Мазмұнға өту

Жаңа

Педагогтарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының құқықтық мәдениеті жөнінде түсіндірілді

2016 жылдың 4 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекетітк қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Орал «Сервис» технологиялық колледжінде семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске колледж басшылығы мен оқытушылар құрамы және департаменттің өкілі М.Харесова қатысты.

Кездесу кезінде М.Харесова ҚР «Мемлекеттік қызмет» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдары туралы түсінік беріп, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді,  құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігіне аса назар аударды.

Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.

 

0
0
360

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментіндегі семинар

2016 жылдың 31 наурыз күні Департаментпен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жөнінде семинар-кеңес оздырылды.

Семинар барысында жаңа заңдағы жаңашылдықтармен және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық профилактикасы бағытында видео-роликтер көрсетілді.

Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілі Е.Төлепқалиев қатысты.

0
0
670

Жылқының жал-жаясын ұнататын жапондықтар

Бұл күнде қасиетті жылқы малының ерекшелігін жете меңгерген жапондар жал-жаяны жаппай тұтынады десем артық емес. Жылқы малы негізінен Хоккайдо, Нагоя, Аомори префектураларында арнайы жайылымдарда өсіріледі. Жапонияның таулы аймақтарының тұрғындары жылқы етін ең пайдалы өнім деп есептейді. Бұл елде ХІХ ғасырдың ортасынан бастап жылқы етінен дайындалған өнімдерді сататын арнайы дүкендер мен жал-жаядан жасалған ондаған тағам түрін әзірлейтін мейрамханалар көптеп ашыла бастады. Ал қала тұрғындарының жылқы етін жаппай пайдалануы 1950 жылдардан басталады.

parts-img Ірі қалаларда тұратын халық жал-жаяны тоңазытқышқа салып қойып, шетінен пісіріп жей берген. Жапондар ол кезде тоңазытқышты жаңадан пайдалана бастаған еді. Жапондар жылқы етін кэтобаши немесе сакура нику дейді. Кэтобаши деген сөз асау атың тебісі деген мағынаны береді. Бұл атау жылқының мінезіне қарай айтылса керек. Ал сакура нику дейтін себебі жылқы етінің құрамындағы заттар ерекше қызғыл түс береді де, сакураға ұқсататын себебі сондықтан. Екінші жағынан көктемде тай-құлындар тебіскен кезде сакура гүлдері түседі деген мағынаны білдіреді.

Кейінгі кезде Жапонияда жылқы еті ағзаға пайдалы өнім ретінде кеңінен насихатталуда. Тіпті, жылқы малын зерттейтін арнайы орталықтар жұмыс істейді. Денсаулыққа пайдалы тағамдар ғылыми орталығының басшысы Кэйко ханымның берген мәліметіне сүйенсек, жылқы етінде Е дәрумені сиыр етіне қарағанда 2,5 есе көп екен. 100 грамм сиыр етінде 19,1 ақуыз болса, жылқы етінде 20,1 грамм ақуыз бар. Адам ағзасын семіздікке бастайтын холестерин жылқы етінде жоқ. Ал 100 грамм сиыр етінде 15 грамм холестерин бар.
Жапонияда жылқы етіне деген сұраныстың артуымен қатар одан әзірленетін тағам түрлері күннен күнге көбеюде. Бүгінде Күншығыс халқы жылқы етінен әзірленетін отыздан астам тағам түрін тұтынады. Кэйко ханымның айтуынша пісірілген жылқы етінің сиыр етіне қарағанда калориясы төмен болғандықтан көптеген ауруларға ем екен. Мысалы, жүрек қан тамыр аурулары, асқазан, өкпе дертіне шалдыққандарға жылқы еті бірден бір ем.

Жылқы еті қандағы холестериннің мөлшерін төмендетіп, улы заттарды жояды. Е және В дәрумендерінің молдығының арқасында жылқы еті қан айналымын жақсартады. Жылқы етін стресс пен күйзелісті басу үшін пайдалануға болады. Жұмыстан соң қатты шаршаған адам жал-жая жесе, миы тынығып, жүйке жүйесі қайтадан қалпына келеді. Глюкогенге бай жылқы етін жиі пайдаланған адам шаршамайды. Темір мен В12 дәруменіне бай болғандықтан қаны аз адамдарға өте пайдалы.
Жылқы етін денсаулықты жақсартуда пайдасының зор екенін білетін жапондар жал-жаядан, қабырға мен сан етінен сакура набе, басаши, тарутарустэки, умакацу, санмайбаранигири, барахимоникунотатаки, никудзара, никусоба, умабаши, т.б. тағамдар әзірлейді.

Жылқы еті тұтынушыларға ұсынатын арнайы мейрамханалардың пісірген тағамдарды әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Какидзима мейрамханасы жылқы етін кэтобаши деп атаған ерте кезден бері жұмыс істеп келеді. Ертеде бұл жылқы етін қосып, кеспені саудагерлерге ұсынған екен. Станцияға жақын орналасқандықтан жолаушылар осы мейрамханадан асылған ет, қуырылған ет, никунабе, ет пен кеспе тәрізді тағамдардан дәм татқан. Қазірде ертедегі тағам түрлері ескі дәстүр бойынша дайындалады. Сойылатын мал негізінен Хоккайдодан алынады екен.
8935646Ал Киндзанаками мейрамханасындағы тағамдар кілең тайдың етінен әзірленеді. Сол үшін күніне бір малдан сойылып отырады. Бұл мейрамхананың ерекшелігі сүрленген жылқы етін қонақтарға ұсыну болса керек. Қай тағамға қандай сакэнің (ұлтық сусын) қандай түрі сай келетінін да даяшы айтып береді.
Нагоя префектурасындағы Ина және Иида шаһарларын таулар қоршап тұр. Сондықтан жапондар әдетте пайдаланатын теңіз өнімдеріне қол жете бермейді. Оның орнына қос елді мекенде жылқы шаруашылықтары дамыған. Отагури деген тағам жергілікті тұрғындардың сүйікті асына айналғалы екі ғасыр болды. Бұл өңірде жылқы етінен тағамдар әзірлейтін Кантароу мейрамханасында Сакуранабе мен баникуно шябушябу деген екі тағам ерекше сұранысқа ие.

Бір айта кетерлік жайт, шябушябу деген тамақ қытайлардың ұлттық асы. Ал жергілікті жапондар жылқы етінен әзірлеген шябушябуді жақсы көреді. Ал сакуранабе деген тағам пісірілген жаяның сорпасына жергілікті көкөністерді және ширатаки деген кеспені қосып әзірлейді де етпен араластырып жейді.
Осака қаласында 2001 жылдың басында ашылған мейрамханада жал-жая, қарынды қосып пісірілген башюнроу деген тағам түрлері бар. Сондай-ақ сакура скияки, сакура шябушябу, сакура харихари, т.б. мәзірлер бүкіл Осакаға белгілі. Ал харихаринабе деген тағам жал-жаяны пісіріп, еті бар қабырғаны қақтап, жаяның сорпасымен ішеді. Керегіне қарай пияз бен мирин деген тәтті сакэні де қосады.
Жапониядағы жылқы етінен тағамдар әзірлейтін мейрамханалар әдебиет пен өнер адамдарының бас қосатын сүйікті орны деуге болады. Мәселен, Токиодағы Миноя мейрамханасына Икэнами Шиоутароу, Данкадзуо сияқты жазушылар жиі барады екен. Орыс жапон соғысынан кейін бұл мейрамханаға Мушияно Коудзисанэацу, режиссер Тоугоу Сэйдза мен Дандзюброу тәрізді актерлер барып тұрған. Шамасы жапонның өнер адамдары жылқы етін жақсы көрсе керек.

Жалпы, жапондар жылқы етін ерте замандардан-ақ пайдаланған. Оның бір дәлелі тарутару стэки деген тағам. Атауы «татарша ет» деген мағынаны білдіреді. Біз монғол шапқыншылығы деп атап жүрген кезеңде жапондар жаяны ұсақтап турап, бұрыш, сарымсақ тәрізді дәмдеуіштермен араластырып, татарша етті бабына келтіріп әзірлей білген. Ал қазір түркі халықтары атам заманнан бері пайдаланған жылқы етінен әзірленетін тағам түрлері жапондар арқылы Еуропаға да жетіп отыр.

Бүгінде жапондарға жылқы етінен әзірленетін тағамның елуден астам түрі белгілі. «Ет жемейді, көксөкпен ғана күн көреді» деген жапон жылқы етінің пайдасын бүге-шігесіне дейін зерттеп біліпті. Біз Қамбар атаның қасиетін қазақтан артық ешкім білмейді деп мақтанамыз. Қазы-қарта, жал-жаядан жасалатын қазақтың ұлттық тағмадарын білеміз бе осы? Оның пайдасын ескеріп жүрміз бе? Әлде жылқы етін қалай жеуді де өзгелер үйретуі керек пе?

Мақала qamshy.kz сайтынан алынған.

-3
0
7822

2016 жылғы Ораза 6 маусымда басталады

Рамазан - он екі айдың сұлтаны

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді».

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару.


 

Рамазан айы – сабырлыққа шақыратын , құлшылық жасауға, амалдарымызды игі істермен толтыруға арналған қасиетті айлардың бірі. Азаннан кеш батқанша дейін тамақтан бас тартқанымен, рухани азықпен сусындайтынымыз анық. Бір сөзбен айтқанда, Рамазан айы адамның өз нәпсісімен күресетін уақыты. Ал егер кімде кім бұл айды осылай қабылдамаған болса, ол адам үшін Рамазан бос өтті деуге болады, яғни ешқандай рухани байлық ала алмайды.

Рамазандағы сауапты 30 амалдың кестесі

Сол себепті, назарларыңызға Алла қаласа, мұсылмандардың құлшылығы мен уақытын жүйелі өткізуге көмектесетін «Рамазандағы сауапты 30 амалдың кестесін» ұсынамыз. Амалға асырып және де барынша мол сауапты амалдармен толтыруға тырысыңыздар. Рухымызды тазартып, ниетімізді түзу ұстайық. Алла Тағала осы жолда баршамызға жәрдем берсін!

 

4
0
3341

Думан Бықай: а так ли много казашек, вышедших замуж на иностранцев?

Журналист Думан Бықай на сайте Dalanews.kz с сожалением пишет о казашках, вышедших замуж за иностранцев и сомневается в их количестве и предполагает, что такие новостные заголовки являются не более чем преднамеренной попыткой ввести народ в заблуждение, для большего посещения новостного ресурса.

По мнению Думана Бықай, казашки, вышедшие замуж за турков, китайцев и прочих существуют, но их не так много. Также можно понять казахских женщин, вышедших замуж за англичанина или представителя другой богатой страны. "Но почему негр из Африки?" - вопрошает журналист. Автора материала, также удивляет, что люди делятся в социальных сетях фотографиями, где изображена казашка в обнимку с чернокожим избранником. И на любые комментарии негативного характера, эта девушка отвечает, что он (ее избранник), отличается в верности. Кто-то может подумать, что ее обидели казахские парни, но это лишь признак заблудившейся казашки. Но в этом, ее на данный момент не переубедить, и разговоры о нации, казахах, будущем, патриотизме, морали и нормах приличия она слушать не будет, считает автор.

Автор напоминает, что у казахов очень нехорошо быть объектом сплетен и насмешек со стороны соседей, знакомых, а это очень сильно скажется на родителях девушки, вышедшей замуж за африканца.

А каково ваше мнение, дорогие читатели? Действительно ли тенденция замужества казашек за иностранцев преувеличена? Стоит ли казашкам выходить замуж за иностранцев, в частности, за темнокожих крепких парней? Или лучше не играть с чужой кровью и не расстраивать родителей, оставаясь верной своему народу?

1
6
1929

Өзі сүйген әйелдің соры ғана

Біреу сүйіп тұрса дағы бармайсың,

Біреу жеріп тұрса дағы қалмайсың.

Әйелдер-ай,

Әйелдер-ай,

Қандайсың...(Мұқағали)

 

Бір жігіт бар жұмыста. Нағыз жігіт. Қыздарға мойын бұрмайтын, қырылып қалса да. Жыртыңдап күлмейтін, жылпылдап жүрмейтін, тәкаппар да емес, маңғаз да емес. Диагнозы - Just married(((

Өлсең де, сенікі болмайды. Сенімен болмайды...

"Дәрменсіз менің мылқау махаббатым

Сірә да өміріммен өтелерсің..." (Мұқағали)

0
0
885

Алматыда сарапшылар Орта Азия елдеріндегі туберкулездің таралуымен күрес мәселелерін талқылады

Бүгін Алматыда еларалық жұмыс топтарының «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуі өтті. Шара барысында сарапшылар аймақтағы туберкулезбен сырқаттануды трансшекаралық бақылау мәселелерін шешу бойынша Еларалық шектелмелі келісімінің жобасын және өзара әрекеттесу тетіктерін талқылады.

Шараға денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен шұғылданатын Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан министрліктері мен ведомстволарының, сонымен бірге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ), көші-қон халықаралық ұйымының, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамдары Федерациясының, ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жұмыс топтарының аймақтық отырыстарын Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезді бақылау бойынша кешендік жоспарының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және «Project HOPE» үкіметтік емес ұйымы өткізіп келеді.

Республикада туберкулезбен сырқаттанған мигранттарға туберкулезге қарсы көмек шаралары ДДСҰ Еуропалық Аймағындағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл – мигранттар арасындағы туберкулез бен көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Жиынға қатысушылар ДДСҰ ұсынымдары негізінде жасалған туберкулезді трансшекаралық бақылау мәселелері бойынша Еларалық шектелмелі келісім жобасын талқылады. Мұнда мигранттар арасындағы туберкулезді емдеу мен бақылауды қамтамасыз ету тетіктері қарастырылған. Келісім негізіне ауруға шалдыққан мигранттарды бақылау, диагностикалау, емдеу, аурудың алдын алу, эпидемиологиялық бақылау, еларалық ақпарат алмасу, тиісті қаржыландыруды қарастырылатын нормалар кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық гуманитарлық «Project HOPE» үкіметтік емес ұйымы Қазақстанда өзінің туберкулезбен күрес бағдарламасын 1993 жылдан бастаған болатын. Сол уақыттан бері аталған ұйым ЖИТС-пен, туберкулез және маляриямен күрес Жаһандық қоры грантының аясында туберкулезді бақылау бойынша әртүрлі жобаларды енгізуге қатысып келеді.

 
0
0
364