Мазмұнға өту

Жаңа

Ризамын тағдырға, ризамын «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Missing you» Бейнематериал авторы – Beliar «Природа» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте - http://vk.com/public56982889 Ризамын тағдырға, ризамын, Сыйлаған маған, нәресте. Талпынып үміт құрамын, Шайқасқа толы, өмірде. Кешірім сұраймын Тәңірден, Тәубеме талай мен келіп. Ұрпақ бар, басатын ізімнен, Атымды жалғайтын, көтеріп. Бұтағын шашып, өрісім, Есейіп жатыр, жалғасып. Босайды кейде, көңілім, Ренжіспен қуаныш таласып. Толады-ау көңілім мейрімге, Қуатқа мені, толтырып. Бөлейді бақыт, сезімге, Аш қалған, жанымды, тойдырып. Өшпейді атым, білемін, Үш ұлым, қалқан, тірегім. Жалғасым менің, көктемім, Соғады-ау, осылар деп, жүрегім. Мұңлыққа берілсем, кешіре гөр, Барма екен хақым, жылауға? Өр…

1
1
1690

Турнир «Асық ойнаған озар!»

В начале апреля 2016 года «Центр развития молодежных инициатив» города Аксу в спортивном оздоровительном комплексе  им Иманжүсіп Құтпанұлы провел турнир «Асық ойнаған озар!», который состоял из таких национальных игр как «Асык ату», «Жеті тас», «Арқан тартыс».

Многие участники впервые играли в «Жеті тас», и всем эта игра понравилась. По итогам турнира самым метким среди участников «Асык ату»  оказался Добрынин Владислав - студент колледжа черной металлургии города Аксу.

По итогам соревнований в общем зачете первое  место завоевала команда Аксуского колледжа черной металлургии,  участники которой показали хорошие результаты, соревнуясь  в силе и ловкости. Второе место взяла  команда «Кыран» школы №2, а третье - команда «Серпін»  колледжа им.Ж.Мусы.

Победителей наградили памятными призами.

1
0
785

ЕХРО-2017 еріктілер тобымен кездесу өткізді

Ақсу қаласы «Жастар бастамасын дамыту орталығы» КММ Ақсу қаласының ЕХРО-2017 еріктілер тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында еріктілерге Астана және Ақсу қалалрының тарихы бойынша семинар-тренинг өткізіліп, жастар шетелдік қонақтарға арналған  Ақсу қаласының 55 жылдығына орай қысқаша тұсау кесер таныстыру жасады. Кездесу қорытындысы бойынша АСТАНА ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде қызмет ететін еріктілерге жұмыс барысында қажет болар  семинар – тренингтердің бағдарламасын жасалып, оқу жоспары құрастырылды.

0
0
458

3 жасар бала құрлы жоқпыз ау...

Әжесін полицейлерден қорғаған қытайлық батыл бала интернет қолданушыларының жүрегін жаулап алды деп жазады islam.kz.

Әйел көше бойында заңсыз саудамен айналысқан. Үш жасар бала темір құбырды ала жүгіріп, тәртіп сақшыларына қарсы шықты.

Көшедегі жабайы сауда-саттыққа қарсы күресумен айналысатын инспекторлар үш жасар баланың ашуға булығып, "Кетіңдер! Менің әжеме тиіспеңдер!" дегенін естіп, көңілдері босады.

Полицейлер баланы тыныштандырып, шеткері алып кетті. Бірақ бала олардың "құшағынан" сытылып шығып, әжесін "ренжіткендерге" жұдырық ала жүгірді.

1
0
655

Ауылдық округтердің әкімдеріне арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы семинар-кеңес

2016 жылдың  18 сәуірінде Бурабай ауданының әкімі                                        Т. Ташмағамбетовтың, Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы                        М. Жауковтың қатысуымен  «Адал жол - Честный путь»  облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде ауылдық округтердің әкімдеріне арналған семинар кеңес өтті.

Шараға ауылдық округтердің әкімдері, әкімдіктің активі,мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау блогы,аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында активтің қатысушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың маңыздылығына қолдау білдірді.

Іс-шараға 47 адам қатысты.

0
0
383

«Фемида» клубының отырысы: «Қолыңды таза ұста»

2016 жылдың 18 сәуірінде  Бурабай ауданы  «Златополье» ауылының кітапханасында «Адал жол - Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы  марафонының шеңберінде «Фемида» клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі отырысы өтті. Іс-шараға халықтың барлық топтарының өкілдері қатысты.

Тұрғындардың және  өскелең ұрпақтың арасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру мәселесі отырыстың басты және қызу талқыға түскен тақырыбы болып табылды.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

0
0
528

Асық ойнаған озар!

Ақсу қаласы «Жастар бастамасын дамыту орталығы»  Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорттық сауықтыру клубы кешенінде "Асық ойнаған озар" ұлттық ойындар түрі бойынша турнир өткізді.

Турнир Асык ату, Жеті тас, Арқан тартыс сияқты ұлттық ойындардан құралды. Қатысушылардың көбісі Жеті тас ойынын алғаш рет ойнады, және бұл ойын барлығына да қатты ұнады. Турнир соңында Асық атудан  мерген атанған  Қара металлургия колледжінің студенті Добрынин Владислав болды.

Турнир қорытындысы бойынша, жалпы есепте I – ші орынды Ақсу қаласының қара металлургия колледжі, «АКЧМ» тобы, II – орынды Ақсу қаласы №2 мектеп оқушыларының «Қыран» тобы, III –  орынды Жаяу Мұса атындағы колледжі студенттерінің, «Серпін» тобы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1
0
1582

Қазақстан Туы Геннадий Головкиннің аяғының астында жатуы керек пе?

Геннадий Головкин жақында "Jordan Brand" спорт атрибутымен серіптес болғаннан кейін, бренд атынан оған кішігірім сыйлық жасалды. Нақтырақ айтқанда табанында Қазақ елінің Туы бейнеленген кроссовки. 23 сәуір американдық Доминик Уэйдпен болатын сайысқа дайындық барысында табысталған сыйын көріп Геннадий өз қуанышын жасырмады. Енді менің жаныма батып бара жатқаны біздің Тудың аяқ киімге бейнеленуі. Қазақстан Республикасының Туы біреудің табанында жүргені дұрыс па? Елге, жерге деген құрметтің осындай болғаны ма? Ей, айналайын-ау ТУ деген халықтың даңқын, асқақ абыройын көрсететін "куәлік" емес па? Ол аспанда қалқып жүруі керек қой. Өз басым брендтің сыйлығын кимек түгілі қабылдамайтын да едім. Жоқ, мен Геннадий Головкинге қарсы шығып отырғаным жоқ. Ол кісіні өте қатты сыйлаймын, тіпті елімізді…

2
0
1361