Мазмұнға өту

Жаңа

ЖАҢА СІБІР АРАЛДАРЫНЫҢ АРАСЫНДА-Жаңа Жер

Ертеңгісін елең-алаңда керуен қайта жолға шықты. Аралдың түстік жағасын бойлап батысқа қарай бес шақырым жүріп, олар мұз жарларды осының алдындағыдай тағы да барлауға мүмкіндік алды. Онан әрі теңізге дейін көсіліп, аралдың төрт шыңының бірі – Кигилях құзды тауымен көмкерілетін ұзыннан-ұзақ батыс түбек арқылы созылған асуға тап болды. Таудың состиып тұрған себебі бұрын айнала белдеулеп жататын аралдың бір бөлегі опырылып, ұзынша, тар қылта ғана қалған. Жолды отыз шақырымдай қысқарту үшін қылта басталысымен-ақ онан асып түсу керек еді. Кигилях таулары өз атын аспанға тік шаншылған діңгек сияқты жел мүжіген ғажайып шыңдарының көптігінен алған. Кәсіпкерлер бұл діңгектерден қиялында адам мүсінін табады да, тауды киелі деп қастерлейді (киги-адам, кигилях-адам сияқты). Мәселен, олар Бунге балғам…

0
0
1356

МАМОНТТАР ҚОРЫМЫ-Жұмбақ Жер

Үлкен Ляховский немесе Таяу арал геологиялық құрылымы жағынан керемет. Оның төрт тайпақ, бірақ құзтасты шың, анығырақ айтқанда, шыңдар сілемі түп-түгел гранит, ал қалған жері жұмсақ құм-қайраң. Сондығынан да әлгі шыңдардан шапшып шығып жатқан сансыз бұлақтар мен жылғалар жұмсақ қыртысты оңды-солды тілімдеп, шетене өспейтін тақыр төбешіктерге бөлген де тастаған. Әудемге бармайтын қысқа жазда беткейі мүк батпақты тундраны көз алдыңа келтіріп, терістікке қараған ылдилар мен терең сайларында қар жатады. Астын қулаған толқынның қырсығынан теңізге төнген жеке-жеке жарқабаққа ұқсаған арал жағасы да әлгі жұмсақ құм-қайраңнан құрылған және ол өзек пен бұлақ жылғаларынан бөлек-бөлек танаптар түзген. Атам заманда қалыптасқан бұл қабат сірескен тон, тек жазда ғана болар-болмас жібіген сыңай танытады.…

0
0
2236

Ж О Л С А П А Р-Жұмбақ жер

Ақша мен құжаттарын түгендеп алып бір айдан кейін Горюнов шығысқа жол тартты, ғылыми барлау құралдарымен және басқа жарақтарын өзімен бірге ала жүрді, олардың ішінде су жаңа үш мықты нарта мен бір үлкен байдарка бар. Байдарка бөлек-бөлек болғанымен, жарты сағаттың ішінде құрастырып, жүзіп жүре берерлік. Оған төрт адам, үш нарта жүгімен және он ит еркін сияды, ал бұл дегенің – экспедиция мүшелерінің екі жағдайда да теңізден өтуіне мүмкіндік беретін дүние. Иркутскіден Качуг арқылы Ленаны бойлай төмен құлдилайтын ат-шана жолы, кәдімгі әкімшілік жер аударылғандар өлкесінің жадау астанасы – Якутскіге шейін шеті де, шегі де жоқ оппа қарды қақ тіліп, мұз құрсанған өзендерінің жақпар тасты жарқабақтарының астынан өтетін келеңсіз де көңілсіз ұзақ жол басталды. Одан әрі жол Алдан өзенінің сағасымен…

0
0
940

Соңғы 17 жылда әлеуметтік төлемақы шығындары 6,9 есеге өсті

1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті (25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін). Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті: 3 106-дан 22 710 теңгеге дейін. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы – 4 250 теңге). Жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7%-ға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мың…

0
0
322

Жаңа пәннің оқу бағдарламасымен таныстыру

2016 жылдың 6 сәуірінде Департаментпен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттеріне, барлық бакалавр даярлау бағыттары және мамандықтар бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу пәнінің модельдік оқу бағдарламасының таныстырылымы өткізілді.

 

0
0
355

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бойынша заңнамаға жаңа енгізілімдер

2015 жылдың қараша айында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілді (Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 28 қазандағы № 370-V). Негізгі енгізілімдер заңның төрт бабына қатысты. Барлық мемлекеттік және заңды тұлғаларда, мемлекет оларға жалғыз акционер болып табылатын, мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция міндетті түрде орналастырылуы тиіс. Бұл экспозицияда мемлекеттік рәміздерді жасау тарихы және авторлары туралы мәлімет болу керек. 4-баптың 1-тармағында бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылды: «5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акцио…

0
0
764

ІС ОҢҒАРЫЛЫП КЕЛЕДІ-Жұмбақ Жер

Жігіт келіскен күні сол сағатта келді. Шенк оны күтіп отыр еді. – Онкилондар жайында бар деректі ақтарып шықтым, – деді ол. – Меніңше, мағлұматтар қарама-қайшы сияқты. Бұл халықтың болғанына, чукчалармен соғысқанына күмән жок, артында жұрты, тас пен сүйектен домбалдаған қару-жарақтары да қалған. Бірақ қайда ғайып болып кеткені белгісіз. Былай деп ойлауға болатын сияқты, онкилондар аралдардың бірінде азық-түлік жетіспей, иә қатыгез табиғатқа төзбей қырылып қалды, не құрлықтың бір түкпірінде тығылып жүріп індетке ұшырап өліп бітті. – Аралдардың бірінде өлген болса, олардың сүйегі көптеп ұшырасар еді ғой, – деп қарсы дау айтты жігіт. – Адамдар із-түзсіз құрып кетпейді. Тіпті олар құрлықта тұрып өліп бітсе, жаңа көршілері – якут, тұңғыс, ламуттардың арасында аңыздар жүрер еді ғой. Ондай аңыз…

0
0
1251

ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН ХАЛЫҚ-Жұмбақ Жер

Шенк сүр бойдақ еді, жасында көп саяхат жасаған, тундрадан мамонттың қалдықтарын іздеп Енисейдің сағасында, Байкал сырты мен Амурда зерттеу жүргізіп, Россияға қосылған бетте Сахалиннің де жер бедері мен өсімдік дүниесін барлаған. Сонан астанаға оралған соң жинаған материалдарын өңдеуге отырған-ды. Ол жалғыз, әрі тым жұпыны тұратын, академиктік еңбекақысының басым бөлігі жас ғалымдарға көмекке жұмсалып, өзін ғұмыр бойы қызықтырып келген Сібір мен поляр елдеріне экспедиция жасақтауға ұсталатын. Қыруар ақшасы өзі зерттеуші ретінде жоғары бағалайтын Толльдің саяхатына, оны іздеушілерге кетті. Салтанатты мәжілістен келе сала Шенк таң-тамаша жұмбақ тайпа онкилондар туралы деректер оқуға кірісті. Ықылым ғасырлар бұрын олар Чукот түбегін түгел алып тұрыпты, кейін чукчалар Мұзды мұхиттың жағасына…

0
0
1346

СОНДАЙ БІР ЖҰМБАҚ ЖЕР ӘЙТЕУІР БАР-Жұмбақ Жер

Ізсіз-түзсіз кеткен барон Толль мен оның серіктерін іздеу үшін жасақталған экспедицияның хабарын тыңдауға арналған ғылыми қоғамның салтанатты мәжілісінің бастапқы бөлігі бітуге таяп та қалды. Қоғамның мәртебелі басшылары мен жебеп-желеушілерінің әйдік суреттері безендірген қабырғаға тақау кафедрада бір офицер тұр. Барон Толль барып түсіп, кері оралмай қалған Беннетта аралына Новосибирь архипелагынан Мұзды мұхит арқылы ескекті желқайықпен жүзіп барып қайтқан батыл теңізші осы. Оның поляр бұрқасынына тотыққан ер келбеті кафедрада жатқан баяндамасының қолжазбасы мен алтын түйме әм ордендер әшекейлеген теңізші мундиріне шағылған шамның жасыл қалпағының тасасында көмескі көрінеді. Кафедра алдындағы жасыл шұғамен жабылған ұзын үстелдің басында қоғам Советінің мүшелері – терістік астанада тұраты…

0
0
1390

БЕТАШАР-Жұмбақ Жер

Арктиканың жартысына жуығы, яғни Жердің Солтүстікполюсті орап тұрған жоғарғы бөлігі біздің Одақтерриториясының терістік жағалауларымен қойындасыпжатыр. Жердің Оңтүстік полюсін орап жатқан, әрі өз алдынабір телегей құрлық Антарктикаға керісінше Арктиканы теңіздесе де болғандай.Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлықтарыменастасқан тұсында Мұзды мұхит ұлылы-кішілі аралдарменалашабырланады да, оларынан полюске тақаған ортадеңгейінде ғана арылады.Ауа райының суықтығына орай бұл аралдар қалың мұз,сіреу қармен сіресіп жатады да, әудемге бармайтын поляржазында ғана аздап арқа-жеңін кеңіткендей болады. Теңіздіңаралдар төңірегіндегі тұсы көбіне бір орнынан міз бақпайтынмұздар құрсанған, ал қалған айдын ағыс пен желдің ырқындаерсілі-қарсылы жөңкіп жүретін санжылдық сіре сеңменсықалған.Қиын-қыста…

0
0
859