Мазмұнға өту

Жаңа

Атқарылған жұмыстар баяндалды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков журналистермен брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда біздің облысымызда 16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы Отар ауылында 2 сектор жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Сортөбе және Бурыл ауылдарындағы пошталы байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтер алуда. Жыл басынан бері облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 539 638 қызмет көрсетті. Оның ішіндегі 409 218 қызмет – электрондық үлгіде. Ал, 2015 жылы 2 026 0…

0
0
256

Жеке кредиттік есепті ХҚКО-нан ала аласыз

Кредиттік тарихынызды білгініз келе ма? Ол үшін несие алған банкке барудын қажеті жоқ. Енді әрбір тілек білдіруші ХҚКО-на келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады. Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі. Заннамаға сәйкес сіз күнтізбелік жылда бір рет өзіңіз туралы жеке кредиттік есепті тегін алуыңызға болады. Егер қайта алуға өтініш берсеңіз, бұл жағдайда БКБ кредиттік есепті сізге ақылы негізде береді. Жеке кредиттік есепті алу үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін жеке кредиттік есепті алу туралы өтінішпен қоса БКБ-…

0
0
486

Қазақстанда эпидемиялық паротитпен сырқаттану көрсеткіші төмендеп келеді

Халықты вакциналау шараларымен кең көлемде қамтудың нәтижесінде соңғы 20 жылда Қазақстанда індеттік паротитпен сырқаттанудың көрсеткіші 160 есеге төмендеді. Ағымдағы жылдың 2 айында ауру көрсеткіші өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25%-ға төмендеді (2015 жылдғы 2 айда 100 мың тұрғынға 8 жағдай, 2016 жылғы 2 айда 100 мың тұрғынға 6 жағдай). Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудың қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересек…

0
0
336

«Нұр Отан» атынан депутат болғандардың тізімі анықталды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңес бюросының отырысы өтіп, онда Мәжіліске "Нұр Отан" атынан баратын депутаттардың тізімі бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымына "Нұр Отан" партиясының атынан депутат болған азаматтар: 1. М.Айсина 2. З.Аманжолова 3. И.Аронова 4.С.Ахметов 5.Б.Әбдірайым 6.Н.Әбдіров 7.М.Әшімбаев 8.А.Базарбаев 9.З.Балиева 10.Е.Бектұрғанов 11.А.Бектұрғанов 12.Г.Бижанова 13.М.Бопазов 14.С.Бычкова 15.А.Дәуренбаев 16.Н.Дулатбеков 17.Ж.Дүйсебаев 18.С.Дьяченко 19.А.Ералиев 20.К.Ержан 21.М.Ерман 22.Б.Ертаев 23.К.Жабағиев 24.А.Жайылғанова 25.Қ.Жақыпов 26.А.Жамалов 27.Ж.Жарасов 28.Б.Жылқышиев 29.С.Звольский 30.Г.Иксанова 31.С.Имашева 32.Г.Исимбаева 33.П.Казанцев 34.Ф.Карат…

5
0
521

Мұхаммед Әлиді Исламға әкелген Малкольм Икс туралы білесіз бе?

Малкольмнің Исламға дейінгі өмірі Малкольм Литтл 1925 жылы 19 мамырда Небраска штатының Омаха қаласында дүниеге келген. Анасы мектепте ұстаздық етсе, әкесі баптист, яғни дін қызметкері болатын. Ол Американың қара нәсілділерді жануарға теңеп, адам қатарына қоспайтын кезі. Мұндай қысымға шыдай алмаған Эрл Литтл азат өмір сүру үшін қара нәсілділерді өздерінің тарихи отаны Африкаға қайтуға үгіттей бастайды. Оған алты ағасының төртеуі ақ нәсілділердің құлдығында қайтыс болғаны да себеп болса керек. Сонымен не керек, расистер Малкольмнің әкесіне де тыныштық бермеді. Үйін өртеп қоқан-лоққы көрсетті. Ақырында пойыздың рельсіне таңып, байлап тастап өлтірді. Бұл кезде Малкольмнің жасы небәрі алтыда болатын. Міне, осы кезден оның бойында ақ нәсілділерге деген өшпенділік қалыптасты. Малкольм тоғызға…

-3
0
1605

Күрес додасында Сыр сақшыларының мерейі үстем болды

Қызылорда қаласының Орталық алаңында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай қазақ күресінен 74 кг-ға дейінгі және 74 кг-нан жоғары салмақ дәрежелері бойынша облыстық деңгейде жарыс өткізілді. Жарысқа облысымыздың намысын қорғап жүрген белді спортшылармен қатар Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері де қатысты. Олар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін белдесу барысында байқатып, азулы қарсыластарын сыпыра жеңді. Нәтижесінде ақтық финалда өзара белдесіп, боз кілем төрінде хас шеберді анықтауға тырысты. Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша 74 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде І орынды әскери самбодан әлем біріншілігінің қола жүлдегері полиция капитаны Жалғасбаев Қайрат иеленсе, қарсыласына сәл ғана есе жіберіп алған дзюдодан Азия чемпионы полиция лейтенанты…

0
0
395

Электрондық цифрлық қолтаңба

Қазақстан Республикасының “Электрондық үкіметін” пайдаланушыларға кейбір мемлекеттік қызмет түрлеріне электрондық цифрлық қолтаңба керек. Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы. Қарапайым ғана мысал, кез-келген анықтама аларда, біз қолымызды қоямыз. Электрондық құжатқа да оған заңды күшін беру үшін қол қойылады. Ол үшін біз электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланамыз. Электрондық цифрлық қолтаңба –қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең. Бұл сіздің кәдімгі қолтаңбаңыздың скан-нұсқасы емес, ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажетті барлық ақпарат сақтаулы, мысалы, ЖСН және өзіне бірнеше цифрлық символдарды құр…

0
0
951

Туу туралы куәлік-өмірдегі ең алғашқы ресми төлқұжат

Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін баланың құқығын анықтайтын туу туралы куәлік құжаты қажет. Стандартқа сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет ұзақ күрделі атауға ие-"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"; Сонымен, ХҚКО-ға жүгіне отырып мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін: ата-ананың жеке куәліктері, неке туралы куәлік, туылуы туралы медециналық куәлік немесе туылу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі қажет. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. 2 жұмыс күннен кейін нәрестенің ең алғашқы ресми құжаты дайын болады. Сондай-ақ, ХҚКО-ға жүгіну уақытын «Электрондық Үкімет» порталында кезекті онлайн брондауға болады. «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша…

0
0
1155

Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады

Кәсіпкерлерге арналған ақпарат. Кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бармай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. Орындалу уақыты – 1 жұмыс күні. Патентті ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінген күн, яғни құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Айта кетейік, егер уақытыңыз тығыз болған жағдайда, кезекті брондау қызметі қарастырылған. Ол үшін, электрондық үкімет порталы арқылы өзіңізге қолайлы уақытты және ХҚКО-ны таңдай аласыз. ЭЦҚ болуы шарт емес. ХҚКО арқылы ресімдеу үшін тұтынушының өзімен бірге келесі құжаттар тізбесі болуы тиіс: патент есептеулері, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және патент құнын төлегені жөніндегі растау түбіртегі. Сондай-ақ, бұл қызметті «Электрондық Үкімет» порталында, Халық…

0
0
356

«Мәңгілік Ел» пойызы-Жамбыл жерінде

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай осыдан бір ай бұрын ел ордасы-Астана қаласынан жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы 30 елдімекенді артқа тастап, облысымыздың Жаңатас және Тараз қалаларына да аялдады. Делегация мүшелері бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі мекеме-кәсіпорындарда кездесулер өткізді. Құрамында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Әлібек Есенқұлов, облыстық филиалдың директоры Данияр Медетбеков бар топ кәсіпорынның облыстық филиалына қарасты №1 Тараз қалалық бөлімінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тиісті кеңестер берді. Толғандырған мәселелері бойынша нақты жауаптар қайтарды. Мысалы, жеке кәсіпкер Талғат Сүйіндіковтың тұрғылықты мекенжайы Астана қаласында екен. Еңбек демалысын Тараз қаласында өткізіп жатқ…

0
0
288