Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

10 баланың анасы атанған Асылдың жағдайы..

Бүгін «Қазақстан Павлодар» телеарнасы «Жылы жүрек» акциясын ұйымдастыруымен көп балалы ана  Кабенова Асыл Қожахметқызының шаңырағында аталмыш акцияны өткізді. Телеарна бағдарламаларынан акция жайлы білген Құрманғалиева Зәуреш Жақыпқызы қайырымдылық танытып, балаларға киімдер мен азыл-түліктермен қамтамасыз етті.

Бұл акцияға «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» бей-жәй қарамады. 10 баланың анасы атанып отырған Асыл Қожахметқызының жасөспірім ұлдары Кәбен Досжан және Кәбен Диасқа орталық атынан 2016 жыл бойы ағылшын, француз тілдерін тегін меңгеруге сертификаттарын ұсынды. Бастарында баспаналары болғанмен бүгінгі күні өмір сүру оңай емес, дейді Асыл. Балаларды елқатарлы оқытып, киіндіруге тырысамын, дегенмен мемлекет бөлетін қаражат азық-түліктен артылмайтының жеткізді. Осы акцияға отбасымен өз үлесін қосқан Зәуреш Жақыпқызы қаламызда  мейірімді адамдар барына сенеді, қала тұрғындара елеусіз қалдырмаса екен дейді.

1
0
530

Осы тақырып бойынша

10 баланың анасы атанған Асылдың жағдайы.. - Yvision.kz