Заманауи технологиялардың оқу процессiнде қолданылуы
XXI ғасыр-технологиялар мен өнертабыстар заманы.Олардың бiздiң күнделiктi өмiрiмiзде алатын орны соншалық,тiптi күнiмiздi ұялы телефон,автокөлiкер және өзге заманауи технологияларсыз елестете алмаймыз.Ол қандай технологиялар және оның өмiрiмiздегi орны қандай?Өзгеден бұрын мен заманауи технологиялардың оқу процессi барысында қолдану жайлы айтып бермекпiн.Технологиялар сiз бен бiз сияқты оқушыларға,студенттер мен оқытушыларға үлкен септiгiн тигiзедi.Қазіргі білім беру жүйесіндегi педагогикалық технологиялардың алатын орны ерекше, себебі әрбір оқытушы педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жетуге мүмкiндiк алады.Демек, кәсіби білім деңгейін көтереді және оқушылардың білім сапаларын арттыра түседі.
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.Сондықтан,берiлген мүмкiндiктi қадiрлеп,технологияларды тиiмдi пайдалана бiлейiк!
