнде «алатайдай бүлінген» заман орнай кетті. Бұл –Міржақып Дулатов айтпақшы, «жүрек қанға, көз жасқа толған» уақыт болатын.
Торғай елінің қалың арғын-қыпшағы, найман, шөмекей, төре-қожалары жиналып, «патшаға солдат бермейміз» деп бірауыздан бітімге келіп, араларынан хан сайлады.
Іштерінен онбасы, жүзбасы, мыңбасын сайлап алды. Не өлім, не өмір! Жиналған қауым ақ киізге көтеріп хан сайлаған Әбдіғапар мен Оспанға «ұлдарымыздың амандығы сендердің қолдарыңда, қалғанын өздерің бастаңдар» деп талап қойды. Бұл топтың ішінде асқан мергендігімен көзге түскен жігіттер – Амангелді мен Кейкі де бар еді.

Кейкі іріктелген 18 мергенді тоғыз-тоғыздан 2 топқа бөліп, Бүркіттің де мергендігін бұрынан білетін ол оны екінші топтың басшылығына бекітті. Бүркіт «сарыбас» әскери шені лауазымын иеленді.

«Кейкі батыр заманынан ерте туған асыл ер еді, қапыда кетті ғой.
Амангелді, Кейкі бастаған сарбаздардың Торғай қаласы жанындағы «Ставка» деген жерде қарсы шабуылға дайындалып жатқан кезіміз, – дейді Бүркіт. – Әйгілі Оспан қожа келіп, шабуылға шығуға атқа қонған біздерге тілдей дұға жазылған «Ақ тұмар» қағазды әрқайсымызға бере тұрып: «бұл қасиетті тұмарды қалаға кірерде бас киімдеріңнің маңдай тұсына қыстырыңдар да, ал қаладан шығарда бас киімнің желке тұсына қыстырыңдар!» – деді. Жаратушы Аллаға сиынып, көңілімізге астамшылық кіргізбедік, барлығын естен шығармадық. Сол күнгі ұрыста бір ғана аттың мойнына оқ тиіп, басқамыз дін аман оралып келгенде Оспан қожа: «сендер сахабалар дәуірінде тууларың керек еді», – дегені әлі есімде. Аумалы-төкпелі заманда қызылдың да, ақтың да қазаққа күн көрсетер түрі жоқ. Амангелдінің «жұмбақ өлімінен» кейін Кейкі енді «ақ орыс та, қара орыс та – бәрі орыс» деп өзіне қарсы келгендермен ұрыс салып жүрген заманы. Тағы бір күндері Кейкі батырдың ерлік батырлықтарын айтқан отырыстардың бірінде Оспан қожа Кейкіге: «Сенің қорғаушы, қолдаушы алты киелі аққуың бар. Кез келген уақытта атылған оқтан жазым болдырмайтын «оққағар» және бақытты болуына жәрдемдесіп, тілегіңді тілеушілер. Олардың саған қоятын бір ғана шарты бар. Үйленуіңді кейінге қалдыра тұруыңды қалайды», — деді. Оспан қожаның айтқанын ескермеген Кейкі батыр сүйіктісі Ақжан сұлуға үйленді. Өзара келісілген келісімшарт бұзылған соң, алты аққу Оспан қожаға соғып, Кейкіні енді қолдап-қорғаудан бас тартатындарын айтып, жөндеріне кеткен. Міне, осыдан кейін Кейкінің ісі оңға баспай, қайғылы қазаға ұшырайды.

Оқиға былай болып еді. Қарамағында қалған 100 шақты әскерімен Торғай-Ұлытау бойында қаша ұрыс салып жүрген Кейкі бұл жерден де кетпекші болады.
Өлерінің алдында Жыланшық бойында отырған біздің үйге соқты. Маған өзімен бірге ере кетуімді талап етті. Сонда мен: «Кейкі аға, бұл тозақтан қайда қашып құтыламыз, бірнеше ата баласы маған қарап отырған жайы бар. Мен оларды қайда тастаймын», – дедім. Кейкі: «кешегі Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында сенің де батырлығыңа тәнті болып едім, сені өзіммен бірге алып кетуге шешім қабылдадым», – деді. Мен оған келіспейтінімді білдіріп едім, түсі сұп-сұр болып кеткен ол «онда әкеңнің қанын жүктеймін» деді. Кейкінің әйелі Ақжан сұлу: «Батыр, сауға, сауға, ішімдегі келер күннің есігін ашатын сәбиіміз үшін Қаршыға әкейді тірі қалдыруыңды өтінемін. Ал егер өлтіремін десең, мені де бірге өлтір, батыр, райыңнан қайт!» – деді. Кейкі үн-түнсіз қалды. Сөйтіп, Ақжан әкемді аман алып қалды!

Келесі күні Кейкі батыр қуғыншылардың қолынан «Жалаулы» деген жерде айуандықпен өлтірілді. 1923 жылдың көктемінде арнайы тапсырмамен өзін алдап қолға түсіруге келген комиссар А.Токаревтің сөзіне сеніп, Торғайға оралған Кейкі жолда оның шын ниетін сезіп қалып, Александр Токаревті сол жерде атып тастайды (мұның алдында жанында тілмәштыққа қалдырған бір ноғай жігітінен басқа қасындағы сарбаздарын таратып жіберген болатын). Бірақ Кейкінің ізіне түсіп, артынан алыстан аңдып еріп келе жатқан қызылдардың 30 шақты солдаты оны сол күні түнде жатқан жерінде қоршап алып, аса қатыгездікпен өлтіреді.
Оқиға былай болған еді.

Қоршауға алған жауларына қоржын үйдің екі терезесінен алма-кезек оқ жаудырған Кейкі оларға алдырмауға айналды, Ақжан мылтықты оқтап беріп тұрды. Кейкінің қасында манағы ноғай жігіті де бар болатын. Бір уақытта қызыл әскерлер Кейкі түсінбесін деп оған орысшалап тіл қатты: «Пәленбай, жан керек болса, ұмтыл да, Кейкінің қолындағы мылтықтың үнін өшір, біз сол сәтте лап қойып, оны қарусыздандырамыз. Олай етпеген жағдайда өз обалың өзіңе, ал айтқанымызды істесең, тірі қалдырамыз», – деді. Бір мезетте жаңағы сатқын Кейкінің ту сыртынан қапсыра құшақтап ұстап алады. Қасындағы адамнан мынадай іс-әрекетті күтпеген Кейкі босануға ұмтыла беруі сол еді, қызыл әскердің мергені дәл маңдайдан атып жіберді.
Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алды. Кейкінің өзін ғана өлтіріп қоймай, аяғы ауыр әйелін де қинап өлтіреді.

Кейкінің айы-күні жетіп отырған әйелінің қарнып жарып жіберіп, іштегі тумаған баласын да асқан қорлықпен күл-паршасын шығарып, найзамен түйреп-шаншиды.
Кейкі батырдың басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық алаңына сырыққа шаншып қояды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға жөнелтеді, ал 1926 жылы республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петерборға алып кеткен. Ол қазір Санкт-Петербордағы антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы деседі.

Не деген жауыздық! Ай, Алла-ай, «жақсының кетіп, жаманның қалған» кезі ғой бұл. Қолдан келер не қайран, сонымен, Ұлы Жыланшық бойында аң-құс аулап, тіршілігімді жалғастыра бердім. Осы бетіммен бұл өмірім кәмпескеге дейін жалғасты. 1928 жылы ел ішіндегі байлардың бәрі кәмпескеге ұшырағаннан кейін Аққұм-Жыланшық бойының халқы бас сауғалап қашты. Қашқаны қашқан, қашпағаны малынан айырылып, халық тақыр кедейге айнала бастайды. Өзен бойындағы баяғы көп халықтың қатары сирей берді.
Сөйтіп, 30-жылдардағы ашаршылық та басталды. Қолындағы соңғы малын талғажу қылып, өмірден күдер үзіп, не істерін білмей талай адам ажал құшты. Кешегі бір болыс елден тірі жан да қалмауға айналды! Қайда барсаң да «Қорқыттың көрі» демекші, елден кетсем басқа жерде мені кім күтіп тұр дейсіз.
Енді әр отбасы өз тірлігін күйттеп кеткен заман болды. Бозала таңнан кешке дейінгі бар ісім – даланың аң-құсын ату, аулау, сондағы ойым – үйдегі шиеттей үш баланың қамы ғой. Қолға түскен аң-құстың етін қақтап, өлместің күнін кешіп жаттық.
Бірде ел-жұртсыз қалған Мешіт ауылының жанындағы Дәруіштен (бұл бір биікте, жол үстінде қойылған жолаушының моласы деседі, жас кезімде Ұлытау жаққа барғанда Жошы ханның мазарын көріп едім, стилі жағынан соған ұқсайтын сияқты, уақыты да сол кездікі, өзі де биік, алыстан менмұндалап тұрады, бұл ел Дәруіштің кім, қайдан келгенін де білмейді) өте беруім сол еді, жаяу кетіп бара жатқан біреуді көзім шалды. Бұл маңда тірі жан қалмағаны мәлім, «жын ба, шайтан ба, әлде аштықтан көзім қарауытты ма?» деп тесіле қарап мен тұрмын. Сұлбасы адамға ұқсайды, бірақ жүрісі баяу, біресе отырады, біресе тұрады. Не де болса, жақынырақ тақайын деп ойладым. Сөйткен жолаушым көршілес Көкалат ауылындағы рулас ағайындардың бірі, өзім танитын Қарға деген кісі екен.
Шашы өскен, көз жанары солуға айналған, үсті басы алба-жұлба, түрінен адам шошырлық.
Жанына келдім де, аттан түсіп, «ассалаумағалекүм, аға» дедім. Ол тек ернін ғана жыбырлатты, сөйлеуге дәрмен де жоқ. Аз-кем шүйіркелескеннен кейін оны атқа мінгіздім де, өзім жаяу жүріп, үйге жол тарттық.

Аштык
Қарғаның айтқан әңгімесі адам шошырлық. Осы төңіректегі Мешіт ауылы, Көлқамыс ауылы, Қарақоға ауылы, Қарабидайық ауылы, Көкалат ауылы сияқты барлық ауылдардың халқы тентіреп кеткен, даладан саршұнақ теріп, тышқан аулауға айналған, ел ішінде кісі етін жегіштер де пайда болған. Бірі Қостанай, ал екіншісі Торғай деп жолға шыққан адамдар діттеген жерлеріне жете алмай, далада көмусіз қалған, әсіресе, балалар мен қарттарға қиын болыпты. «Басқа жерде бір үзім нан табамыз» деп, «жолыма қолбайлау болады» деп өз ішінен шыққан жалғыз баласын суға лақтырып жібергендер де болған. Өзі де тентіреп, Ұлытау жаққа бет алған түрі екен. Ағамызды бір-екі апта күтіп, күп болып ісініп кеткен жараларын емдеп, жолына жетерлік азық-түлік беріп, 80 шақырымдағы өз ауылына қоя бердім. Тірі жан тіршілігін істеуі керек қой. Сол жылы түздің аң-құсы да азаюға айналды, енді бәйбішем Ақтоты екеуміз аң аулауға бірге шығатын болдық. Үш баланы бір Аллаға тапсырып, үйдің сыртына сырық қоямыз да, таңнан кешке дейін аң аулаймыз.
Сөйтіп, өлместің күйін кешіп жатқан түріміз бар еді.
Бірде Ақтоты екеуміз қақтан айналып өте беруіміз мұң екен, аттылы екі кісіні көзіміз шалды. Дәуде болса бұлар тегін жүрген адамдар емес екенін түсіндім де, Ақтотыға: «сен қаш, ал мен өліспей беріспеспін!» – дедім. Қолымда шолақ мылтығым бар, дайындалып тұрмын. Ақтоты «қош бол, отағасы, аман болсам балаларды тірі алып қалармын» деді. Мен «тезірек кет» деген ыңғай білдірдім.
Аттылы кісілер алыстан айғайлап: «әй, Бүркіт, қолыңдағы мылтығыңды таста, біз саған тимейміз, балаларың біздің қолымызда», – деді. Не істерімді білмеймін, көзім қарауытып кетті. Көз алдыма қошақандарымның бейнелері келгенде, көзімнен жас ыршып түсті. Амал нешік, қаруымды тастадым. Тек айтқаным: «балаларды өлтірмеңдер!» – дедім. Бұларды таныдым. Бірі түнеугүні даладан тауып алып, неше күн бойы бағып-қағып, ауруынан емдем, жолына азығын беріп, еліне қоя берген Қарға ағам емес пе? Ал екіншісі кезінде (1916 жылы) мыңбасы болған атақты Қырғи деген кісі. Талай рет жауға бірге шығып, қаншама қан майданда болсақ та, аздаған тірі қалғандардың бірі мен болсам, тағы сондайлардың бірі осы – Қырғи еді.
Амал жоқ, қаруымды жерге тастадым. Сөйтсем бұлар екеу емес, үшеу екен, біреуін біздің үйге қарауыл қылып тастаған екен де, екеуі біздің ізімізді аңдып, даладан ұстаған түрі екен (үйде болса әлдеқандай іс туып, ушығып кетеді деді ме екен, онысын білмедім).

Қырғи маған қарап «түнеугүні Қарға сендердің жағдайларыңды айтып келген, бақуатты тұрып жатқан түрлерің бар. Қысқаша айтқанда, мылтығыңды және бүкіл қорларыңды – азық-түліктеріңді алып кетеміз. Өздеріңді өлтірмейміз» деді.
«Бүгін осында қонып, таң ата елге кетеміз» деді.
Түн ортасында төсектен үш рет тұрып, үш рет жаттым.
1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі кезінде ауыл үстін басып кіріп келген бір топ казак-орысты киіз үй ішінде отырған жерінен сұлатып тастағанымыз бар еді. Қазақ қазақтың қанын қалай жүктейді?! Алла мұнымды қош көрмес деп кісі қанын жүктемедім, басқа түссе баспақшыл деп мылтықсыз, азықсыз ен далада үш ботам – Сұңқар, Торғайбек, Лашын және әйелім, сосын мен – бесеуміз көздеріміз жәудіреп, ендігі күніміз не болады деп мүсәпір күйге түстік.
Бұрыннан бір шиті мылтығымды Дәруіштің моласына апарын тығып тастап кеткенмін. Аллаға мың шүкіршілік етіп, аман қалғанымызға өзіміз де сенбей, қайтадан аң-құс аулауға шықтық. Бұл 1932 жылдың күзі болатын.
Атып алар аң да кезікпейді, өзенде балық та жоқ, ашығуға айналдық.
Сөйтіп жүргенде балапандарымыздан айырылып қалдық. Мана айттым ғой, аңға кеткенде үйдің сыртынан бекітіп кететінбіз.
Күздің бір суығында кештетіп Ақтоты екеуміз үйге келсек, үйдің орнында тек күл қалған. Қандай да бір себептен өрт шығып, үшеуі де отқа күйіп кеткен. Балаларымыздан осылай бір күнде айырып қалдық!
Мынадай сұмдықтан кейін Ақтотының есі ауып кетті. Енді оны жалғыз қалай тастаймын, амалдап қос тігіп, ен далада жата бердік. Азын-аулақ аң етін пісіріп, талғажу қылдық. Ақтоты селқос, тамақ та ішпейді, қысқаша айтқанда, бұл дүниенің адамы емес. Не керек, бәрінен бас тартып, отырған жерінде тіл тартпай ана дүниеге кетті!
Әйелімнің сүйегін баяғы Мешіт ауылының жанындағы қорымға апарып жерледім. Астымдағы атымды босатып қоя беріп, қайғы-мұңға батып, не істерімді білмей жүргенде, ол «ит-құсқа» жем болды.
Амалым жоқ. Қосыма қайтып келдім. Аңды алғанымнан алмағаным көп болып, қорексіз, қатты ашығуға айналдым. Осындай қанша күн аш жатып, әлсіреп, бір сәтте көзім жұмылып, ұйқыға ілініп кетіппін. Бір мезетте көз алдымда бірдеңе бұлдырайды. Құдай-ау, бұл жын ба, шайтан ба, әлде адам ба?! Тұрайын десем, денем ауыр тартады. Бірнеше күн нәр татқаным жоқ, тұрудан да қалған едім. Мылтығымды алайын десем, қолымды көтере алар емеспін. Жаңағы жыбырлаған бәле тура алдыма келді. Мен қозғалмастан жатырмын. Құдай-ау, мынау қасқыр ғой! Мені өлдіге санап, жеуге оқталып жатыр екен. Енді анық көрдім. Иә, түз тағысы!
Кездігімді суырып алдым да, көз алдымдағы қасқырдың дәл жүрек тұсына сұқтым. Сұққылап жатырмын, қанша сұққылағанымды бір құдай біледі.
Өлім мен өмірдің, түз тағысы мен үй тағысының арпалыс сәті!
Қасқырдың жүрегін суырып алып, жедім де, жан даусыммен айғай салдым: «Мен тірімен!»

Иә, мен өлген жоқпын!

P.S. Мың өліп, мың тірілген қазақтың бір баласының басынан кешкендерінің бір парасы осындай еді!

   
0
0
1735

Валера мен Юра және Сергей туралы

1-cурет. Ауылым - туған мекенім!

Менің ауылым қияндағы, Астанадан 1000 шақырым жердегі бір ауыл. Ондай ауылдар Қазақстанның әр түпкірінде кездеседі.
Әңгіме сол ауылдың балалары, дұрысы өзіміз қатар өскен Юра мен Валера және Сергей туралы еді.
Ауылымызда 10 шақты ғана өзге ұлт өкілдері тұратын, бір қызығы әке-шешелері бәлендей қазақша сөйлемейтін, бірақ балаларының сөздері мірдің оғындай болатын.

2-сурет. Біздің құрдастарымыз осы баладай еді. Фото Интернеттен алынды.

Бір күні Валера мен Юраның мынадай сұхбатына куә болғанбыз.
Валера Юраға "түйе" деп тиісіп жатыр екен (Юра құныс болатын), ал Юра оған "ешкі" деп жауап қайтарып жатты (терісінің сары болғанын меңзеп айтқаны).
Екеуі бір бірін мақалдап, жаңылтпаштап сөйлегенде басқа ұлт өкілі сөйлеп тұр деп тіптен ойламайсыз!
Кейін алтыншы сыныпта ма екен Валераның әке-шешесі қайтыс болды (фамилиясы Дзелевский болуы керек), үлкен кісілер ауылда алып қаламыз дегенмен, Кеңес Үкіметінің заңы қатты, Валераны Есіл деген қаланың балалар үйіне алып кетті. 
Түскен бойда орысша емес қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін орыс баласын (шынында әкесі поляк, шешесі белорус еді) "мұқұлаштың" астына алады. Және бұл жағдай күнде қайталанады, бірақ түптің түбінде өзінің қайсарлығымен Валера оларды мойындата алады.
Кейін есейгенде ауылға жыл сайын келіп трактордың рөліне отырып жұмыс та істеп жүрді. Бір заманда, ауылдан сән кеткен мезгілде оның қайда кеткенінен көз жазып қалдық. Біреулерден Қостанай жағында деп естідік.
Ал Сергей деген құрдасымыз оқушының озаты болатын, оны да көрмегелі қай заман?
Шынында өз қатарымыздағы оларды арамызда біреуіміз өзге ұлт өкілі деп бір жан кемсітіп көрмепті, ондай әңгіме тіптен болмайтын, шынында біз нағыз интернационалистерміз ғой, қазіргі "қазақ ұлтшылдарын" іздеушілердің пікірлерін оқығанда есіме түскені!

3-сурет. Бақытты балалық шақ!

0
0
1091

Наурыздағы ұлы той!

22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды.

Ұлы мерекені Жастар бастамаларын дамыту орталығы қала тұрғындарымен атап өтті. Тұрғындар мен қонақтарға дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары таратылды.Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнады. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтті. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталады деген ойдамыз.

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

1
1
1539

Гипертимезия- бәрін есте сақтау.

Ештеңені ұмыта алмайтын адамдар

Гипертимезия — адамның өз қалауынан тыс өмірінің ұсақ-түйектеріне дейін есіне сақтау қабілеті, психикалық синдром.

Мұндай синдромы бар адамдар өз өмірінің әр күнін егжей-тегжейіне дейін біледі екен. «Гипертимезия» термині гректің екі сөзінің бірігуі арқылы жасалған: «гипер» — тыс, және «тимезия» — жад.

Бүгінге дейін гипертемизия 25 адамда кездескен. Бірде Калифорния университетінің зерттеушілерне мынадай хат келген: «1980 жылдың 5 ақпанынан бастап барлығы есімде. Айтпақшы, ол сәрсенбі күні болатын». Бұл хаттың иесі 45 жасар американдық әйел Джилл Прайс.

Ол 12 жасынан бастап      өмірінің әр мезетін біледі,  ұсақ-түйекке дейін. Белгілі  бір күнді атасаңыз, сол күні   не болғанын, тіпті дәл сол     кезде теледидарда не  болып жатқанын жіпке  тізгендей айтып бере    алады.  Көптеген адамдар оның осы қабілетіне қызығатын көрінеді, бірақ өзінің айтуынша бұл біз ойлағандай керемет емес. «Адам барлығын бірдей есіне сақтағанда өмір сүру қиындай бастайды»,-дейді ол.

! Гипертимезияға шалдыққандар өз өмірбаянын толық білсе де, есте сақтауға байланысты стандартты сынақ-тесттерден оңай сүрінетін көрінеді.

 
0
0
888

Wordpressте сайт жасаудың кұпиялары

Сәлем менің сүйікті достарым жақын күндерде дайын болатын DVD курстарым сіздердің интернет әлемінде өз жұмыстарыңды бастауға арналған арнайы бийне сабақтар барлығы болашақта инфобизнесмен болам деп дайындалып жүрген достарыма таптырмас сабақтар болады
Бийне сабақ сайт жасау:http://qazaqinfo.ml/

1
0
556

Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы!

Наурыз құтты болсын немесе «Самарқандтың көк тасы» туралы!


1-сурет. Самарқандтағы Шердор медресесін Жалаңтөс баһадүр 1619-1636 жылдары салдырған.

Кішкентай кезімізде үлкен кісілер «Самарқандтың көк тасы еріді», енді міне Наурыз келді деп айтатын. Шынында ол сөзді тура мағынасында қабылдайтын едік. Кейін есейе келе зер салып қарасам, бірнеше мағынасында қолданылады екен.


2-сурет. Самарқандтың көк түсті қабырғалары.

1. «Самарқандтың көк тасы еріді» деген сөз тас екеш тастың өзі жібіді, ал адамдар бір біріне мейірімін төксін деген мағынада деп түсінемін.


3-сурет. Әмір Темір империясының орталығы - Самарқанд қаласы.

2. Тағы бір мағынасы былай деп айталады. Ескі бір заманда Мәуреннахрды билеген бір қазақ билеушісі (бәлкім, Жалаңтөс баһадүр болар) Наурыз күні өз тағынан түсіп, кез келген қарашыға (қарапайым адамға) бір күнге өз орын береді екен. Яғни, бір бәріміз Жаратушының алдында бәріміз теңбіз деген мағынаны білдірген болар.


4-сурет. Қайта қалпына келтірілген Әмір Темірдің бейнесі.

3. Самарқандта билеуші болған, атақты Әмір Темірдің ұрпағы Ұлықбек Самарқандта кезінде өз дәуіріне сай обсерватория салдырғаны мәлім. Мүмкін сол зерттеулерін жүргізген кезде дәл Наурыз күні – күн мен түннің теңесетін күні табиғаттың кереметі тастың өзі де жібуі мүмкін ғой.


5-сурет. Самарқандтағы Ұлықбек обсерваториясы.

Қалай десек те, Наурыз түркі-иран халықтарының төл мерекесі!
Әз Наурыз құтты болсын, достар!


1
0
5663