Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыла көтерген жүк жеңіл...

 

Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде  Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының  5.1. тармағын жүзеге асыру аясында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі  кеңес хатшылығының меңгерушісі Д. Хайруллин Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны шеңберінде  ұйымдастырған  семинарға қатысты.

Семинар барысында Д.Хайруллин  «Мемлекеттік қызметшілерді  тәртіптік жауапкершілікке тарту тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасында тыңдаушыларды Ақмола облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы туралы хабардар етті.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік  кірістер департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы   Ж.Шампиков сыбайлас жемқорлық және басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында өткізіліп отырған жұмыс туралы айтты.

Сонымен қатар,  тыңдаушыларға Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы  дәстүрлі «Адал жол – Честный путь» облыстық марафоны шеңберінде    түсірген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Взгляд снизу» атты әлеуметтік бейнеролик  көрсетілді.

Іс-шараға 75 адам қатысты.

   
0
0
384

Осы тақырып бойынша

Жұмыла көтерген жүк жеңіл... - Yvision.kz