Мазмұнға өту

Жаңа

Сүйінші,павлодарлықтар!

Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніңдегі басқармасының  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ қолдауымен «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері Абзал Қабдраш пен Мәрес Байрон 18 сәуір күні  Алматы қаласына студенттер арасында республикалық ақындар айтысына аттанған болатын.  20 сәуір күні өткен айтыста Мәрес Байрон өзінің әдемі өнерін көрсетіп, 1 ұпай жетіспегінен финалға өтпей қалды. Ал, біздің жерлесіміз, мақтанышымыз, ақын Абзал Қабдраш І орынды қанжығасына байлады.

Бас жүлде - Айтбек Тұрсынбаев (Алматы)

Бірінші орын - Абзал Қабдраш (Павлодар)

Екінші орын - Алтынбек Ибрагимов (Алматы)

Үшінші орын - Айдана Қайсарбек (Алматы)

Абзалды  «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» ұжымы және «Алдаспан» ақындар клубының мүшелері шын жүректен құттықтайды. Шығармашылықта үлкен жетістіктерді тілейміз.Мәрестің жеңістері әлі алда, биік белестерді бағындыра беріңіздер.

 
1
0
818

Заманауи құлдықтың түрлері

Заманауи құлдықтың түрлері


Адам күнделікті күйбең тіршілікпен жүре беріп, жасанды құлдықтың құрбаны болып қалғанын аңғармай қалады. Орысша айтқанда, «как белка в колесе». Алдымыздағы туындаған мәселелерді көреміз де, ал жан-жағымызға күдікпен көп қарамаймыз. Жақында осы жайлы бір мақала оқыған едім. Расымен де таң қалдым. Сондықтан сіздермен бөлісуді жөн көрдім.
Ендеше «5 заманауи құлдықтың түрлері»:
1. Несие картасы
Қалаған затыңды алуға қолың жетпесе, «ең төменгі төлемде» сатып ала аласың, дегенді ести салысымен, Әсет несие алуға жабысады. Ол несиені бірден жаба алмайды, себебі жалақысының 50%-ы қарыз өтеумен кетіп қалады. Ал алда әлі сатып алу керек дүние өте көп. 
Қызық факт: Әсет көптен бері өзінің бизнесін ашқысы келіп жүр. Араманын жүзеге асыру үшін жалақысынан жылына 30%-ын ұстап отыруға да қарсы емес. Бірақ олай жасай алмайды. Матрица мүмкіндік бермейді.
2. Көлік алу
Әсет көлікті жақсы көреді. Бұрында метромен жүретін, кейін жигули сатып алды, ал қазір несиеге алған «Лансерді» айдауда. Қарызын әр ай сайын төлеп тұрады, көлігіне 3 аптада бір рет толтырып жанармай құяды, әр мезгіл сайын дөңгелектерін ауыстырып тұрады, көлік тұрағы, кішкене ақауларға бола тағы да шығындалады. Дегенмен, Әсет еш өкінбейді.
Егер де Әсет ескі көлігімен жүре бергенде қымбат қосалқы бөлшектерге артық ақша төлеп әуре болмас еді. Ал бұл жөнінде оған айтатын болсақ, бізге: «сенің есің дұрыс па?» дегендей бір қарап, күлер еді.
3. Ұсақ-түйекке ақша шашу
Әсеттің жалақысы өте жақсы. Алайда, қалтасында артық көк тиыны жоқ. 
Себебі қолына ақша тигенде есептелмей, жұмсалып кетеді. 1000 теңге жолына, 1500 теңге тамағы бар дегендей. Ақшаны табатынын табады, бірақ берекесі болмайды. 
Егер Әсет қолына дәптер алып, шығындарын есептесе: 1500 теңге ғана ғой деген түскі асы, айына 45.000 теңге, ал жылына 540.000 қып-қызыл шығын екенін аңғарар еді. Ал егер күніге таксимен емес, метромен қатынаса, екі айдың ішінде 3 жыл бойы армандаған ноутбугын сатып алуға мүмкіндігі бар. 
4. Жарнама
Әсет Cola ішеді, Marlboro темекісін шегеді, Orbit шайнайды және Burger King-те тамақтанады. Бірақ ол жарнама маған еш әсерін тигізе алмайды деп көндіргісі келеді. Асқазанының жиі ауратыны және әмиянында ақшасының болмайтыныдығы өзінің қалауы деп сендіріп әлек. Ал, телеэкран алдындағы жарнама берушілер Әсеттің ақылды, өз таңдауын өзі жасайтын адам екенін айтып, келесі жолы жалақысын кімге барып беретінін де өзі шешеді деп насихаттау үстінде. 
5. Той және туған күн
Әсет жақында үйленуді жоспарлап жүр. Ата-анасының ортақ жалақысы шамамен 200 мың теңге. Ал тойға жоқ дегенде 900 мың теңге керек. Қарапайым мейрамханада жақын адамдарының арасында атап өту - қазаққа жат дүние. Тамада, арақ-шарап, атақты жұлдыздар...Қып-қызыл шығын. Банктер осы тойдың арқасында-ақ байып жатқан шығар. 

Сізге осылардың қайсысы таныс?

#intellectincubator #intinc002#заманауи #құлдық #inkut

0
0
1077

Алға,Гена!

Бүкіл қазақстандықтар секілді Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекті асыға күтудемін.Генаның өзінің жас қарсыласы Уэйдқа қарағанда тәжірибесі мол және потенциалы әлдеқайда жоғары.Сол себепті,Гена қарсыласын оңай және сенімді ұтады деп ойлаймын.

Американдық Доминик Уэйд туралы не білеміз? Уэйд орта салмақ категориясында өнер көрсететін,әлі ұтылмай келе жатқан боксшы.Профессионалды карьерасында 18 жекпе-жектің 12-інде өз қарсыластарын нокаутқа түсірген.Бұл жақсы көрсеткіш,сондықтан ол осы статистикасына тағы бір жеңіс қосу үшін соңына дейін бокстасады.Бүкіл әлем бойынша Головкинның көптеген жанкүйерлері қызықты жекпе-жекті күтіп жүр және көптеген пікірлер алмасуда.Уэйдтың жекпе-жектеріне қарап оның мықты жақтарын айтатын болсам,оның шабуылдау стилі,техникасы және жылдамдығы жоғарғы деңгейде.Бірақ Генаны мұнымен таң қалдыра алмайсың! Жоғарғы деңгейде бокстасатын қаншама қарсыластармен кездесіп,бәрін де утып шыққан GGG қазір оптималды формада.Генаның жоғарғы деңгейдегі техникасы,физикалық параметрі және соққы күші өте мықты. Ол екі қолымен де өте ауыр ұрады. GGG нағыз нокаутер! Бұл кездесуде әрине Головкин фаворит.Уэйдтың қанша раунд шыдай алатыны Генаға байланысты болатын сияқты.Егер GGG кездесуді белгілі бір раундқа дейін жоспарлап қойса,жекпе-жек жалғаса береді.Бәрі Генаның қалауы бойынша болады деп ойлаймын.

WBA(Super),IBO,WBC(Interim) және IBF версиялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин(34-0,31 KO) мен  Доминик Уэйд(18-0,12 KO) арасындағы жекпе-жек 24 сәуір күні,Астана уақыты бойынша 07:20 да басталады.Бұл қызықтан құр қалмайық қазақтар!)) GGG ALGA!)

 
1
0
482

Жеткізейін, қалай саған сезімді? «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Романтическая прелюдия»

Бейнематериал авторы – Beliar «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

       

Самал жел боп, келсем бе екен, мен саған,

Бір көтеріп, көп сағынған еңсемді.

Сағынышта, сені іздеп сарғайған,

Мынау жаным, тағы іздейді көктемді.

 

Жаңбыр болып, келсем бе екен, мен саған,

Нөсерлетіп, гүл жайнатып, бар маңды.

Жұпар иіспен, талайларды мас қылған,

Пай шіркін-ай, бағалайық, сүйген жанды.

 

Әлде саған, келсем бе екен, ай болып,

Қараңғыда, ақ нұрыммен аймалап.

Қалмаса екен, гүл сезім, бақта солып,

Шын сезімсіз, қараңғыда қалтырап.

 

Болмайыншы, өзен болып, көп көрген,

Ағып жатқан тоқтамай, тағдырлардай.

Өйткені, мен бір жанмын, шын сүйген,

Тұрағы жоқ, болмайыншы ағындай.

 

Жеткізейін, қалай саған сезімді?

Сағынышта, саған жетіп, бір көрсем.

Сыйлайыншы, сүйген жанға мен көктем,

Бақ сезіммен, сұлу қылған әлемді.

 
1
1
574

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам адамның улануына кінәлі болған аспаз сотталды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотында санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны және көрiнеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін айыпталған Т. Лайдыкерге қатысты қылмыстық іс қаралды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/soltustik-kazakstan-oblysynda-zhuzden-astam-adamnyn-ulanuyna-kinli-bolgan-aspaz-sottaldy

0
0
430

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысы

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы                  Қ. Жапақов С. Төрегелдиннің төрағалық етуімен өткен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің жұмысына қатысты.

Кеңестің жұмысына Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Б.А. Палымбетов, қалалық әкімдіктің өкілдері, Ақмола облысының мемлекеттік мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары,  бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру барысындағы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайтудағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

Қоғам өкілдерінің   орындалатын  жоба мен  атқарылатын ресімдер  туралы ақпаратқа қолжетімділігін жақсарту  арқылы оң нәтижеге  жетуге болады.

0
0
495

Теңіз жаяу әскері

Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Патриот» клубының ұйымдастыруымен теңіз жаяу әскерінің подполковниктерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге мектеп оқушылары, теңіз әскерінен қызығушылық танытқан студенттер қатысты.

Кездесуге арнайы Аленов Темірболат Мұсабекұлы, Садвақасов Мұрат Мақсұмұлы шақырылып, сүбелі әңгіме құрды. Оқушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сұхбаттасты.

Жиналған қауымға «Алдаспан» ақындар клубының ақыны Ерасыл Бейбіт өзінің ән шашуын арнап, көпшіліктің көңілін көтере білді.Меймандар бастан кешкен қызықты әрі қиын күндерін еске алып, тәжірибелерімен бөлісті.

     
1
0
643

БАҚ өкілдері жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына зор үлес қосуда

Ағымдағы жылғы 19 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин «Қазақстан Республикасы Президентінің жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын қолдау жөніндегі комитетінің» облыстық филиалымен бірлесе ұйымдастырылған баспасөз мәслихатын өткізді. Бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаментінің басшылығы да қатысты.

Кездесуді ашқан Комитеттің облыстық филиалының жетекшісі А.А. Тыртышный БАҚ өкілдерін қызметтерінің басым бағыттарымен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев, ведомство жұмысының стратегиялық бағыттарына тоқталып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша Мемлекет асшысымен жүктелген міндеттерді атап өтті. Сондай-ақ баяндама барысында 2016 жылдың І тоқсанында тіркелген қылмыстық істерден мәлімдеме жасалды.

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Н.С. Жахин өз баяндамасында тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үкіметтік емес және БАҚ өкілдерімен қарым-қатынас орнатудың мәселелерін қозғады.

Тиімді өрбіп жатқан жұмыстың айқын дәлелі ретінде Нұрлан Жахин сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге арналған Ынтымақтастық туралы ашық келісімге қосылуда азаматтық қоғам институттарының белсенділігін жоғары бағалады.

Аталған іс-шаралармен кәсіподақ, құқық қорғау, қоғамдық және саяси ұйымдар, этномәдени және діни бірлестіктер, мәдениет саласындағы ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қамтылған болатын.

Сондай-ақ аталған Келісімге электронды түрде қосылуға мүмкіндік беретін «Адалдық алаңы» интернет-ресурсының соңғы көрсеткішіне сәйкес, өңірімізде бұл бастаманы қолдаушы заңды тұлғалардың саны 100-ден ал жеке тұлғалардың саны мың жарымнан асқан.

Брифинг барысында келіп түскен ұсыныстар мен сауалдардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарланды.

 
0
0
835

Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады...

 

2016 жылдың  20 сәуірінде А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі  - Департамент) қызметкерлерінің қатысуымен  бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты  – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту.  Департаменттің бастамашылық етуімен   облыстың 26 мемлекеттік органының персоналды басқару қызметінің өкілдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысты.

Іс-шараның негізгі бөлімінде Департамент басшысының орынбасары                                 Е. Жайықбаев  жоғары оқу орындары студенттеріне реформа жағдайында мемлекеттік қызметке орналасу және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі туралы айтты. Сондай-ақ, персоналды басқару қызметтерінің өкілдері   Жұмысқа орналасу мәселесі тақырыбында диалог алаңшасын өткізді

Іс-шараның соңында биылғы жылдың түлектері мемлекеттік қызметте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген бұрынғы жылдардың түлектерімен кездесті.

0
0
675

СҚО-ның мемлекеттік қызметшілері Оралхан Бөкей оқуларында сынға түсті

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлаудың желілік жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың шарттары мен талаптарына сәйкес жазушы Оралхан Бөкейдің прозалық, драмалық шығармаларынан үзінді оқу мен мәнерлеп өлең оқу тапсырмалары берілді.

Шараға қатысушылардың өнерлерін бағалаған қазылар алқасында Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұрлан Жахин мүшелік етті.

Дәстүрге айналған бұл байқауда мемлекеттік қызметшілер алғаш рет қатысып отырса да, үміткерлердің өнерлерін бағалау қазылар тарапынан оңайға соқпады.

Сайыс қорытындысы бойынша сахна мәдениеті және көркемсөз оқу шеберлігімен қатарластарынан озған Уәлиханов ауданынан келген әріптесіміз Ақмарал Көкенай бас жүлдені иеленсе,  Тайынша ауданының намысын арқалаған Әсел Жүнісова ІІ орынға қол жеткізді. Ал Мамлют ауданының маманы Бибігүл Темірбекова ІІІ орыннан көрінді.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 
0
0
1947