БҚО-да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалар талқыланды
2016 жылдың 25 наурызда «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның ғимаратында «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, Батыс Қазақстан облысы бойынша прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаменттері басшылығы, үкіметтік емес ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық» РҚБ-нің облыстық филиалының басшысы М.Қайырғалиев дөңгелек үстел қатысушыларын Батыс Қазақстан облысында құрылған филиалдың міндеттері және жоспарларымен таныстырды.
Өз сөзінде Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин қатысушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында облыстағы заңдылықты сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетуге жүргізілген жалпы шаралардың қорытындысында көрсетілгендей, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылулары өткен жылдармен салыстырғанда 8,7 есе азайғандығы жөнінде ақпараттандырды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері органдарымен аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық көріністеріне профилактикалық және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын-алу бойынша ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, жемқорлық көріністерін төмендетуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған шаралар өткізуде екіжақта әрекеттестікке және әріптестікке дайын екендерін білдірді.
