Көңілімді аударған көше сәнқойлары
Қыздың көзі әрдайым қызылда. Айналасына қарап еліктеп, сәннен қалмауға тырысады. Мен де сол қыздардың бірімін, биік өкше, қысқа юбка, қалың боялған қас пен мінсіз жасалған макияждарға қызықпасам да, менің көңілімді аудартатын көше сәні бар. Мүмкіндігінше солар жайлы өзімнің "Street fashion" жазбалар топтамасына жазып, өзіме жаңа хобби бастамақпын.

Сонымен алғашқы пост осы суретен басталмақ. Алғаш бұл жаққа келгенімде бұл жақта сән жоқ, адамдар сәннің артынан қумайды, ешкімге еліктемейді, бастысы сапа мен ыңғайлылық деген пікірде болғанмын. Алайда бұл ой қате болып шықты. Кейіннен байқай келе европалық сән қазіргі кезде 90-жылдарға еліктеп, хипстерлік бейне жасауға ұмтылады екен. Сол жақтағы қыздың үстіндегі кең джинсовка, немқұрайлы жинай салынған шаш соның бір мысалы. Цюрихтіктер, жалпы европалықтардың гардеробында жиі кездесетін зат - шарф. Салқын күнде жеңіл футболка, аяқта кеды киіп қалай жаурамай жүреді деп таңданатынмын, сөйтсем бар құпия мойынды жылы ұстауда екен.
Ал оң жақтағы қыздың стилін классикалыққа жатқызар едім. Қазіргі трендтегі "сүтті шайдың" түсіндегі плащь, матасы болса жаңбырлы ауа райына арналған, ал бұл жақта жаңбыр құдайдың құтты күнінде жауады. Екі қыздың киген шалбарлары бір стильде болса да, екі түрлі образға да өзінше жарасып, үйлесімдікте тұр.
Көп нәрсе ұнай бергенімен, әр адамның дене пішіні, түр-әлпеті мен мінезі әртүрлі болғандықтан бұл екі образды да өзім үшін толықтай қайталамас едім. Көз алдыма елестетіп көрсем, сол жақтағы қыздың шаш үлгісін жасасам кореялық тарихи дорамалардың кейіпкеріне ұқсап қалады екенмін. Ал екінші қыздың плащы ұнаса да, классикада өзімді тұсауланған адамдай сезінетіндіктен оған да еліктемейтін болдым.
P.S. жене тұлға құқығын ойлап, қыздардың бетін түсірмедім. Бірақ бәрібір іштей өзімді жасырын суретке түсіріп алған детективтей сезіндім.
