Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодарда «WorldSkills Kazakhstan» байқауы өз мәресіне жетті

Павлодар қаласында өңірлік «WorldSkills Kazakhstan» байқауы өз мәресіне жетті. 29 наурыз күні «Достық» концерттік залында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Павлодар облысының жастар саясаты мәселелелрі жөніндегі басқармасы мен Павлодар облысының білім беру басқармасы.

Өңірлік WorldSkills байқауы құзіреттіліктері бойынша үздік мамандарды таңдап алу үшін өткізілді. Олар WorldSkills стандарттары бойынша өткізілетін Ұлттық жарыстарда Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.

Марапаттау салтанатын өзінің алғы сөзімен облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ.Сәдібеков ашты. Ол барлық байқау қатысушыларын құттықтап, жас мамандар үшін чемпионаттың маңызды екенін атап өтті.

Павлодар облысында бұл байқау алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа техникалық-кәсіптік білім беру мекемелерінің және жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Байқау бірнеше құзіреттілік бойынша өткізілді:

Техникалық және кәсіптік оқу орындары үшін-бұл «Кірпіш салу», «Дәнекерлер технологиясы», «Шаштараздық өнер», «Мектепке дейінгі тәрбие», « Аспаздық іс».

Жоғарғы оқу орындары үшін–бұл «Құрғақ құрылыс және әрлеу жұмыстары», «Электромонтаж жұмыстары», «Веб-дизайн».

Байқауға 50 –ден астам колледж және ЖОО студенттері қатысты. Ол Павлодар және Ақсу қалаларының 8 алаңында өткізілді.

Әр номинацияның жеңімпаздары медаль мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.  Бірніші орынды иеленген жеңімпаздар шілде айында Астана қаласында өтетін ұлттық чемпионатқа жолдама алды.

Павлодар облысы жастарының жоғарғы дәрежедегі шеберліктерін көрсететініне сенімдіміз, оларға ұлттық чемпионатта сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Өңірлік байқау жеңімпаздары:

«Шаштараздық өнер»компетенциясы бойынша:

1 орын- ТоксамбаеваМадина, Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі

2 орын -Русакова Елена, Павлодар политехникалық колледжі

3 орын - Якимова Татьяна, Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі

«Аспазшылық іс»компетенциясы бойынша:

1 орын - ШалабаевМадияр, Павлодарсервис және тамақтандыру колледжі

2 орын - Шнайдер Алена, Ақсу қаласының Жаяу Мұса ат. колледжі

3 орын - Калинин Иван, Павлодар техникалық колледжі

«Мектепке дейінгі тәрбие» компетенциясы бойынша:

1 орын - Зағыпарова Калима, Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі

2 орын -Ловицкая Екатерина, Павлодар қ. Гуманитарлық-педагогикалық колледжі

3 орын -Аянова Эльмира, Екібастұз қ. ИнЕУ колледжі

«Кірпіш салу» компетенциясы бойынша:

1 орын - Мосс Валерий, Инновациялық Еуразия университетінің колледжі

2 орын - Абдешев Жанат, Инновациялық Еуразия университетінің колледжі

3 орын - Кәкенов Еркебулан, Инновациялық Еуразия университетінің колледжі

«Электромонтажжұмыстары» компетенциясы бойынша:

1 орын - Беломозов Дмитрий, Инновациялық Еуразия университетінің колледжі

2 орын - Бочкарев Олег, Монтаждық колледжі

3 орын - Мукашбеков Азамат, Монтаждық колледжі

«Құрғақ құрылыс және әктеу жұмыстары» компетенциясы бойынша:

1 орын - Сағынтай Ернұр, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

2 орын -Абилов Арман, құрылыс және коммуналдық шаруашылық колледжі

3 орын -Сәрсенбаев Мәди, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

«Веб-дизайн» компетенциясы бойынша:

1 орын - Мусырпек Мырзахмет, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

2 орын -Смаилов Руслан, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

3 орын -КултайУлтай, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

Павлодар облысының жастар саясаты

мәселелері жөніндегі басқармасы

1
0
1080

Осы тақырып бойынша

Павлодарда «WorldSkills Kazakhstan» байқауы өз мәресіне жетті - Yvision.kz