Мазмұнға өту

Жаңа

Болашақ кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау

Ағымдағы жылғы 5 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының оқу жобасы шеңберінде тәлім алып жатқан болашақ кәсіпкерлерге семинар өткізді.

Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы А.Т. Қазбекова, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына Департамент тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізілетіндігін айтты, сондай-ақ ол мемлекеттік органдармен әрекет ету кезінде бизнес-субъектілері жиі тап болған әкімшілік тосқауылдардың бірқатары жойылғандығын жеткізді.

Ал сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.С. Байжанов, жиылғандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін реттейтін заңнамамен таныстырды. Әсіресе, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен қарым-қатынас жасау барысында туындау қаупі бар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне басты назар аударылды. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларға Департаменттің сенім телефоны, ресми интернет ресурсы және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары туралы мәлімет берілді.

«ДАМУ» қорының аталмыш оқу жобалары тұрақты негізде өткізіледі.

 
0
0
480

Ақмола облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасының тұсаукесері өтті

2016 жылдың 5 сәуірі күні А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі  - Департамент) басшысы Қ. Жапақовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша модельдік оқу бағдарламасын талқылау жөніндегі ақпараттық алаң өткізілді.

Іс-шараға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері М.Ахметқалиев Пәннің студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты,  мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанына қатысушылардың назарын аударды.

Пікірсайыс барысында ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.Субботина пәнді оқыту тәжірибесін жалғастырудың қажеттілігі туралы пікірімен бөлісті.

«Кредиттердің санын 2-ден 3-ке дейін көбейтуді, қосымша: «Сыбайлас жемқорлық адам құқықтарын бұзу факторы ретінде»;  «Сот жүйесінің сыбайлас жемқорлықты жоюдағы  рөлі»; «Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі»; «Бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі»; «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу» атты қосымша тақырыптарды енгізуді ұсынамыз», – деп сөзін түйіндеді  И.Субботина.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің тұсаукесері мен талқылануының қорытындылары бойынша университет әкімшілігі аталған тәжірибені жалғастыру және пәнді оқытуды мүдделі мемлекеттік органдардың,  мекемелер мен  ұйымдардың мамандарын тарта отырып  жетілдіру туралы шешім қабылдады.

0
0
618

Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық орталығының мамандары Астана қаласының балалары үшін есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізеді

2016 жылғы 6 және 20 сәуір аралығында ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық ғылыми-практикалық орталығының сурдопедагог, логопед, психолог және массажист мамандары Астана қаласының 20 баласы үшін өткізілетін оңалту іс-шаралары барысында  сөйлеу процессорларын икемге келтіретін болады.

Кохлеарлық имплантация жасалған балалар үшін есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізу ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің басты міндеттерінің бірі. Биылғы жылы мемлекет тарапынан республика бойынша 250 балаға есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын өткізу жоспарлануда.

Астана қаласында есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту процедуралары күн сайын сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін) Победа көшесі, 79 үйдің 2 қабатында  орналасқан «АКА» бизнес-орталығында өткізіледі.

Есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларына жазылу үшін Әлеуметтік оңалтуды дамытудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту бөлімінің басшысы Светлана Сейітоваға +7-777-260-25-66 тел. арқылы хабарласуға болады.

Кохлеарлық имплантат есту мүкісі бар пациенттерге естуге мүмкіндік беретін протез екенін естеріңізге саламыз. Қазіргі кезде Қазақстанда құлақ аурулары салдарынан мүгедек болып қалған 3 мыңға жуық бала бар.

2014 жылы Алматы қаласында кохлеарлық импланттары бар балаларға  есту және сөйлеуге бейімдеу оңалту шараларын жүргізетін «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМКМ құрылған болатын.

 
0
0
710

Жоғарғы Сот төрағасы Қ.Мәмимен сұхбат «Сот кепілі» Александр Тасболатов // «Егемен Қазақстан», 06.04.2016

«Қазақстандық сот төрелігі мен құқық тәртібі жүйесі ашықтық және кәсібилік тұрғысындағы жаңа сапаға ие болды. Қазақстандықтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын сотта қорғау деңгейі ендігі жерде ЭЫДҰ мемлекеттерінің жоғары стандарттарына сәйкес келеді».

http://sud.gov.kz/rus/node/101954

0
0
842

Сүйікті ақынның сүйікті өлеңі

Қысқа көйлек, қысқа ғана шашы да,

Қысылмайды құшағын да ашуға.

Кiм көрiнген, жақындаған, 

Ұқсайды -

Көк иттердiң қаншығы-ұрғашыға.

***

Анашасы - басын алған, шықты қыз:

- Эх, құрбым, жетi клиент..

Мықтымыз!

Күнде солай болса ғой..)

Шіркін, шіркін...

Көрiнбес ед, жоғымыз бен жұтымыз.

Жарайды.. Ертеңге қандай жоспарың?

- Ертең

...Келедi жiгiтiм, қосағым.

Ертiп келер, өзiменен достарын,

Сен де кел!. Кешкi сегiзде, 

Тосамын!

***

Екеуі,

Ұйықтап алған.. Күнiмен..

Тұрды жолда, 

Перiштедей түрiмен,

Күткен жігіт, көлікпенен келді тез:

Кастюм - шалбар, 

Бетте - күлкі.. Гүлімен..

- Сәлем! Жаным, отырыңдар тездетiп..

..Көлiк тартты ауылға да, лездетiп,

Қыздардың iшi сезiп - жамандықты,

Қорқынышпенен қарады, 

Ес кетiп:

- Жаным - дедi - қайда біздер барамыз?

- Қазiр күнім орамалды саламыз,

Қорықпа!) Қасындағы құрбыңды да,

Жан досыма, келiн етiп аламыз!

***

Жiгiттерiм! Байқаңдар-ау, байқаңдар!

Қыздардың iшiнде де-шайтан бар.

Алар болсаң, тектiсiн ал, арлысын...

Өмiр бойы өкiнiп-ақ қайтпаңдар!

Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ

https://www.instagram.com/bek_zhylkybaev/
3
0
2179

Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де,талап қыл!

Адам баласы жар және мамандық таңдаудан қателеспеуі қажет екенін бәріміз білеміз. Бірақ, өзімізге ұнамайтын мамандықта оқып, тіпті, сол сүймейтін мамандық бойынша жұмыс жасап жүрген жандар қаншама...

Мамандық таңдау – адамның жас кезінде жасалатын негізгі өмірлік таңдау, сондай-ақ, ол болашақтағы күнделікті өмірініз болатындықтан, мамандық таңдаған сәтте өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге, қызығушылықтарыңызға, не нәрсеге бейімдігіңізгді ескеріп, жақындарыңызбен ақылдаса отырып таңдағаныңыз дұрыс.

Сіздердің назарларыңызға ой саларлық бірнеше фото сурет ұсынғым келіп отыр.



3
0
4421

Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады!

-Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек?

– Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.

– Ал, сəлем салмаса ше?

– Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады!

– Келін міндетті түрде униформа (халат, ұзын көйлек, орамал) киіп, келін боп шауып жүруі керек пе?

– Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады! Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады! Алпыс екі тамырын иіткен ана болады! Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады! Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады!

– Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой!

– Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да,көңілдегіңді істе!

– Бəрін бір келін байғұсқа жүктейді қазақ!

– Е, балам! Жақсы келін ата-енесін бағады. Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады. Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны”болады. Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады. Əйел – келін болмаса, керім болмайды. Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды!

– Бəрі əйелге байланысты емес қой. Ер азамат та жəрдем беруі қажет!

– Дұрыс! Азамат таппаса – ақшада береке болмайды! Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды! Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды. Қылық сақтап, қымсынбайды. Айналасын жинайын деп ұмсынбайды! Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады! Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді. Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды.

Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел! Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел! Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады. Далада жүріп көп былыққа араласады. Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады. Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді. Ұрпағы ізетті болады.

 

3
1
1334

Бауырсақты қалай пісіреміз?

Бауырсақ пісірмейтін қазақ жоқ болар, сірә. Бауырсақты пісіру былай тұрсын, оны жақсы көрмейтін адам жоқ. Орыс болсын, кәріс болсын, барлық ұлт өкілдері бауырсақ көрсе, ауыз тимей кетпейді. Сол себепті қазақ дастарханының төрінде тұратын бауырсақты пісірудің өзімше рецептін сіздерге ұсынғалы отырмын.

Бауырсақ үшін қажетті азық – түлігіміз:

  • сұйық май
  • 1 жұмыртқа
  • қаймақ немесе майонез (қалауыңыз бойынша)
  • ұн
  • ашытқы
  • жылы су немесе сүтке де қамырды илеуге болады
  • қант
  • тұз

Қамырымызды дайындап аламыз.

Суға ашытқы, тұз , қант, қаймақ немесе майонез салып, араластырамыз. Үстінен ұнды қажетінше салып, жақсылап қамыр илейміз. Қамырдың бетін жауып көтерілгенше қойып қоямыз. Қамыр көтерілген соң зуала жасап (бөліктерге бөліп), қамырымызды жаямыз. Бауырсақты дөңгелектеп немесе төртбұрышты етіп кесуге де болады. Қазанымызға май құйып, майымыз қызған соң бауырсақтарымызды шетінен салып пісіреміз.

Асыңыз дәмді болсын!!!

3
0
2258

Шындықпен алданған күн

 

Өмір ғажап! Таң атысымен қарбаласқан адамдар. Сол адамдардың бірінің жүзі күледі, бірі жылайды, бірі қуанышты, бірі қайғылы, бірі бақытты. Әр таң атысымен әр адамның өз оқиғасы басталады. Ол - басты кейіпкер.  Бүгін өмірінің ең бақтты  кезеңін басынан өткерген адам, әлемнің екінші бір шетінде дәл сол уақытта өміріндегі ең қайғылы кезеңін басынан өткеріп жатқан тағы бір адам бар екенін білмейді. Бұл жер ғаламшарында өмір сүріп жатқан бүкіл адамзатқа тән құбылыс.

1 сәуір күлкі күні екенін білеміз. Барлығымыз «алдау күні» аталып кеткен 1 сәуірде ата-анамызды, аға-бауырымызды, апа-сіңілімізді және достарыңызды алдап күлкіге кенелген шақтарыңыз болған шығар. Бұл жағдай менің де басымнан сан рет өткен. Бір күнде бірнеше рет алданып опық жегеніме қарамастан кезекті бір дос-жарандарымның алдауына түсіп қалатынмын. Биыл да дәл осы күні әдетім бойынша бірнеше рет алданып енді алданбаймын деп отырғанда, туысым әрі сыныптас досым болып келетін баланың ағасының қайтыс болғанын естідім. Күлдім де бұл жолы алдауларына түспейтінімді айтым. Солай ұзақ сенбей жүрдім. Сөйтсек, бұл жаңалық таныстарымыздың бәріне тарап кеткен екен. Алайда сенген ешкім жоқ. Бұл жағдайдың шын екеніне ешкім де сенбеді. Бірақ бұл өтірік күні орын алған ащы шындық болып жықты. Небәрі жиырма алты жастағы жас баланың өмірден өткенін білгенде жүрегім дір етіп, денем түршігіп кетті. Ең қиыны не екенін білесіздер  ме сүйген жарының құлағына сырға салып, қазақы дәстүрмен келесі айда үйлену тойын өткізгелі отырған отбасының күйзелісі,  ата-анасына бұл жаңалық қалай жеткені, олардың көз-жасы. Артында қалған жары мен құрсағындағы сәбиі аман болсын деймін. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Күлкі күні күлкіге кенелтемін деп қиын жағдайға тап болмаңыздар.

 
2
0
420

Ламборгини Галлардо кімге бұйырады?

 

“Әлiбидiң iсi”  атанып бүкіл халықты қатыгездігімен таңқалдырған Жамалиевтің сот ісі аяқтыалды. Тамыз айының 7-сі күні кәсіпкер Қайрат Жамалиев 13 жылға ал, сыбайластары А.Әбілтаев – 12 жылға, А.Прибытков – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсем, Қайрат Жамалиев өзінің «ашынасына» көз салды деген мақсатта Әлібиді аяусыз ұрып-соғып, азаптап тіпті құлағын кесіп алған деген мәлімет аз уақытта бүкіл әлеуметтік желілерде таралып, танымал болды. Бұл оқиға жайында халықтың ойы екіге  бөлініп бірі жас баланы өлімші етіп сабаған кәсіпкерге лағынет айтса, енді бірі Жамалиевтіп бизнестегі өсу жолына кедергі болғысы келгендер әдейі ұйымдастырған деп жатты. Әрине, оқиғаның дұрыс бұрыстығын саралауды халықтың еншісіне қалдырғанымыз жөн болар.

Бүгінгі айтайын дегенім абақтыға қамалған Қайрат Жамалиевтің қымбат көлігі бір рет  аукционға шығарылып, қайта тоқтатылған болатын. Бұған себеп кәсіпкердің жары машинаның сатылуына шектеу қойды. Бірақ, арада біраз уақыт өткен соң 3 жылдан артық қолданылмаған жаңа спорткар қайта аукцион арқылы сатлымға қойылды. Судай жаңа Ламборгини Галлардоның бастапқы бағасы ретінде 238 миллион теңге қойылды. Бірақ машинаны сатып алуға әзірше ешбір адам ниет білдірмеген. Аты шулы оқиғадан кейін қымбат машинаны иеленуге  жасқанған болса да керек.

 

1
0
462