Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ламборгини Галлардо кімге бұйырады?

 

“Әлiбидiң iсi”  атанып бүкіл халықты қатыгездігімен таңқалдырған Жамалиевтің сот ісі аяқтыалды. Тамыз айының 7-сі күні кәсіпкер Қайрат Жамалиев 13 жылға ал, сыбайластары А.Әбілтаев – 12 жылға, А.Прибытков – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетсем, Қайрат Жамалиев өзінің «ашынасына» көз салды деген мақсатта Әлібиді аяусыз ұрып-соғып, азаптап тіпті құлағын кесіп алған деген мәлімет аз уақытта бүкіл әлеуметтік желілерде таралып, танымал болды. Бұл оқиға жайында халықтың ойы екіге  бөлініп бірі жас баланы өлімші етіп сабаған кәсіпкерге лағынет айтса, енді бірі Жамалиевтіп бизнестегі өсу жолына кедергі болғысы келгендер әдейі ұйымдастырған деп жатты. Әрине, оқиғаның дұрыс бұрыстығын саралауды халықтың еншісіне қалдырғанымыз жөн болар.

Бүгінгі айтайын дегенім абақтыға қамалған Қайрат Жамалиевтің қымбат көлігі бір рет  аукционға шығарылып, қайта тоқтатылған болатын. Бұған себеп кәсіпкердің жары машинаның сатылуына шектеу қойды. Бірақ, арада біраз уақыт өткен соң 3 жылдан артық қолданылмаған жаңа спорткар қайта аукцион арқылы сатлымға қойылды. Судай жаңа Ламборгини Галлардоның бастапқы бағасы ретінде 238 миллион теңге қойылды. Бірақ машинаны сатып алуға әзірше ешбір адам ниет білдірмеген. Аты шулы оқиғадан кейін қымбат машинаны иеленуге  жасқанған болса да керек.

 

1
0
405

Осы тақырып бойынша

Ламборгини Галлардо кімге бұйырады? - Yvision.kz