Ақмола облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасының тұсаукесері өтті
2016 жылдың 5 сәуірі күні А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ. Жапақовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша модельдік оқу бағдарламасын талқылау жөніндегі ақпараттық алаң өткізілді.
Іс-шараға А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері М.Ахметқалиев Пәннің студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанына қатысушылардың назарын аударды.
Пікірсайыс барысында ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.Субботина пәнді оқыту тәжірибесін жалғастырудың қажеттілігі туралы пікірімен бөлісті.
«Кредиттердің санын 2-ден 3-ке дейін көбейтуді, қосымша: «Сыбайлас жемқорлық адам құқықтарын бұзу факторы ретінде»; «Сот жүйесінің сыбайлас жемқорлықты жоюдағы рөлі»; «Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі»; «Бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі»; «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу» атты қосымша тақырыптарды енгізуді ұсынамыз», – деп сөзін түйіндеді И.Субботина.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің тұсаукесері мен талқылануының қорытындылары бойынша университет әкімшілігі аталған тәжірибені жалғастыру және пәнді оқытуды мүдделі мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын тарта отырып жетілдіру туралы шешім қабылдады.
