Мазмұнға өту

Жаңа

Қырғызстан қазақтары туралы не білеміз?

1-сурет. Қазақ-қырғыз байрағы. Дүние жүзінің әр түпкіріне тарыдай шашылған қазақтар көрші әрі бауырлас ел Қырғызстанда да тұрып жатыр. Егер қазақ диаспорасының шетелдегі саны бойынша бірінші орынды Қытай қазақтары, одан кейін Өзбекстан қазақтары, үшінші орынды Ресей қазақтары, төртінші орынды Монғолия қазақтары алатын болса, қазіргі уақытта Түркіменстандағы бауырластарымыздың елімізге жаппай оралуына байланысты бесінші орынға Қырғызстан қазақтары шықты. Қырғызстан қазақтарының ресми саны 46 мың көлемінде, бірақ нақты саны жүз мың деп нық сеніммен айта аламыз. Әрине, мұндай алшақтық қайдан шықты деген сұрақтың туындауы заңды да? Жалпы, Қырғызстандағы қазақтар ол елдің барлық аумағында кездеседі, ал негізінен Шу, Ыстықкөл, Талас облыстары мен Бішкек қаласында көбірек қоныстанған (тек Бішкек…

1
0
5768

РЕСЕЙ ҚАЗАҚТАРЫ немесе тағы да тіл мәселесі

1-сурет. Ресейдегі Құрманғазы ескерткіші. Ресейде қазақтар негізінен Қазақстанмен шекаралас аймақтардың бәрінде, яғни Алтайдан бастап Астраханьға дейінгі жерлерде тұрады. Ең алдымен мына мәселенің басын ашып алуымыз қажет, жалпы сырттағы қазақтардың басым көпшілігі өз ата-қоныстарында отыр, бұл әрине Ресей қазақтарына да қатысты. Ал атамекенінен тысқары кеткен қазақтар Әлемнің қай түпкірінде жүрсе де сол елдерде, мысалы, Стамбұлда «Қазақкентті», Ауғанстанда «Қазақ сарайын», Үндістанда «Қазақабадты» салды. Ресейде тұратын қазақтарды өңірлер бойынша таратып айтатын болсақ ең алдымен, Астрахань, Орынбор, Омбы, Саратов, Волгоград, Челябі, Самара, Қорған, Түмен, Новосібір, Мәскеу, Свердлов, Ростов, Томск облыстарында, Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында, Қалмақстан, Башқұртстан, Саха, Татар…

2
0
6143

Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Ағымдағы жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК Солтүстік Қазақстан филиалының ұжымында семинар өткізді. Кездесуде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының жаңашылдықтары, сонымен қатар халықаралық және қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі аспектілері әңгіме арқауы болды. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов, жыл басынан күшіне енген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі ережелеріне шолу жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы монито…

0
0
751

#bctaraz16 қалай өтті? Фоторепортаж.

Кезекті Блогқұрылтай биыл Тараз қаласында өтті. Республикалық шараға еліміздің түрлі өңірлерінен жиналған блогерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Тараз қаласына қоғамдық көлікпен кіріп келе жатқандағы панорама жүректі бірден жаулап алмаса да, жол бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көз жанарын ұрлады. Әрі қарай не көреміз екен деп автобекетке жеткенше терезеге телміріп отырдық :) Айтқандай Facebook те назардан тыс қалмады. Наурыз мерекесіне арналған тілектерді парақтап жатқан сәттен үзінді... Қонақ үйге орналасып тамақтануға осы шайханаға келдік. Сыртқы көрінісі маған кір деп тұрғанымен, ішінде ине шаншар орын жоқ. Ұсыныс пен шағым айтар болсам, официанттары аз, клиент көп. Мұндай жағдайда персонал санын көбейткен абзалырақ. Тағамдары өте тәтті. Мен әдеттегідей палауға…

0
0
2607

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинар өткізілді

2016 жылдың 24 наурыз күні  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                 іс-қимыл туралы заңының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау жүргізу мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар, шара барысында министрлік дайындаған арнайы сауалнама толтырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

 
0
0
442

ҚР ДСӘДМ жанынан медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жанынан әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу жөнінде Үйлестіру кеңесі құрылды. Аталған кеңесті құрудың басты мақсаты – Қазақстанда миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізу болып табылады. Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары: акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық, кардиологиялық, нейроинсульттік, травматологиялық, онкологиялық қызметтер саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, мемлекеттік саясатты жетілдіру; ҚР…

0
0
323

Тәңір Құтын іздеген.

Менің әкем Шауен 1920 жылы күнгей Тарбағатайдың баурайында, түгің тартсаң майы шығатын, кедей, жоқ-жітігі жоқ жерұйықтай Құлыстайды мекендеген Жұмық тайпасының төбе биі Мәсәлімнің (Мұхамед-Сәлімнің) шаңырағында тура 22 наурызында дүниеге келген екен. Азан шақырылып қойылған аты Наурыз Хан болыпты. Бұл есім, тіпті, мешіттің көне тәпсір кітабына да тіркелген. Бала кезінде еркелеп Науан аталып, кейіннең туылған айының арабша Шаабан айдарына байланысты Шағбан аталған екен. Осылайша, Наурыз Хан «Науан – Шағбан – Шәуенге» айналыпты. Осы есімі мәңгілікке жалғассын деп әулетіміздің кенжелерінің сойы да Шәуен болып қалды.Әкемнің өмірінде басқа да metamorphosis аз болмағанға ұқсайды.Ары қарай әңгімені қазақ әдебиетінің зәңгісі мен уаны, білгір, көреген, ғұлама Қабдеш-аға Жұмаділовтың айтқаны, жазға…

-1
1
3666

Қара шаңырақтағы білім додасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті 24-25 наурызда ҚР ЖОО арасында «5В050400 – журналистика» мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында дәстүрлі пәндік олимпиада өтіп жатыр. Дарындыларды даралайтын, талаттыларды екшейтін білім бәйгесіне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Күлтегін» командасы атынан Журналистика және саясаттану факультетінің озат студенттері Кенжебаева Назым, Тоқсанбек Әйгерім және Қоңқабаева Айнұр бақтарын сынап жатыр. Журналистика мамандығының сапасын арттыруды, талантты да білімді, үздік студенттерді анықтауды және студенттердің өзіндік ой-көзқарасын қалыптастыру мен креативті ойлау қабілетін арттыруды, журналистік шеберліктерін дамытуды, сондай-ақ, ақпарат ғасырына бейімделген болашақ журналистердің жаңа медианы меңгеру деңгейін анықтауды және қоғ…

0
0
365

Америкада Головкинді «бокс құмқабы» деп мазақ етті

Танымал боксшы кіші Флойд Мейвезердің әкесі үлкен Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкин рингте ұлына айтарлықтай бәсекелес бола алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Sports.kz.сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды. — Не себепті сіздің ұлыңыз орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туралы жиі айта бастады? — Ол Головкинмен қолғап түйістіруге ниетті емес. Оны сеніммен айта аламын. Ондай ірі жігітпен жекпе-жекке шығуды жоспарлаған емес. Олай істесе нағыз ақымақ болар еді. Мен оның Головкинді жеңе алатынына күмән келтірмеймін. Тек бұл жекпе-жекті барлық тұрғыдан қарастырып отырмын. Бұл жекпе-жектің болмауы әбден мүмкін. — Жаттықтырушы ретінде Головкиннің қабілетіне қандай баға берер едіңіз? — Мені бұрыс түсініп қалмаңыз, бірақ Головкин жеңілуі әбден мүмкін. Головкин Флойдтың со…

5
0
398

Қалам,бәйге, қалайсың?

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» атты республикалық пәндік олимпиада өтіп жатыр. Бұл олимпиада еліміздің әр аймағынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жоғары оқу орындарының ең үздік студенттерінен құралған командалар бақ сынауда. Олимпиада ережесі бойынша 1-турда «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистика негіздері», «Шетел журналистикасы», «Тележурналистика» бойынша бақтарын сынайтын болады. Ал, 2- турында: «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша өз шеберліктерін көрсететін болады. Болашақ журналистерге әділ бағасын беруге әзір отырған әділқазылар алқасы: Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университететі, ф.ғ.к., журналистика факультетінің деканы Медеубек Сағатбек, «Қ…

0
0
379