ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне түсіндірілді
2016 жылдың 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекетітк қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі Комитетенің БҚО бойынша департаменті қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.
Шараға департамент өкілі М.Харесова, Орал қалалық ҚАЖД-нің басшылығы мен жеке құрамы қатысты.
Шара барысында М.Харесовамен «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» түсіндірілді. Сонымен қатар, департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша атқарған жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
