Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО діни бірлестіктер клубтары басшыларының отырысы

2016 жылдың 25 наурызында Батыс Қазақстан облысы діни бірлестіктер басшыларының клубының отырысы өткізіліп, онда департамент өкілі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісіммен таныстырды.

Ашық келісімнің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Діни бірлестіктермен ынтымақтастықтың мақсаты – Қазақстан халқының мәдениетіне сыбайлас жемқорлықтың жат құбылыс екеніне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, діннің жемқорлықты қабылдамайтындығын жариялау.

Отырыс барысында діни бірлестіктермен рухани құндылықтарды ұстанып, оны күнделікті діни ғимараттарға келушілер арасында шынайы дәстүрлі рухани құндылықтар мен жоғары моральды, мәдениет пен білімді заң талаптарын құрметтейтін Қазақстан халқының патриотын тәрбиелеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетіндігі айтылды.

Шарада діни бірлестіктердің қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралды.

 
0
0
432

Осы тақырып бойынша

БҚО діни бірлестіктер клубтары басшыларының отырысы - Yvision.kz