«Көкше» академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы таныстырылды және талқыланды.
2016 жылдың 6 сәуірі күні «Көкше» академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ. Жапақовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша модельдік оқу бағдарламасын талқылау жөніндегі диалог алаңы өткізілді. Іс-шараға «Көкше» академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Диалог барысында іс-шараның спикері Қ. Жапақов Пәннің студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанына, қазіргі замандағы «сыбайлас жемқорлық» ұғымының сан қырлылығына қатысушылардың назарын аударды. «Талқыланып отырған пән бойынша отандық әдістемелік құралдардың аса жетк…