Мазмұнға өту

Жаңа

бүтін сандар жиымының 5-ке бөлінетін элементтерінің санын табу керек dev c++-та

#include <iostream>
#include <conio.h>
using namespace std;
int main()
{
int y[1000];
int i,n,k=0;
cout<<"Massivtin uzindigi n->:"<<endl;
cin>>n;
cout<<"Massivti engizu y["<<n<<"]:"<<endl;
for (i=0;i<n;i++){
cout<<"y["<<i<<"]=";
cin>>y[i];
}
for (i=0;i<n;i++){
if (y[i] % 5 ==0){
k++;
}
}
cout<<"\n Ondelgen massiv"<<endl;
cout<<"5 ke bolinetin sandar sani "<<k;
getch();
return 0;
}
 
0
0
1362

Павлодар облысында екі апта ішінде 700-ден астам электрондық нұсқадағы атқару құжаттары санкцияланды

Павлодар облысы соттары  мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының 714 электрондық қаулысын санкциялап, аталған қызмет арқылы орындауға 165 электрондық атқару құжаттарын жолдады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/pavlodar-oblysynda-eki-apta-ishinde-700-den-astam-elektrondyk-nuskadagy-atkaru-kuzhattary

0
0
410

Қаламыздың аты көркіне сай болуы өз қолымызда

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев: «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады....», - деген болатын.

Сәуір айының бас кезі Көкшетау қаласында дәстүрлі «таза бейсенбіліктер» кезеңі. Қаланың барлық шағын аудандарында көшелерімізді, саябақтарымызды және тұрғын кварталдарымызды қыс бойы жиналған қоқыстан тазартып, қаламыздың келісті келбетін келтіруге  бағытталған шаралар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті де бұл игілікті істен қол қусырып, шетте  қалған жоқ.  Департамент қызметкерлері іргелес орналасқан гүлзарларды ретке келтіріп, ағаштарды әктеді,  көшені қоқыстан тазартты.

Департамент басшысы Қ. Жапақов қызметкерлердің азаматтық ұстанымдарын, туған қалаға деген сүйіспеншілігі мен отансүйгіштігін атап өтіп, олардың  «таза бейсенбілікке» белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

   

0
0
558

Құралайды көзге атқан мергендер

Қазақстандық мергендер АҚШ-та  өткен  халықаралық мергендер конкурсына қатысып алғашқы үштікке ілінді.

АҚШ-тың  Солтүстік Каролина штатындағы «Форт Брэгг»   әскери базасында 7-ші жыл сайын дәстүрлі түрде мергендер сайысы өткізілді. Бейресми халықаралық конкурста-бірінші орынды АҚШ, екінші орынды Германия, үшінші орынды Қазақстаннан қатысқан жұп жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ең мерген жұп  25 қатысушы командалар арасынан анықталды. Сайысқа Австралия, Германия, Голландия, Ирландия, Қазақстан, Сингапур және АҚШ-тан қатысты.

 
2
0
907

Облыстық қазақ драма театрындағы семинар-кеңес

2016 жылдың 6 сәуір күні Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының облыстық қазақ драма театрында мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәселелері қозғалды.

 

0
0
321

Шымкенттегі Абай саябағы

Шымкентте серуендейтін жерлер көп.Солардың бірі қаламызда орналасқан Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы.Бұл жер жасыл желектің көптігімен ерекшеленеді.Демалыс бағы заман талабына сай абаттандырылып, көркем гүлдермен көмкерілген.Жарық жүйелері, орындықтар және басқа да көркейту жұмыстары жүйеге қойылған.Мұнда газонды басуға болмайды.Итпен серуендеуге қатаң тиым салынған.

Демалыс бағына кірген сәтте қазақтың бас ақыны Абай атамыздың ескеркішіне көзіңіз түседі.Төрден орын алған ойшыл бабамыз қонақтарға «Қош келдіңдер»,-деп тұрғандай көрінеді.

Мұндағы көз тартар әдемі көріністер көздің жауын алады. Тартымдылығымен өзіне баурай түседі.Сол үшін де демалыс бағын аралап, серуен құрған тұрғындар көп.Қыздар сыр бөлісер құрбысымен, студент жастар достарымен,үлкендер туыстарымен келеді.Өмірге бірлесіп қадам басқан бақытты жұптар саябақтың негізгі қонақтары.

Саябақ аумағында тәрбиелік мәні зор Хәкім Абай мұражайы орналасқан.Жалпы көлемі 490 шаршы метр.Қорында 400 ге жуық жәдігер жинақталған.Мәдени орынның мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.Сонымен бірге Абай мұралары арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке үйрету.

Мұнда серуендеуге барлық жағдай қарастырылған.Спортты жанына серік еткендер үшін арнайы орындар бар.Саябақтың тағы бір ерекшелігі түрлі көлік құралдарымен серуендеуге болады.Велосипед жалға беріледі.Бұл көлік құралы көңілді сергітеді әрі денсаулыққа пайдалы.Оны айдаған кезде аяқ-сан бұлшық еттері жұмыс істейді.Сонымен бірге іш, жамбас, балтыр мен тобық жаттығады.

Көпшіліктің көзайымына айналған көрікті мекен кез келген адам үшін есігін айқара ашады.Бұл жерде жаныңыз жай тауып, едәуір сергіп қаласыз.Сондықтан әдемі демалысты қаласаңыз, саябаққа келіп тұрыңыз.

Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚ

https://www.youtube.com/watch?v=LyX7tq9AKJc

0
0
7188

Кімге сенім артуға болады?

«Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек қыз балаға досты, ер балаға жарды таңдауда оның қандай қасиеттеріне қарап таңдау керектігін айтты. Сонымен қатар, келін мен күйеу баланың ата-енеге  ұнауы керек қасиеттерді тізбектеп шықты.

3
0
609

Соңғы 100 жылда Қазақстанда сән үлгісі қалай өзгерді

Сән үлгісі нәзік жандылар үшін қай заманда да бірінші орында екендігі анық. Ендеше қазақ қыздары үшін сән үлгісі соңғы 100 жылда қандай өзгерістермен толыққанын бақылап көрейік.

 

 
2
0
764

«Көкше» академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу бағдарламасы таныстырылды және талқыланды.

2016 жылдың 6 сәуірі күні «Көкше» академиясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі  - Департамент) басшысы Қ. Жапақовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні бойынша модельдік оқу бағдарламасын талқылау жөніндегі диалог  алаңы өткізілді.

Іс-шараға «Көкше» академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттар, қоғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Диалог барысында іс-шараның спикері Қ. Жапақов Пәннің студенттердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты,  мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанына,  қазіргі замандағы «сыбайлас жемқорлық» ұғымының   сан қырлылығына  қатысушылардың назарын аударды.

«Талқыланып отырған пән бойынша отандық әдістемелік құралдардың аса  жеткіліксіздігін атап өту керек деп санаймын.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе» тақырыбын біздің менталитетті ескере отырып жеке тарау ретінде қарастыру қажет», - деп, тарих ғылымдарының кандидаты                                С. Садықов  өз сөзін түйіндеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәнінің тұсаукесері мен талқылануының қорытындылары бойынша диалог алаңына қатысушылар аталған тәжірибені жалғастыру және пәнді оқытуды мүдделі мемлекеттік органдардың,  мекемелер мен  ұйымдардың мамандарын тарта отырып  жетілдіру туралы шешім қабылдады.

Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты.

0
0
550