Өміріміздің қалай, несімен өтіп жатқанымызбен шаруамыз жоқ. Сәл жан-жағымызға қарап, зер салып көрелік. Тұңғиыққа терең кірген әлеуметтік желімізден бір уақыт басымызды бұрып, керемет табиғатқа қарап, ой жүгіртіп тамашалағанға не жетсін?! Осы әлеуметтік желінің кесірінен жақындарымыздан, мейірімділіктен айырылып жатырмыз. Қазіргі уақытта досымыз да қырылысып отыратын жауымызмда осы әлеуметтік желіміз. Мәселен:қуанышты жағдайға сүйінші сұрап көрші-қоланға барудың қажеті де шамалы, тек профильге жазып қойсақ болғаны, сол арқылы тамыр-таныс оқып құттықтауларын айтып жатады. Жалпы, негізі болашағымыз бұлыңғыр. Есік алдында бұрынғыдай доп теуіп, ойнап жүрген балалар санаулы ғана. Тіпті осы желіден қаншама адам жоғалып, алданып, өмірін жалмауда да бас орында тұрған себепші осы мәселе. Дәл осы мәселені жаны ашыр Ринат Зайытовта өз пікірін айтып, халыққа біраз өкінішін білдіруде.
Бүгін дене шынықтыру сабағында байқаусызда ұялы телефонымды жерге құлатып алдым. Экраны істемей қалды. Дәл сол сәтте оның маған өте қажет екенін түсіндім. Бақандай 3 жыл ішінде жиналған естеліктер, өте маңызды ақпараттарым кетті де қалды. Шынымды айтсам, үйреніп қалған заттан айырылған өте қиын екен. Өткен-кеткен естеліктерімнен мәңгілік айырылып қалғандаймын. Әрине суретке басылған бейне біздің жадымызда сақталған естелікке қарағанда әлде қайда көп ақпарат береді. Мүмкін мен асыра сілтеп жатқан шығармын, бірақ оның жаныма батқаны рас.
Осыған қарап ұялы телефондардың, компьютерлердің біздің өмірімізді жаулап алғанын байқай аламыз. Күніміздің жартысынан көбін солармен өткізіп, уақытымызды кетірудеміз.
Шынымен-ақ оларсыз күнімізді елестете алмаймыз. Бұл не болғаны сонда? Нанотехнологиялардың әлемді жаулап алу шараларының әсері осыншама күшті болғаны ма?
Шығыс Қазақстан облыстық соты Қазақстан халқы Ассамблеясысының хатшылығымен бірлесіп, татуластыру шаралары бойынша өзара әріптестік қызметі жөніндегі меморандум аясында Семей қаласының әкімдігінде «Жаңа АПК: бітімгерлік рәсімдерін насихаттау, азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде оларды қолдану» тақырыбында өңірлік семинар өткізді.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне орай «Жас Отан» ЖҚ Ақсу қалалық бөлімшесі мен «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Пик-Ник» атты жас таланаттар байқауы өтті. Аталмыш шара 16 нөмірден құралды.
Барлық қатысушылар барын салып өнерлерін көрсеткенімен, олардың ішінен ең мықтылары іріктеліп таңдалды.Бұл байқауда жас өнерпаздан ән айтып, би билеп қана қоймай, рэп оқып, темір адам биімен де дұйым жұртты тамсандыртты.Шарада барлығы 5 әділқазы барша қатысушыларға әділ бағаларын берді.
Байқауды тамашалауға, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары – Светлана Гладышева, «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары – Айдос Оразалин, «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ вице-президенті – Татьяна Носачева мен кәсіподақ төрағасы - Сергей Тимошенко келді.
Жарыс қорытындысы бойынша гран-при жүлдесі мен 50.000 (елу мың теңге) ақшалай сыйды «Джангл» би тобы қанжығасына байласа, ән айтып көрермен ілтипатына иелене жүлделі 1-орын мен ақшалай 10.000 (он мың теңге) – Александра Павленкоға бұйырды. Оған қоса табандары жерге тиместен би билеп, дұйым жұртты дүр сілкіндіре, жүлделі 1-орын мен ақшалай 10.000 (он мың теңге) – «Экшн» би тобы қанжығасына байлады.Және де кішкентай балғындардан құралған «Бейбис» пен «Виктория» топтарының бишілері де назардан тыс қалған жоқ. Олардың әрқайсысы 5.000 (бес мың теңге)-ден ақшалай сый мен тәтті торттарға ие болды.Байқау соңында, баршалары аталмыш жайттарға аса зор септігін тигізген - «Жас Отан» ЖҚ Ақсу қалалық бөлімшесі басшысы – Гүлназ Салтанова мен «Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ жастар кеңесінің басты мүшесі – Шерали Қабдынасыровқа зор алғыстарын білдірді.
«Пик-Ник» атты шара өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Барша көрермен бұл байқаудан күш-қуат алып, зор қуанышқа бөленді.
Ағымдағы жылғы 15 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жергілікті департаментімен Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұжымында кездесу ұйымдастырылды.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының тәжірибелік жүзеге асырылуы, соның ішінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер семинардың өткізілуіне басты себеп болды.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Е.Ф. Степаненко Министрліктің басым бағыттарына тоқталып, «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР жаңа Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке қабылдау, оны өткеру ресімдерінің өзгерістерімен таныстырды. Сонымен қатар баяндамашы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарымен күрестің және тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша алдын алу шараларының күшейтілгендігін тілге тиек етті. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу мәселелері бүге-шігесіне дейін талқыланды.
Семинар барысында қатысушылар заңнамаға енген өзгерістерге қатысты сұрақтарын қойып, барлықтарына тиісті жауаптарын алды.
А.ж. 15 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің департаменті басшысының орынбасары, Ж.Ж. Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің XVI отырысына қатысты.
Күн тәртібінде облыс кәсіпкерлерінің палатасының есебі тыңдалды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің инфрақұрылымының мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыздандыруға қатысты заңнаманың талаптары туралы мәселелер, облыс аумағынан қара металл сынықтарын лицензиясыз сыртқа шығару жөніндегі мәселелер, ұжымдық шарт бойынша міндеттерді орындамау кезінде дәрежеге байланысты кәсіпкерлердің жауапкершілігін саралауының жоқтығы (болмауы) қарастырылды.
Осы отырысқа кәсіпкерлердің, әкімдіктің, еңбек инспекциясының, құқық қорғаушылық органдар мен мемлекеттік кірістердің шақырылған өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің отырысының аяқталуы бойынша ұсынымдар жасап шығарылды және айтылған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.
М.Тазабековтың "Мейірімі жоқ адамнан маңырап жүрген мал жақсы, әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы" деген бір сөзі мені тұңғиық ойға батырып тастады. Расында да мейірімсіз, тасжүрек адамдар көбейіп барады. Қарапайым ғана мысал, күнделікті қоғамдық көліктерде жастар жағы қарияларға, балалы әйелдерге, аяғы ауыр келіншектерге орын беру дегенді ұмытып бара жатқаны.
Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен жастарымыздың санасы уланып бара жатқан сияқты. Өзіңнен үлкен, қарттық жеңген адамдарды тұрғызып қойып, қалайша отыра беруге болатындығын түсіне алмадым мен. Әлде өзіміз қатарлы жастарымызға дұрыс тәрбие берілмей жатыр ма? Жастар жағы ойланайықшы, бәріміздің атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыздың бар екенін, ұлдар болашақ жарымыздың болатындығын, қыздар өзіміз де ана атанарымызды ойлайықта...
Адамдардың мейірімсізденіп бара жатқандығы соншалықты "құлап жатып - сүрінгенге күлетін" заманға жетіппіз ғой! Неліктен тас бауырланып барамыз? Осыдан бір күн бұрын ғана болған жеке өз басымнан өткен оқиғамды жазғаным дұрыс та емес шығар... Алайда, мынау өмірдің, мынау даланың, мынау табиғаттың, мынау Жер Ананың, адамзат баласының мейірімге зәру екендігіне тағы да көзім жетті. ...Өзім оқитын ЖОО-дан тапсырмаларымды өткізген соң, көңілденіп шықтым. Сыртқа шыққаннан кейін, үйге қайтатын автобусымның аялдамаға жақындап қалғанын көріп, аялдамаға қарай жүгіріп бара жатып, аяқ атсынан кәдімгі цементке құлап түстім. Өзімде сезбедім, не, қалай болғанын? Құлаған бойда есіме бірден "біреу мені видеоға түсіріп жатқан жоқ па екен?" деген ой келді (қазір адамдар көмектесудің орнына видеоға не болмаса суретке түсіріп интернетке салады ғой...). Қыз баласы болғасын нәзік боламыз ғой, қатты ауырсынып тұрсам да орнымнан өзім түрегелдім. Сонда деймін ау, аялдамада тұрған қаншама адам, университеттің жанындағы қаншама студенттердің бірі де үсті басымның шаң-шаң болып, орнымнан әзер тұрғанымды көрсе де көрмегенсігеніне ішім ашыды. Әрине, құлаған өзім кінәлімін. Асықпауым керек еді. Бірақ, адамзат баласында мейірім, ақ жүрек деген қасиеттер болуы керек емес пе? Мейлі, мен жаспын. Өзім тұра аламын, бірдеңе қылып. Ал, ертең, (Құдай сақтасын!) үлкен қарияларымыз құлап қалса да (қазір ардагерлерімізді тонап, өлтіріп кетіп жатқан заман болды) осылай ешкім көмектеспейтіндігі ме? Осы жағдайды үйге жеткенше көп ойландым...
Бес саусақ бәрдей емес, әрине! Алайда, бұл қоғамның айықпас дертіне айналып бара жатқандай көрінеді маған...
Ал, назарларыңызға көрмеген болсаңыздар Алаш ұлы тобының "Мейірім" атты бейнебаянын ұсынғым келеді.
Қазақ әншілерінің 10 жыл ішінде қалай өзгергендігі Youtube-та "Prpject Kazakh Eli" каналында жарияланған. Бүгінде біз идеал санайтын еліміздің бетке ұстар өнер адамдарының кешегі қарапайымдылығы мен бүгінгі сұлулығын бірге тамашалайық!
15 сәуір. Baq.kz - 2011 жылғы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. Бұрын ақпан айында аталып өтіп жүрген халықаралық ғашықтар күніне балама ретінде мерекені ұйымдастырушылар Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты мен сүйіспеншілігіне арналған мерекелі күнді белгіледі.Сөйтіп, олар елімізде ұлттық мәдениетімізге, халқымыздың салт-дәстүрлері мен адамгершілік рухына негізделген жаңа тұрпатты мерекеге бастамашы болды. Енді оны ұлттық дәстүрлерімізбен жарастырып, одан әрі байыту, әрі қарай жалғастыру қоғамның, әсіресе, жастар қоғамының міндеті. Қазақстанда «Еңлік-Кебек», «Қыз Жібек» сияқты түрлі ғашықтардың атымен аталатын махаббат мерекесін тойлау туралы ұсыныс айтылып та, жазылып та жүр. Іс жүзінде олардың ешқайсысы 14 ақпан күнгі «Әулие Валентин» сияқты кең дәрежеде аталып өткен емес. Бірақ ұлттық мерекенің қоғамға сіңіп кететіне сенетін адамдар көбейіп келеді.
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніңдегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ жанынан ашылған«Алдаспан» ақындар клубы 15 сәуір күні орталық жағажайда ғашықтар күніне орай «Ұлттық ғашықтар күні» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Қала тұрғындарынан суалманама жүргізіп, ғашықтарды құттықтап, тәттілерін ұсынды.
Алдаспандықтар жағажайда ән салып, көпшілікті қызықтыра білді. Бір топ болып жиналған жастар көтерінкі көңіл күймен тарқасты. Өткізілген іс-шара бойынша видеосюжетімізді сілтеме бойынша ұсынамыз. https://www.youtube.com/watch?v=9O1Z1FGYUlM