Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Исламның таралу тарихы

Ислам діні әлемдік үш діннің бірі. Христиан дінінен кейін екінші орында. «Ислам» сөзінің мағынасы «бейбітшілік», «мойынсыну, бағыну» дегенді білдіреді. Ислам дініндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед болып есептеледі. 610 жылы Хира тауында қасиетті Құран кітабының 5 аятын Жәбірейіл періште Мұхаммедке жеткізген, сол кезді Исламның басталуы десек болады. Сол кезден бастап Ислам діні тарала бастады. Ең алдымен дінге Мұхаммедтің жақын адамдары қосылып, алғашқы 3 жылда олардың саны 40 адамға жеткен болатын.  613 жылы Мекке қаласынан қуғындалып, 622 жылы Мұхаммед Мединеге көшуге мәжбүр болып, ол қалада дінді ұстанушылар көбейе бастады.

Исламның таралу бағыттарын көре аламыз. Дін Араб түбегіне түгелдей жайылып, кейіннен солтүстік Африкаға, кіші Азияға, орта және шығыс Азияға, тіпті Испания жерлеріне дейін тарады. Саудагерлер арқылы Индонезияға жетті.

Діннің негізгі таратушысы, Мұхаммед қайтыс болғаннан кейін Арабияда құрылған Араб халифаты болды. Слайдтан Араб халифтері кезіндегі халифат территориясын көре аламыз. Мемлекет құрылған кезінде ол тек Араб түбегінің жарттысын алып жатты. Абу Бакр халиф бұл түбегті толығымен жаулап алып, Омар халиф Таяу шығыстың біраз бөлігін, Египет жерлерін қосты. Ал Осман халиф кезінде мемлекет шекаралары Орта Азияға, Солтүстік Африканы алып Пириней түбегіне дейін жетті, бұл кез Халифаттың аса кеңейген кезі, 750 жылдар болатын.

Араб халифаты тарағаннан кейінгі кезде Ислам дінін таратқан және оны ұстанған ең үлкен империя Осман империясы болды. Осман империясы белгілі деңгейде басып алған елдерінде өз дініне рұқсат бергенімен де, Исламның таралуына көп үлесін тигізген мемлекет болды. Осман империясының қол астында бірнеше Араб елдері, Солтүстік Африка елдері, Таяу шығыс елдері және Кавказ елдері болды. XVII ғасырда, Осман империясының Алтын ғасырында, мемлекет бүкіл Еуропаға өз үстемдігін көрсетіп, Исламның таралу аймағы ұлғайды.

Ислам діні тек жаугершілікпен тараған деген пікір қалыптасқан. Осы жерде бұл пікірге қарсы дәлел келтіре кетейін. Үндістан елінде ең алғашқы мешіт Мұхаммед пайғамбардың кезінде салынған болатын, яғни ешқандай әскер жетпей жатып. Кейіннен Ибн Қасым 6000-дық әскерімен ол елге жетіп, сондағы буддисттер иудаисттерден қашып мұсылмандардың қол астынан пана іздеген. Қазір Үндістандағы мұсылмандар саны 200 миллионнан асады, бұл Индонезиядан кейін екінші көрсеткіш. Ал осы Индонезияға дін қалай жетті? Ол елге ешқандай әскер бармағанын білеміз, бұл жерге Ислам діні бейбіт орнады. Индонезияға Ислам VIII ғасырда саудагер-миссионерлер арқылы жетіп, 500 жылдың ішінде Ислам елдегі бірінші дін деңгейіне жетті.

Суреттен Исламның қазіргі кездегі таралуын көре аламыз. Бұл жерде Исламның Азия, Африка, Арабия елдерінде кең таралғанын байқаймыз, соңғы кездері дін Еуропа елдерінде де кең таралуда, оған себеп босқындардың көшуі. Америка Құрама Штаттарында мұсылмандардың саны 3-15 миллион шамасында деп айтылады. ХХ ғасырдың басында кең тарай бастаған, көбіне қара нәсілділердің арасында.

ХІХ-ХХ ғасырдағы Еуропа елдерінің отарлауынан Исламның таралу қарқыны бәсеңдеп қалды, ал кейін радикалды-исламисттердің шығуынан бүкіл әлемде Исламның абыройына нұқсан келді. Қорыта келе, Ислам діні қазіргі кездегі әлемдік дін статусына көп деңгейде Араб халифатының арқасында жетті деуімізге болады. Ислам тек соғыстармен емес, бейбіт жолмен де, миссионерлердің халық арасындағы уағыздарымен де тарағанын білдік.Ислам-ең кең таралған үш діннің бірі.

 
1
0
26002

Осы тақырып бойынша

Исламның таралу тарихы - Yvision.kz