Мазмұнға өту

Жаңа

Қылмыспен күресте күш-жігерді біріктіреміз

Бас прокуратураның Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Сергей Досполовпен сұхбат.

Әлемдік процестердің жаһандануы, көші-қон ағымының өсуі, халықтың мобильділігі, қылмыстық топтардың ықпал ету географиясының ұлғайып, мемлекет пен құрлық шекарасынан асуы үкіметтің өзге елдермен тиімді қарым-қатынас жасау үшін  нақты шаралар қабылдауын талап етеді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/makalalar/kylmyspen-kureste-kush-zhigerdi-biriktiremiz

0
0
332

Экипаж командирі апатты жағдайда ұшақты қалай қондырғанын айтып берді

Бүгін барша жұртты дүрліктірген әуе кемесіндегі төтенше жағдай орын алды. Bek Air компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы қону кезінде алдыңғы шассиі шықпай, апатты қонуға мәжбүр болды деп хабарлайды 24 арна.

Бортында 116 жолаушы бар әуе кемесі 50 минут көлемінде көкте қалықтап жүрген. Абырой болғанда, білікті ұшқыштың арқасында зардап шеккендер жоқ. Алайда Ақтөбе, Алматы және Бангкоктан Астанаға қатынайтын ұшақ рейстері кейінге шегерілді.
Таң сәріде Қызылордадан Астанаға шыққан Рашид Мамбетов бүгін аман қалғанына шүкіршілік етуде. Елордаға жақындаған бойда көкте қалықтаған ұшақта ақау барын жігіт ағасы бірден байқапты.
"Басында бір-екі айналым жасағаннан кейін, біз сездік дұрыс емес екендігін. Неге ұшақ қонбай жатыр деп. Содан кейін апатты қону болатындығы хабарланды. Енді дұрыс болды ғой деп қонғанына қуансақ, түскенде қорқынышты болды", - дейді  ұшақ жолаушысы Рашид Мамбетов.
Қорқынышты Рашидпен бірге ұшақ ішіндегі 116 жолаушы да өз басынан өткерді. Сапарға шыққандардың арасында сәбилер де болған. Бірнеше рет Астана аспанында қалықтап жүргенде, экипаж мүшелері жолаушыларға кәсіби тұрғыда көмек көрсетіпті.
"Ұшақ қызметкерлері өз жұмыстарын ұқыпты орындады. Төтенше жағдай туралы хабарланғаннан кейін олар барлығымызға қалай қимылдау керектігімізді түсіндірді. Салонда шу көтерген ешкім болған жоқ. Барлығы сәтті аяқталғанына қуаныштымын", - дейді ұшақ жолаушысы Ажар Арыстан.
Кейін белгілі болғандай, 50 минут бойы қона алмай, әуежай маңында қалықтап жүрген ұшақтың алдыңғы шассиі шықпай қалған. Экипаж қанша тырысқанымен, механикалық ақауды әуеде жөндеу мүмкін болмады. Үлкен тәуекелге барған ұшақ командирі ақыры алдыңғы дөңгелексіз қонуға мәжбүр болды.
"Негізі шасси қонуға 3-4 минут қалғанда шығуы керек. Алдыңғы дөңгелек шықпағаннан кейін, 40-45 минут көкте қалықтап жүруге мәжбүр болдық. Ал қону барысы әдеттегідей болды. Тек мен кабинаны жоғары жоғары ұстауға тырыстым. Әйтпегенде өрт шығу қаупі бар еді", - дейді BekAir компаниясының ұшқышы Дмитрий Родин.
"Бұл менің өмірімді бірінші рет болды, қайталанғанын қаламаймын. Бұл сирек кездесетін құбылыс. Менің жолым болды. Мен училищені аяқтағаннан бері авиациядамын. Ал осы әуе компаниясында жұмыс істеп жатқаныма екінші жыл. Қазір шассидің неліктен істен шыққаны анықталып жатыр. Бұл - техникалық ақау. Мұндай жағдайларға бізде нұсқаулықтар көп, біз сондағы ереже бойынша әрекет еттік, осылайша қонуға тура келді. Ұшақтың басын соңына дейін түсіруге тырыстым, өзі баяу ғана түсті. Елестетіп көріңіздерші, ұшақ үлкен жылдамдықпен асфальттің үстінде қонды. Әуежайдағы жолаққа көбік құйылды, бұл арнайы жасалды ", - деді Родин Tengrinews.kz тілшісіне.  Ол 1981 жылы авиация училищесін аяқтапты.
Абырой болғанда, өрт шыққан жоқ. Жолаушылар дін аман. Әуежай басшыларының айтуынша, мұндай нәтиже экипаж мүшелері мен құтқарушылардың бірлесе атқарған ерен еңбегінің арқасында ғана мүмкін болыпты.
"Ұшып-қону алаңына біз өрттің алдын алу үшін көбік шаштық. Ол өз кезегінде ұшақтың жұмсақ қонуына септігін тигізеді. Барлығымыз жұмыла кірісіп, апаттың алдын алдық", - дейді  «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Рәділбек Әдімолда.
Жалпы, әуежайда 21 арнайы техника мен 80 құтқарушы сақадай сай тұрды. Таңғы 10:00-ден бастап 13:20-ға дейін әуежай қызметі уақытша тоқтатылды. Ал қонуға келе жатқан тағы бес ұшақ дер кезінде өзге қалаларға жөнелтіліпті. Алайда апаттың алдын алу мәселе шешілді дегенді білдірмейді.
Оқиға орнына шұғыл жеткен еліміздің Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев зерттеу жұмыстарымен арнайы комиссия айналысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл факті бойынша еліміздің Бас көлік прокуратурасы қылмыстық іс қозғады.
1999 жылы VIP-рейстерді жүзеге асыратын компания ретінде құрылған Bek Air қазір Қазақстан нарығындағы тасымалдаушылардың бірі. Ішкі рейстер бойынша 12 бағытта ұшатын әуе компаниясы небәрі 7 Fokker 100 ұшағымен жабдықталған. Олардың техникалық жағдайы енді қатаң тексерілетін болады.

https://www.nur.kz/kk/1082364-ekipazh-komandiri-apatty-zhaghdayda-usha.html

4
0
669

Қазақстандықтарға бюджет ақшасы жаппай таратылса, не болады?

Жақында президент үкіметке «базалық табыс» деп аталатын жобаны қарастыруды тапсырған болатын. Оған сәйкес, бюджет ақшасы жұртқа жаппай таратылуы мүмкін. Бұл қадамның қандай тиімді-тиімсіз тұстары барын NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап тізбектейді.

Батыс елдері бюджет қаражатын барлық тұрғындарына тарату мәселесін шындап қарастыруға кіріскен. Кей мемлекеттер, тіпті ай сайын адам басына 1000 еуродан жоғары қаражат бөліп отырмақ. Олар осылайша, өмір сүруге қаражаты бар әр тұрғын өзінің сүйікті ісімен айналысатын болады деп сенеді.
Еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бүгінде бұл мәселенің егжей-тегжейін жан-жақты қарастыруда.
Егер елімізге "базалық табыс" жобасы енетін болса, жәрдемақы, зейнетақы, шәкіртақы жойылып, оның орнына еліміздің 17 миллион халқы ай сайын белгілі бір мөлшерде ақша алып тұрады.
Десе де, қазіргі экономикалық жағдайда бұл қазынаға ауыр тиері анық дейді сарапшылар. Әрі жұмыссыздық деңгейі де күрт өсіп кету қаупі бар.
Базалық табыс – ел бюджетіне түскен пайдадан жұрттың өз үлесін алуы деген сөз. Яғни, «бай», «кедей» деп бөлмей барлығына бірдей ай сайын төленетін ақша.
Шетелдік тәжірибе
Әзірге бұл жобаға толықтай өткен ел әлем бойынша жоқ. Сол себепті, үлгі алар мемлекет те, төлем жасаудың қалыптасқан механизмі де жоқ.  Дегенмен, мұнайлы елдерде осы жүйеге ұқсас өзіндік тәжірибе қалыптасқан.
Мәселен, араб елдерінде тұрғындарға жүз мыңдаған доллар қаражат бюджет есебінен бөлініп отырады. Оның өзінде бәріне емес, шарттарға сәйкес келетін тұрғындарға ғана (кәмелетке толғандарға - жер мен үй салуға қаражат, үйлену тойын өткізгісі келгендерге - 20 мың доллар қарыз, үшінші баласы дүниеге келген жағдайда қарыз толықтай өтелді деп есептелінеді).
Таза "базалық табыс" жүйесіне өтуге тырысқандар қатарында Намибияның Омитаре және Очиверо ауылдары бар. Олар тұрғындарына 2008 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың желтоқсанына дейін шамамен 9 еуро (100 намибийлік доллар) қаражат бөліп отырған. Нәтижесінде, ауылда қылмыс саны азайып, кәсіпкерлік өркендей түскен.
Ал жақында ғана бұл жобаны қолға алған ел - Нидерланд. Оның Утрехт қаласында 2016 жылдың қаңтарынан бастап барлық ересек тұрғындар ай сайын 900 еуро, ал ерлі-зайыптылар  - 1300 еуро алып тұрады. Дәл осындай жобаны Канаданың Онтарио қаласына енгізген.
Финляндия мен Швейцария елдері, тіптен тәуекелге бел бумақ. Олар 2017-2019 жылдары толықтай "базалық табыс" жүйесіне өтпек. Әзірге төлем мөлшері ай сайын 800 еуро болады деп күтілуде. Жазда өтетін референдумда халық бұл бастаманы қолдайтын болса, уақыт өте келе төлем мөлшері ай сайын 2250 еуро болып өсетін болады.
Еліміздегі тәжірибе
Ал Қазақстан билігі халыққа мұндай жоғары төлем жасай алатынына сарапшылар күмәнмен қарайды. Онымен қоса, тұрғындар жалқаулыққа беріліп, жұмыс істейтіндер қатары сирейді дейді олар.
"Бізде 2001 жылдан бастап адрестік әлеуметтік көмек жүзеге асырылды. Сол арада біз жұмыссыз жалқаулардың ұрпағын тәрбиелеп шықтық. Ата-аналар жәрдемақыны жалақы ретінде алып тұрды. Олардың балалары да жұмыс істеуге асықпай, бізден көмек сұрап келіп жатты", - дейді ШҚО әлеуметтік төлем бөлімінің басшысы Райхан Барлықова.
Дегенмен, маманның айтуынша, жәрдемақыны өз пайдасына асырып, жеке кәсібін дөңгелете алғандар да жоқ емес. Кейбірі шаштараз, азық-түлік өндірісі секілді бизнес ашып, өздерін қаржыландыра алатындай жағдайға жеткен.
Ал Денсаулық сақтау министрлігі болса, әзірге алдын ала сараптама жүргізіп, "базалық табыс" енгізілсе, елде жатып-ішерлер саны көбейеді деген тоқтамға келген.
Ал егер таза есеппен қарайтын болсақ, еліміздегі бюджет мөлшері - 6,5 трлн теңге. Яғни, 18 млн халыққа, шамамен жылына 361 мың теңгеден келеді. Ал айына 30 мың теңге. Оның өзінде полиция, медицина, жол жөндеу секілді салалар ел қалтасынан болмақ.
Саясаттанушы Петр Своик Финляндия мен Швейцарияда жағдай мүлдем өзгеше екенін алға тартты.
"Екі елде де "Форбс" тізімін бастаған миллиардерлер жоқ. Жаппай кедейлік те орын алмаған. Ал Қазақстанда байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Сондықтан "базалық табысқа" өту идеясының өзі ақылға қонымсыз", - дейді ол.

6
0
535

Новак мықты екен!

«Новак Джокович әуеден ұшып келген допты қалтасымен қағып алды», - деп хабарлайды 24.kz.
Ойын барысында түрлі әдістер арқылы жанкүйерлерінің көңілін көтеріп жүретін теннисші Новак Джокович бұл жолы да сол әдетінен танбады.
Майамиде өтіп жатқан турнирдің британдық Кайл Эдмандке қарсы матчында сербиялық ұшып келе жатқан допты қалтасымен қағып алды. Айта кетейік, бұл кездесуде Новак 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

«Новак Джокович әуеден ұшып келген допты қалтасымен қағып алды», - деп хабарлайды 24.kz. Ойын барысында түрлі әдістер арқылы жанкүйерлерінің көңілін көтеріп жүретін теннисші Новак Джокович бұл жолы да сол әдетінен танбады.Майамиде өтіп жатқан турнирдің британдық Кайл Эдмандке қарсы матчында сербиялық ұшып келе жатқан допты қалтасымен қағып алды. Айта кетейік, бұл кездесуде Новак 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

6
0
471

Асқазанда жиналған шаш 1 келіден асқан.......

Жамбылда 11 жас шамасындағы қыздың асқазанынан ақ халатты дәрігерлер ұзындығы 52 см, ал салмағы 1 келіден асатын шаш тапқан. Басында бұл қыз асқазанының ауратындығымен шағымданып, тексерілген болатын. Алайда, ол заттың не екендігін түсінбеген дәрігерлер ота жасауға кіріседі. Осындай оқиғаға тап болған дәрігерлерде жағаларын ұстап аң-таң. Бұндай жағдай елімізде әлі кездеспеген деседі.

2
0
689

Асыл Анам «Анама естелік» Аудио өлең

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Н. Еспанов «Тағдыр жолы» орын. Айбек Бекбосын

Бейнематериал авторы – Елена Уварова «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Асыл Анам, ардақты Анам,

Сағыныш, жарасын салып.

Сыздап тұр-ау, менің жарам,

Жалғыз, Наурызда қалып.

Төрт ай болды, кеткеніңе,

Сағындырып, мұңайтып.

Жете алмадым, дегеніме,

Сенсіз, қапыда қалып.

Ұлы мейрам, сенсіз өтіп,

Жанымды өртеп барады.

Әлі бүгін, сені күтіп,

Жылап жүрек, талады.

Бәрі дәмсіз, болды-ау мүлде,

Болмағасын қасымда.

Жұқардың-ау, қайран жүйке,

Өзің едің, барымда.

Күнде кешке, тілдесемін,

Сүретіңмен, үнсіз мұң.

Тек түсімде, мен көремін,

Түсінетін, мені түн.

Сырласамын, мен ақтарып,

Басып жатқан ойлармен.

Қуат күшке, толып алып,

Қарсы аламын, таңды мен.

1
1
1944

Үнділер құрлы жоқпыз ба? P.S. Баян Есентаева үшін жазылған пост

16089176400_67895b3eae_oМэри Ком 1983 жылы туған Үндістанның даңқты боксшысы. Бокс сүйер қауым үшін тұлғаға айналған дара спортшы. Мэри халықаралық додалардың жеңімпазы, әлемнің 5 дүркін чемпионы. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері. Мэри Ком Үндістанның Манипур штатына қарайтын Кангатхеи ауылында алғаш рет қолына қолғап киеді. Ол ауылда қыздардың спортпен айналысуы әдепсіздік болып саналатын. Ата-аналары рұқсат бермейтін. Бірақ, Мэри бокспен шұғылданып жүргенін әкесіне айтпайды. 2000 жылы Манипур штатында әйелдер арасындағы жарысқа қатысып, жеңімпаз атанады. Әкесі газеттен қызының суретін көріп, бокспен айналысатынын сол кезде бірақ біледі. Аздап ұрыс-керіс болады. Уақыт өте түсіністік танытып, қызына ақ батасын береді. Сол жылдан бастап Мэри әлемдік ареналарда жұдырықтасып, жүлдегер атана бастайды.

mcmarykoml

Боксшының қысқаша тарихы осындай. Биыл Рио олимпиадасында топ жарып, Үндістанға алтын медаль сыйлау басты мақсаты екен. Хош, Мэрриға сәттілік тілейміз. Арманына жетсін.

mary1

Айтайын дегенім, 2014 жылы Үндістан өзінің туын желбіретіп, әнұранын ойнатып жүрген Мэри Комның өмір жолы, спорттағы жетістігі туралы көркем фильм түсірді. Киноны көріп шықтым. Өте керемет, әсерлі туынды болыпты. Үнділердің ұлтжандылығы мен спортшыларына деген қолдауын осы кинодан-ақ біле берсе болатын шығар. Туын желбіретіп жүрген спортшысын насихаттады. Танымалдығын арттырды. Жастарының спортқа қызығушылығын оятты. Ең бастысы Мэриді көзі тірісінде құрметтеді. Рио олимпиадасында алтын алуға деген құштарлығын екі есеге ұлғайтты. Керемет емес пе?!

mary-kom-hindi-movie-poster

1280x720-h5X

28thsri_mary_kom_2082519f

Мынау киноның трейлері

Күшті, иә?! Ал бізде ше?! Біздің елімізде кино түсіруге лайық спортшылар бар ма?! Бұл тақырыпта қоятын сұрақ көп. Сол сияқты жауаптың да түр-түрін естуге болады. Бекзат Саттарханов туралы кино түсіріліп жатыр деп еді. Қазір тым-тырыс. Ермахан Ыбрайымов, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Генадий Галовкин, Серік Қонақбаев айта берсең көп. Осылардың әрқайсының алтынға жету жолындағы күресі туралы керемет кино түсіруге болады. Сол кино арқылы ұрпақты тәрбиелеуге болады. Сол кино арқылы жастарды ішімдіктен, нашақорлықтан сақтандыруға болады. Сол кино арқылы ұлтжандылықты оятуға болады.

phoca_thumb_l_4_n_n-650x350

d966c7e089d7b8c7ff8e8d8035b078c5(1)(1)

54dcc5770795ec8c70060952e6e138e2

Өкінішке қарай біз қазір спортшыларды тек клипқа ғана түсіріп жүрміз. Жеңіспен келгенде жаңалықтан айтып, 1-2 ток-шоудан көрсетіп, мектеп оқушыларымен кездестіріп қоямыз. Осымен насихаты бітті. Келесі жарыстан алтын алып келгенше ол туралы естімейміз. Туған ауылындағы билбордта да суреті тұрмайды. Жарайды, бұл басқа тақырып. Киноға оралайық. Бекзат Саттарханов туралы кино түсірілсе, оны көруге бармайтын қазақ болмайды. Көрермен Қанат Ислам туралы киноны іздеп келіп көреді. Егер киноны бизнес деп қарасақ, кеткен шығынды екі есе қылып қайтарып алуға болады.

IMG-20151111-WA0015Біз Үнділер құрлы жоқпыз ба? Олар олимпиаданың қола жүлдегерлеріне кино түсіріп жатыр. Бізде олимпиададан алтын алған спортшылар қаншама?! Еліміздің көк туын желбіретіп жүрген батырлар туралы өзіміз бір кино түсіре алмаймыз ба? Оларды біз дәріптемесек, Болливуд келіп Бекзат туралы, АҚШ келіп Қанат туралы, Француздар Жақсылық туралы кино түсіріп бермейді ғой. Ондай кино түсіру үшін ойдан оқиға құрастырудың да керегі жоқ. Біздің спортшылардың өмірі дайын кино. Шіркін-ай, қазақ спортшылары туралы кино түсіруді біреу қолға алса екен?!
P.S. Баян ханым, бұл жоба сіздің қолыңыздан келеді деп ойлаймын. Биыл не келесі жылы жобаны қолға алсаңыз, қуанар едік!

1
0
752

Кiтапхана және менiң балалығым.

Балалық - бiздiң ең шуақты, бақытты күндерiмiз. Балалық - пәктiк, таза ой мен ниет, өмiрге деген шынайы көзқарас. Бала күннен бастап баланың бойына бар жақсыны сiңiретiн, үйрететiн ата-ана, және жаманды да көрсететiн де сол ең жақын жандар.
Мен мақтанышпен айта алатыным, әке-шешем өте қарапайым кiсiлер болғанымен маған өнердi, кiтаптарды сүюдi үйреттi. Иә, әкемнiң кiтаптарға деген құштарлығын көрiп, менде кiтап оқуға талпынатынмын.
Менiң айқын есiмде қалғаны, мектепте оқып жүрген кездерi балалар далада ойнап абыр-сабыр болып жатса, мен терең ойға батып кiтапханада жүретiнмiн. Мен үшiн кiтапхана киелi мекен едi. Жүрегiм, жан-дүнием шаттанатын.
Әкемнiң менiң бойыма сiңiргенi кiтаптарға деген шексiз махаббат. Бала күнiмде өте көп кiтап оқыдым, ол кезде компьютер, планшеттердiң болмағанына кейде қуанамын.
Мектеп қабырғасында жүрiп А.Дюма, Э.Хемингуей сияқты авторлардың кiтаптарын оқыдым. Дюманың романдары мен үшiн бiр керемет әлем едi. Қазiрде ұнатып оқимын, мен бұрында оқыған кiтаптарымды қайта оқығанды ұнатамын. Сөздiң ашығы қазiргi заманауи авторларды көп оқымаймын, себебi оларды ұнатпағаным емес, тек маған сол ескi шығармалардың ұнайтындығы.
Бұл постымда айтпақ болған ойым бала күнде өз балаңызға ненi үйретсеңiз, ол өмiр бойы соны өзiмен бiрге алып өтедi.
Мен екi ұлдың анасымын, Аллаға мың шүкiр. Үлкен ұлым төрт жаста, оның кiтап оқығанды ұнататындығы, оларды мәпелеп ұстайтыны менi қатты қуантады. Ұлдарымда өзiм сияқты кiтапханаларды, кiтаптарды сүйiп, ұнатса екен деймiн.
Тыныштық, кiтаптардың иiсi, әрбiр сөрелерде маңызы өте зор тарих сақталып тұрған жер, тарих тұнған жер кiтапхананы мен сүйемiн.

0
0
654

Өмір шіркін, өтіп жатыр, менен сұрамай «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Кентау Назарбек «Керуен-Ғұмыр» күйі

Күйді орындаған – Айбек Бекбосын

Бейнематериал авторы – Ministry of Foreign Affairs Kazakhstan

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Жарық күнге, бір қуанып,

Атқане таңға, бір қуанып.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Гүл исіне бір қуанып,

Бал сезмге бір тамсанып.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Бірде ренжіп, бірде жылап,

Тік тұра алмай, бірде құлап.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Бірде күйіп, бірде тоңып,

Қилы жолда, боран соғып.

Өмір шіркін, өтіп жатыр,

Менен сұрамай.

Бір күн жаным, кетер ұшып,

Ағып түскен, жұлдыздай.

Артта қалар, зарлап талып,

Қалт-құлт еткен, арман-ай.

1
4
4950

Қырғызстан қазақтары туралы не білеміз?

1-сурет. Қазақ-қырғыз байрағы.

Дүние жүзінің әр түпкіріне тарыдай шашылған қазақтар көрші әрі бауырлас ел Қырғызстанда да тұрып жатыр.

Егер қазақ диаспорасының шетелдегі саны бойынша бірінші орынды Қытай қазақтары, одан кейін Өзбекстан қазақтары, үшінші орынды Ресей қазақтары, төртінші орынды Монғолия қазақтары алатын болса, қазіргі уақытта Түркіменстандағы бауырластарымыздың елімізге жаппай оралуына байланысты бесінші орынға Қырғызстан қазақтары шықты.

Қырғызстан қазақтарының ресми саны 46 мың көлемінде, бірақ нақты саны жүз мың деп нық сеніммен айта аламыз. Әрине, мұндай алшақтық қайдан шықты деген сұрақтың туындауы заңды да?

Жалпы, Қырғызстандағы қазақтар ол елдің барлық аумағында кездеседі, ал негізінен Шу, Ыстықкөл, Талас облыстары мен Бішкек қаласында көбірек қоныстанған (тек Бішкектің өзінде он үш мың шамасында қазақ тұрады).

Тілдік және сана жағынан алатын болсақ жоғарыда айтып кеткендей 46 мың қазақ - ол төлқұжатына қазақ болып жазылған қазақтар да, қалғаны өзінің қазақ екенін білетін, әртүрлі жағдайда қырғыз болып жүрген, бірақ ассимиляцияның әртүрлі деңгейіндегі қазақтар. Неліктен қалғаны басқа ұлт болып жазылып жүр деген мәселеге келетін болсақ, мұның көптеген себептері бар. Қазақ пен қырғыз қойы қоралас, ауылы аралас болғандықтан аралас некеде кездесетіні де шындық. Алайда, қазақтар Қырғызстан аумағында бұрыннан бері тұрады. Бірақ, қазақтардың 1930 жылдардағы аштық кезінде Қазақстан аумағынан көптеп кетуі Қырғызстандағы қазақтар санын өсірді. Мұның өзінде аштықтан тірі қалған, аман-есен жеткен қазақтар ғана болатын. Бұрынғы жыл Елбасы репрессия құрбандарымен кездесуі кезінде 20 ғасырда қазақ халқы өзінің 70 пайызын жоғалтқанын атап өткені мәлім. Қынадай қырылған қыр қазағын «қызылдар» алдарынан тосқауыл жасап талап рет пулеметпен жусатқаны жазылып, хатпен баяндалып қалған. ГПУ-дің арнайы қаулысымен аштықтан қырылған қазақтарды өткізбеу үшін пулеметтік-қоршау отрядтары құрылған. Сол қанды қырғындарға қатысқан «қызыл әскер» жауынгері көп уақыт өте келе былай дейді (оның айтқан сөзін сол қалпында беруді жөн көрдім): «На вершине холма отряд остановился. Жуткая картина предстала перед нами. Караван кибиток, набитых детьми, стариками, женщинами, под охраной всадников - мужчин, спустился с песчаных холмов к пересохшему ручью и тут был встречен огнем пулемета, установленного на вершине большого бархана. Это был отличный пулеметчик. Перестрелянные лошади, люди, ползающие и визжащие женщины, орущие дети, вой и проклятья мужчин. Некоторые из них, человек пять с оружием, пытаются отстреливаться, чтобы спасти своих родных и падают от меткого огня стрелка. Пулеметчик не жалеет никого. Вот свалилась маленькая девочка, спасающего своего маленького братца, вот попало старухе, прятавшейся за кибиткой, вот... впрочем...
Из-за наших спин выскакивает, прорвавшийся через стада Джаркентский эскадрон и несется на остановившиеся кибитки. Тут начинается настоящая резня, бойцы рубят все, что осталось живым».

Бұған басқа не қосуға болады?!

2-сурет. "Манас" жырын насихаттаушы Мұхтар Әуезов.

Ал жалпы, егер бес жарым миллионға жуық Қырғызстан азаматтарының саны бойынша әрине бірінші орынды қырғыздар алатын болса, ал екінші орында өзбектер тұр, одан кейін үшінші орында орыстар иеленетін болса, төртінші орынға қазақтар шықты.

Шоқан Уәлиханов өз саяхатында қырғыз халқының тұрмыс-тіршілігін суреттеп берген еді. Әлемге «Манасты» танытқан да ол еді. Ал кейін ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезов оны одан әрі насихаттауға көп еңбек сіңірді. Шәкәрім атамыз өз еңбектерінде қырғыз халқына қатысты да мәлімет беріп кеткені белгілі. Кейінгі кезде Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың достығы туралы да білеміз. Бұл екі адамның, екі ұлт өкілінің достығы ғана емес, қазақ-қырғыз бауырмалдығының бір көрінісі. Жалпы, қазақ-қырғыз қарым-қатынасы туралы көп жазылғандықтан оған тоқталу қажет емес, бірақ этникалық аралас-құраластық әуелден орын алғандығына тоқтала кетуді жөн көрдім. Мәселен, Сарыарқада «жаңа қырғыз», «бай қырғыз» деп аталатын қазақ рулары бар. Керісінше қырғыз арасында да «қазақ» деп аталатын ру да бар. Одан басқа қазақ халқының құрамындағы арғын, қыпшақ, қоңырат, қатаған, найман, қаракесек және т.б. ру-тайпаларды қырғыз арасынан да көреміз. Енді мына қызықты қараңыз Орта жүз ішіндегі арғын тайпасының таз, ақташы, қыпшақ тайпасының торыайғыр, сары руларын қырғыздың қыпшақ тайпасының арасын да кездестіруге болады. Қытайда «Тарбағатай қырғыздары» деген атпен белгілі қазақтар да сол байланыстың белгісіндей.

3-сурет. Қырғыз елін зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы.

Енді Қырғызстан қазақтарының алдында тұрған мәселелерге тоқталып кетсек.

Бірінші тіл мәселесі, өйткені қазіргі күні олардың жеке газет-журналдары не қандай да бір теле не радио хабарлары жоқ. Менің ойымша Қазақстандағы кейбір ірі диаспора өкілдерінің газеттері мен телерадио хабарлары мемлекет есебінен қаржыландырылатын ескере отырып, сырттағы, оның ішінде Қырғызстандағы қазақтардың баспасөзін ашуға және де қаржыландыруға болар еді.

Екінші, мектеп мәселесі. Қырғызстан қазақтары Бішкекте қазақ мектебін ашу туралы әңгімені қозғап келе жатқанымен «жабулы қазақ жабулы күйінде» қалып отыр. Сонымен қатар, қазақ тілін оқытып-үйрететін жексенбілік мектептерді көбірек ашу қажет.

Үшінші, елімізге қайтып келем деген қазақтарға барынша жағдай жасау. Сан мыңдаған қырғыз «гастарбайтерлеріне» (сыртта нәпақасын тауып жүрген қырғыздың саны 1 миллион болды) жұмыс тауып, отбасыларын асырауларына жағдай жасап отырған Қазақстан Үкіметі Қазақ еліне көшіп келем деген қазақтарды орналастыруға бар күшін салуы керек. Ресми деректерге қарағанда 1999-2009 жылдар аралығында Қазақстанға Қырғызстаннан төрт мың шамасында қазақтар көшіп келген. Саны одан да көп болуы мүмкін.

Төртінші жұмыссыздық мәселесі. Жалпы, қырғыз азаматтарының бестен бірі нәпақаларын сырттан тауып жүргенін ескере отырып, сондағы қазақ азаматтарына жұмыс көздерін қарастыру қажет. Қазіргі күні Қырғызстанға сырттан келіп жатқан инвестициялардың 80 пайызы Қазақстаннан екенін ескере отырып, бірінші кезекте оларды тарту қажет.
Қырғызстандағы қазақтар арасынан көптеген ғалым, саясатшы, мәдениет қайраткерлері көп шыққан, оларды екі елдің мүддесінде достық қарым-қатынастарын күшейту үшін барынша пайдалану қажет.

Қырғызстанда «Алаш» және «Отан» деп аталатын екі қазақ мәдени орталығы бар. Сырттағы барлық қазақ мәдени орталықтары сол елдермен байланыстың алтын көпіріне айналуы үшін сол орталықтарға Ел Үкіметі бар көмегін аямауы тиіс.

Қысқаша шолу жасаған кездегі Қырғызстандағы қазақтардың жай-күйі осындай.

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1. Серікқұл Қосақов «Қырғызстандағы қазақтар» («Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты, Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары»), Астана, 2008 жыл, 99-106 беттер.

2. Википедия интернет ресурсының Қырғызстанға қатысты материалдары.

3. www.akipress.org сайты

4. 24.kg ақпарат агенттігі

5. «Кабар» қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі.

4-сурет. Ыстықкөздің аспаннан түсірілген фотосы.

Барлық суреттер Интернеттен алынды!

1
0
5838