Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сараң жігітті қалай тануға болады

Ер-азаматтың көп кемшіліктерімен келісуге болады, бірақ сараңдығына көну мүмкін емес. Себебі тарихи қалыптасқан дәстүр бойынша ер адам әйелді асырауға міндет алады.

Кездесуге құр қол келетін, бала-шағасына ойыншық, әйеліне киім-кешек, әшекей, гүл әпермейтін сараң адамдар болады. Жалақысын әйеліне ұстатпайды, тіпті әйелінің ақшасын да өзі жұмсайды. Сауда-саттық кезінде бір тиын артық төлемейді, сауда орындарында тек жеңілдіктер мен акциялар бар тауарларды сатып алады.Садақа беру, құрбандық шалу, көмектесу, жанашырлық деген түсініктерден ада.

Сараң еркек тек дүниеге ғана емес, жан жылуына да жұтаң келеді. Олар ешқашан көңіліңді аулау үшін жылы сөздер айтпайды, комплимент дегенді білмейді. Көтермелеу, мақтау, еркелету дегенге жоқ. Болған күннің өзінде де өте-мөте сирек.  Сараңдық пен қызғаншақтық егіз қасиет болғандықтан, сараң адамдар басқаның жақсылығын көре алмайтын, іші тарлау болып келеді. Жарқылдап жүрмейтін, қарқылдап күлмейтін олар көбіне тұнжырап жүреді. Жанындағы жарының да жарқырап жүруіне көлеңкесін түсіреді. Аялауды аңсап тұратын әйел қауымы үшін, суық та сараң еркектер - нағыз тозақ. Мұндай жұптарда әйел өзін тордағы тотыдай сезінеді. Өмірінің қуанышты сәттері азаяды, сорлы әйел өзін қор санап, біртіндеп сола бастайды.

Сондықтан, айналайын құрбылар, алдыңда отырған азаматтың қандай екеніне әбден көз жеткізіп алып барып қана , тұрмыс құрыңдар.

0
0
3076

Осы тақырып бойынша

Сараң жігітті қалай тануға болады - Yvision.kz