Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Ағымдағы жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК Солтүстік Қазақстан филиалының ұжымында семинар өткізді.
Кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының жаңашылдықтары, сонымен қатар халықаралық және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері әңгіме арқауы болды.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов, жыл басынан күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелеріне шолу жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мәселелеріне тереңірек тоқталды.
Сот медицинасы орталығының директоры М.А. Картов, өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуы, сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтердің сапасына қатаң бақылау жүргізілуі қажеттігін әріптестеріне кезекті рет ескертті.

Кездесу соңында семинар барысында туындаған бірқатар мәселелер талқыланды.
