Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

FM радиосының тыңдармандарына сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөнінде айтылды

2016 жылдың 20 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин облыстық радио толқынының «Заң аясында» бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында Б.Хайруллин сыбайлас жемқорлық профилактикасы және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде сөз етті.

Өз кезегінде, радиотыңдармандар өздерін толғандыратын мәселелер бойынша сұрақтар қойып, бағдарлама қонағы оларға нақты жауаптар берді.

         

0
0
246

Осы тақырып бойынша

FM радиосының тыңдармандарына сыбайлас жемқорлық профилактикасы жөнінде айтылды - Yvision.kz