Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ойлы болсаң озып көр» атты қалалық пікір-талас турниры

«Жастар Отанға» жобасын жүзеге асыруда "Нұр Отан" партиясы Талдықорған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ахметованың «Жас саясаткер» саяси мектебінің мұрындық болуымен Талдықорған қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесе, «Ойлы болсаң озып көр» атты қалалық пікір-талас турниры өтуде. Шараның мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын» жастар арасында насихаттау. Турнирде политехникалық колледждің «Болашақ» командасы, агро-техникалық колледждің «Зиялы қазақтар», Ө.Жолдасбеков атындағы академиядан «Жолдасбеков» командасы, Бизнес - құқық және жаңа технологиялар колледжінің «Дарын» командасы қатысуымен 1/8 туры өтіп, жарыс жалғасын табуда.

0
0
999

Осы тақырып бойынша

«Ойлы болсаң озып көр» атты қалалық пікір-талас турниры - Yvision.kz