Мазмұнға өту

Жаңа

Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады

Кәсіпкерлерге арналған ақпарат. Кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бармай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. Орындалу уақыты – 1 жұмыс күні. Патентті ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінген күн, яғни құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Айта кетейік, егер уақытыңыз тығыз болған жағдайда, кезекті брондау қызметі қарастырылған. Ол үшін, электрондық үкімет порталы арқылы өзіңізге қолайлы уақытты және ХҚКО-ны таңдай аласыз. ЭЦҚ болуы шарт емес. ХҚКО арқылы ресімдеу үшін тұтынушының өзімен бірге келесі құжаттар тізбесі болуы тиіс: патент есептеулері, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және патент құнын төлегені жөніндегі растау түбіртегі. Сондай-ақ, бұл қызметті «Электрондық Үкімет» порталында, Халық…

0
0
240

Қызмет алу қолжетімді

«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында азаматтар е-қызметін өз бетінше алып, салықтар мен айыппұлдарды жабу, коммуналдық қызметтер төлемі және тағы да басқа электрондық сервистерді қолдана алады. 2015 жылы «Connection Point» секторында 474 333 электрондық анықтамалар берілді. Ал, 2016 жылдың басынан бастап 65 128 анықтама берілді. Сонымен қатар азаматтарға жасалып отырған қолайлы мүмкіндіктің бірі ретінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтің орындалу статусын бақылау және ХҚКО кезекті брондау функциясы енгізілді. Бөлімдерде азаматтар және бизнес өкілдеріне ыңғайлы болу үшін бизнес аймақтар жайластырылған, онда Wi-Fi сымсыз байланысы орнатылған. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде қоғамдық…

0
0
291

Жайлы жағдай жасалуда

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына баса мән берілген. Әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылды. Облыстық филиал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 260 тапсырыс қабылданып, 385 құжат қолға берілді. Сонымен қатар, ыммен сөйлесуді қажет ететін мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін арнайы 15 қызметке…

0
0
294

Мобильді ХҚКО-шалғай елдімекендерде

Өткен жылдың наурыз айында «Қазпочта» акционерлік қоғамы мен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы арасында меморандум жасалған болатын. Соның арқасында шалғай елді мекендердің тұрғындары мобильдік ХҚКО-лардың келуімен ХҚКО-лар көрсететін қызметтерді ғана емес, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау, зейнетақы төлемдері сияқты маңызды әлеуметтік қызметтерді де ала алатын болды. Сонымен қатар түрлі төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашу мүмкіндігі туды. Қазіргі таңда Жамбыл облысында шалғай елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда 9 мобильдік ХҚКО жұмыс атқаруда. 2015 жылы мобильді топ елді-мекендерге 927 рет шығып, 41 213 қызмет көрсетілді. Ал, 2016 жылдың басынан бері – 184 сапар ұйымдастырылып, 619…

0
0
357

Жүйелі жұмыстың жемісі

Татулығы мен достығы жарасқан, тұрақтылық пен рухани келісімнің алтын бесігіне айналған жас Қазақ елін бүгінде барша әлем біледі. Төл тәуелсіздігінің жиырма бес жылында еліміз өркендеу мен өсудің барлық кезеңінен табысты өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Тәуелсіздіктің тәтті дәмінің бірі де бірегейі-тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы. Қазіргі таңда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, еліміздегі барша ұлт пен ұлыстың қарым-қатынас тіліне айналды. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығына келетін өзге ұлт өкілдерінің қатарында мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді қалайтын азаматтардың көбейгендігі қуантады. «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы 2015 жылдың қорытындысына сәй»кес, мемлекеттік тілді дамыту бойынша «Ең үздік филиал» атағын жеңіп алды. Байқаудың 16 филиалдың арасында ө…

0
0
409

«Электронды үкімет» порталы

Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар, тіпті мобильдік телефонның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе. Елбасымыз айтқандай, «Электрондық үкімет» енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарылатады. Үшіншіден, қызметтің кәсібилігін жақсартады. Төртіншіден, салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу си…

0
0
517

Енді инвесторлар әр есікті бір қақпайды

Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК облыс бойынша филиалының №1 Тараз қалалық бөлімінде «Инвесторларға қызмет көрсету секторы» ашылып, жұмыс атқаруда. Жаңа секторда ағылшын тілін меңгерген 3 инспектор қызмет көрсетеді. Сектор жұмысын жандандыру мақсатында облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды – инновациялық дамыту басқармасы мен «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерімен кездесулер өткізіліп, шетелдік және отандық инвесторларға бірлесе қолдау көрсету туралы шешім қабылданған. Бұған қоса, инвесторларға қызмет көрсету секторының жұмысын күшейту үшін уәкілетті органдармен бірлесіп Ынтымақтастық меморандумын бекіту жоспарланған. Қазір бұл құжаттың жобасы талқылану үстінде. Енді инвесторларғ…

0
0
279

Жеке кредиттік есепті ХҚКО-нан ала аласыз

Кредиттік тарихынызды білгініз келе ма? Ол үшін несие алған банкке барудын қажеті жоқ. Енді әрбір тілек білдіруші ХҚКО-на келіп, өзінің кредиттік тарихы көрсетілген анықтаманы ала алады. Жеке кредиттік есепте кредиттер, олардың мерзімдері, сомалары, олар ресімделген банктер туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда клиент банк қарызын адал өтегені, төлемдердің уақытылы енгізілгені, мерзімін өткізіп алуларға жол берілген-берілмегені жөнінде көрсетіледі. Заннамаға сәйкес сіз күнтізбелік жылда бір рет өзіңіз туралы жеке кредиттік есепті тегін алуыңызға болады. Егер қайта алуға өтініш берсеңіз, бұл жағдайда БКБ кредиттік есепті сізге ақылы негізде береді. Жеке кредиттік есепті алу үшін ақының төленгендігін растайтын түбіртек көшірмесін жеке кредиттік есепті алу туралы өтінішпен қоса БКБ-…

0
0
317

Жаңа ғимараттың жайлылығы жоғары

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 16 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Жеке тоқталып айтқанда 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде. Сонымен қатар Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы Отар ауылында 2 сектор ашылған. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесі жылдан жылға жақсарып келеді. Соның жарқын мысалы биылғы жылы Меркі аудандық бөлімінің жаңа ғимаратқа орналасқанын айтуға болады. Меркі ауылындағы бұрын автобекет болған еңселі ғимарат толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне ұсынылып отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығы талапқа сай жаңа қондырғылармен және жиһаздармен жабдықталған. Жарық, жылы әрі кең күту залдарына жағалай орындықтар қойылған. Ескі орталық…

0
0
411

Атқарылған жұмыстар баяндалды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Данияр Медетбеков журналистермен брифинг өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таңда біздің облысымызда 16 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 4 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ ауылында және Қордай ауданындағы Отар ауылында 2 сектор жұмыс атқаруда. Сонымен қатар Сортөбе және Бурыл ауылдарындағы пошталы байланыс бөлімшесі арқылы тұрғындар мемлекеттік қызметтер алуда. Жыл басынан бері облыстағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 539 638 қызмет көрсетті. Оның ішіндегі 409 218 қызмет – электрондық үлгіде. Ал, 2015 жылы 2 026 0…

0
0
385