Мазмұнға өту

Жаңа

Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінің ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда бірыңғай көзқарасты ұстануда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) әзірлеген  және Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № А-3/90 қаулысымен қабылданған Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарының  «Жоғары және орта арнайы оқу орындарында дәрістер ұйымдастыру» 5.5. тармағын іске асыру мақсатында 2016 жылдың 1 сәуірінде Көкшетау қаласының №1 сервистік-техникалық колледжінің ұжымымен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары бойынша түсініктеме жұмысын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін, барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру.

Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының қызметкері А.Амангелдина өз баяндамасында қазіргі уақыттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алғы шарттарын, оны тудыратын себептер мен жағдайларды түбегейлі жоюға, оның деңгейін барынша азайтуға, қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыруға бағытталған мәселелерін ашты, іс-шараға қатысушыларды «Адал жол – Честный путь» облыстық марафонына қатысуға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар  қоғамда тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру қағидаты азаматтардың отансүйгіштік сана-сезімін қалыптастыру ісіндегі ең негізгі факторлардың бірі болып табылады деген бірыңғай пікірге келді.

Іс шараға 33 адам қатысты.

0
0
462

Месяц «Қамқорлық»

Акция «Қамқоршы менің - жастарым!» жасотановцев Железинского района

В рамках партийного проекта «Жастар - Отанға!» и благотворительного месяца «Қамқорлық» Железинским районным филиалом МК «Жас Отан» была проведена акция «Қамқоршы менің - жастарым!». Цель акции - оказать посильную помощь людям одиноко проживающим людям пожилого возраста, все нуждающимся в помощи по дому и хозяйству.

В данной акции приняли участие 60 человек - жасотановцы, трудящаяся молодежь и волонтеры района.

После небольшого рабочего собрания и распределения, было сформировано 5 групп, которые были закреплены по адресам. В ходе данного мероприятия, группы посетили 9 домов, а также районную Мечеть и Святой Троицкий Храм, где оказали помощь в уборке дома и уличной территории, заготовка дров, вынос мусора, разгрузка угля и др.

По окончании, молодежь побеседовала с имамом и попом, задав интересующие вопросы. Имам и поп отметили, что только благие дела красят человека, что материальное положение не является ценным.

Кроме того, активистами были записаны 2 воспоминания фронтовиков и участников Великой Отечественной войны для книги «Наследники непридуманной истории», сбор которой объявлен в начале апреля этого года.

«Молодежь - фундамент строения будущего страны и своего народа. А насколько прочным он будет, зависит именно от нас. Продолжать путь наших предков, стать опорой для старшего поколения и быть примером для младших, вот что должна определять молодость», - отметила Азиза Ибраева, руководитель Железинского отделения МК «Жас Отан».

0
0
708

Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде  «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам»  – Ұлт жоспарын орындау аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі  - Департамент) «Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында «Бірінші институционалдық реформаны жүзеге асыру барысы туралы. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қ. Жапақов дөңгелек үстел басына жиналғандардың назарын Ұлт жоспарының басты мақсатына аударды. «Елімізде Ұлт жоспары, 100 нақты қадам қарқындап жүзеге  асырылып жатқаны баршамызға белгілі. Бүгін біз мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған бірінші институционалдық реформаның жүзеге асырылуын талқылау үшін жиналып отырмыз. Біздің жұмысымыз    Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуына бағытталған».

Елбасы Бағдарламаны Ақордада, 2015 жылдың 5 мамырында, Үкіметтің кеңейтілген отырысында жариялағанын еске сала кетейік.

Бұл құжат – президенттік  5 реформаны жүзеге асырудың: кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, индустрияландыру және экономикалық өсімге ,біртектілік пен тұтастыққа қол жеткізудің қадамдық нұсқаулығы. 5 реформаға арналған 100 қадам. Басты мақсат – Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы.

Іс-шара аяқталғанда Қ. Жапақов тыңдаушыларға өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау курстарын аяқтағандарын растайтын сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары қатысты (ауылдық округтердің әкімдері, басшылық лауазымға алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер), барлығы – 52 адам.

   
0
0
826

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы пікірсайыс

2016 жылдың 21 сәуірінде  «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбие  жұмысы орталығында Бурабай ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының қолдау көрсетуімен облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында  «Бұл палата  жемқорлыққа қарсы күрестің ең басты, тиімді механизмін ұсынады» тақырыбындағы аудандық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – Бурабай ауданында дебат қозғалысын дамыту, жастарды мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен таныстыру, оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қалыптастыру үдерісіне  қатыстыру, қазақстандық қоғамда орын алып отырған  өзекті проблемалық ахуалдарды жариялы түрде талқылау және талдау арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру және жастардың қоғамдық    белсенділіктерін арттыру.

Турнирдің қорытындысы бойынша жүлдегерлерге, сондай-ақ «Үздік спикер» атағын иеленген  жеңімпздарға грамоталар, сертификаттар табысталды, арнайы сыйлықтармен, алғыс хаттармен мараппаталды.

0
0
1201

Балаларын вакциналаудан бас тартқан ата-аналар оларды денсаулық құқығынан айырады

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой халықты иммундау мәселелеріне байланысты ҚР ДСӘДМ-де өткен брифингте мәлімдеді.

Сөз басында ол әлемдік мәліметтерге сай жұқпалы аурулар әлі күнге дейін адамдардың өліміне себепші болып келе жатқанын атап айтты. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласы дамыған елдердің халқы өткен ғасырлардағы табиғи шешек, чума, тырысқақ, қызылша және т.б. ауруларының ошақтары арқылы пайда болған бүлдіруші эпидемиялар туралы мүлдем ұмытқан.

Дүние жүзінде вакцинация инфекциялармен күресудегі тиімді, қолжетімді, үнемді құрал екені дәлелденген.

«Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сай халықты 21 жұқпалы ауруларға қарсы тегін вакциналау жүргізілуде. Біздің Ұлттық егу күнтізбеміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынымдары мен көптеген дамыған елдердің (Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестесіне сай. Жыл сайын Қазақстанда вакциналауға 20 млрд, теңгеге жуық қаражат бөлінеді», - деп хабарлады Алексей Цой.

Сонымен қатар, ол республикадағы имундауға негізделген барлық вакциналар ДДСҰ мен ЮНИСЕФ ұсынған және сертификатталған, брендтелген вакциналар шығаратын өндіруші-зауыттардан сатып алынатынын атап айтты. Барлық вакциналар жаппай қолдануға дейін мемлекеттік тіркеуден өтіп, емханаға дейінгі және емханалық сынақтан өтеді.

Профилактикалық егу жүргізудің алдында егілетін адам міндетті түрде дәрігердің тексеруінен өтеді. Ол хабарландырылған профилактикалық егуден бас тарту немесе келісімді жасайды.

Халықаралық мәліметтерге сәйкес, вакциналау мүгедектікке шалдығуға себепкер болмайды. ДДСҰ мәліметінше, энцефалит түріндегі қызылша вакцинасын енгізу кезінде мұндай жағдай болуы мүмкін. Ол вакциналанған 1 млн. адамға шаққанда 1 жағдай ғана тіркеледі. Ал қызылшамен сырқаттанған 100 жағдайдың 38-інде (38%) өкпенің зақымдануы басталады, 100 жағдайдың 10-да (10%) ауырған адамдар қайтыс болады.

АКДС егуінен соң (көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қарсы кешенді вакцина) жоғарғы дене қызуы, тіпті тырыспа пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл 200-400 мың адамға шаққанда 1 жағдай болуы мүмкін. Сіреспеден 85-100% ауырған адам, дифтериядан әрбір бесінші адам қайтыс болады.

Қызамықтың әрбір төртінші жүктіліктің бірінші триместрінде асқынуы жаңа туған нәрестелер ағзасының ауыр ауытқуларын туындатады. Еркек бедеулігінің 1/4 жағдайы эпидемиялық паротит (свинка) салдарынан туындайды.

Егу процесіне болжалды және аллергиялық реакция туындауы мүмкін. Болжалды реакция дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, өзін өзі жайсыз сезіну түрінде болады. Бұл симптомдар өздігінен жойылуы мүмкін, дегенмен, медициналық қызметкерге қаралған орынды. Жеке реакцияның пайда болуына конституциялық, генетикалық факторлар, алдыңғы ауру салдарынан туындаған ағзаның қарсы тұру мүмкіндігінің төмендеуі, тамақтану тәртібінің бұзылуы, вакцинаның әсеріне ағзаның өзіндік жоғары сезімталдығы, сонымен бірге, имуннитет тапшылығы жағдайының бірінші және екінші көрінісімен әсер етуі мүмкін.

«Қазақстанда вакцинадан салдарынан туындаған өлім-жітім, мүгедектіктің бірде бір жағдайы тіркелмегенін атап айтқым келеді. Сонымен қатар, ата-аналар вакциналаудан бас тарту нәтижесінде өз балаларының денсаулық құқығынан айыратынын білуі тиіс», - деп түйіндеді Алексей Цой.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің мәліметінше, соңғы 20 жыл ішінде халықты иммундау нәтижесінде қызылшамен сырқаттану 4000 еседен астам көрсеткішке, көкжөтелмен – 6,8 есеге, эпидемиялық паротитпен 181,6 есеге, А вирустық гепатитіне шалдығу – 146 есеге төмендеді. Егу кезеңіне дейінгі уақытпен салыстырғанда (вакциналау 1998 жылы басталды) балалар арасында «В» вирустық гепатитімен сырқаттану 482 есеге азайды. «А» вирустық гепатиті, сіреспе ауруларына шалдығу көрсеткіші төмен деңгейде сақталып тұр. Дифтерия, полиомиелит жағдайлары тіркеліп жатқан жоқ.

 
0
0
639

«Жемқорлыққа жол жоқ» дөңгелек үстелі

2016 жылдың 20 сәуірінде Бурабай аудандық кітапханасы  облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафоны аясында   «Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға атқарушы билік органдарының қызметкері Е. Ибраев  қатысты. Сындарлы сұхбат барысында баяндамашы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде жүргізіліп отырған жұмыстар туралы айтып берді және жиналғандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Индустрия, туризм және сервис колледжінің студенттері пікірталасқа белсенді түрде қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар бейнероликтермен және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы кітап көрмесімен танысты.

Іс-шараға 30 адам қатысты.

   
0
0
990

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік салмақ жүгін жою

Ағымдағы жылғы 21 сәуірде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңеске қатысты.

Семинар шеңберінде облыстық прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, «Қазақстандық авторлық қоғам» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері кәсіпкерлерге террористік жақтан әлсіз нысандардың иелерінің лаңкестікке қарсы қорғаушылықты және кәуіпсіздік деңгейінің қажетті сақталуын қамтамасыз ету бойынша орындамаушылыққа жауапкершілік туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыс, авторлық және қосарлы құқықтар жөнінде ақпараттандырды.

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі М.Қ. Қасымов мемлекеттік және квазимемлекеттік субъектілерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында әкімшілік кедергілерді жою бойынша өткізілген жұмыстар туралы баяндады, сонымен қатар семинар қатысушыларына мемлекеттік қызмет көрсетуде жиі кездесетін мәселелер, қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарының жеке бұзылу жағдайлары туралы мәлімдеді. Онымен мемлекеттік органдардан заңмен қарастырылмаған қызметтерді алу кезінде қажетті түсіндірмелер алу үшін мемлекеттік қызмет істері департаментіне жүгінуге ұсыныс берілді.

Семинар аяқталғаннан кейін, бизнес қауымдастығының өкілдеріне көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен уақытында берілуіне өтініштері үшін Департаменттің байланыс телефоны ұсынылды.

 
0
0
379

Қазақстанда жоғарғы медициналық колледждер құрылмақ

Қазақстанның 10 медициналық колледжі, оның ішінде 2016 жылы 6, 2017 жылы 4 оқу орны жоғарғы медициналық колледж болып қайта құрылады. Аталған оқу орындарында фин сарапшыларының қатысуымен әзірленген «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілмек.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруды 2014 жылы эксперименталды тәртіпте 6 мемлекеттік медициналық колледж базасында (Астана қаласының медициналық колледжі, Көкшетау медициналық колледжі, Қызылорда медициналық колледжі, Павлодар медициналық колледжі, Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін дайындау мен қайта даярлау колледжі, Батыс Қазақстан медициналық колледжі) бастады.

ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР ДСӘДМ мамандары JAMK және Lahti (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университеттерінің әріптестерімен бірлесе отырып ҚР-дағы мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдірудің 2016-2019 жылдарға арналған жол картасын жасады.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы еуропалық директиваларға сай дуалды білім беру қағидаларын қарастырады. Оның ішінде оқу сағаттарының 60-70%-дан кем емес (оқу мерзімі 3,5 жыл) көлемінде білікті тәлімгердіің басшылығымен емханалық базада өндірістік практиканы жүзеге асыру да бар. Аталған бағдарлама ЕуроОдақ елдерінде кеңінен таралған, сонымен қатар, практикалық әзірлігі басым жоғары білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған.

«Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат жоғарғы медициналық колледж түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды  мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шыгады.

Қазіргі таңда фин және отандық мамандар «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген бағдарламасын әзірлеуде. Аталған бағдарлама бойынша бұдан бұрын білім алған мейіргерлер бір жарым жылдың ішінде қосымша оқу арқылы өз кәсіби машықтарын дамыта алады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 26 мемлекеттік және 37 жеке медициналық колледж бар. Олар жыл сайын орта есеппен 12 мың орта буын медқызметкер дайындайды. Бүгінде орта медперсонал сала қызметкерлерінің ең көп санатын құрайды, орадың саны шамамен 160 мың маман.

 
0
0
408

Тұғыры биік Қазағым!

Әрбір елдің дастанында оның жаңа тарихының бастауы болған маңызды сәттер болады. Біз үшін жаңа дәуірдің таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күні көк аспанға  «Қазақстан Республикасы» деген жаңа жұлдыз жарқырай шықты. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіз елдердің қатарына қосылғанына 25 жыл толып отыр. Азаттық елдің атқан әр таңында жеткен жетістіктері Республиканың қадамдап алға жылжуына үлкен септігін тигізді. Еліміздің өткен әр қаржылай дағдарысы, Елбасы орнатқан әр стратегиялық бағдарламалар, бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуына жол ашты.

2016 жыл-25 жылдық азаттықтың қорытындысын шығаратын, өткенге есеп беретін уақыт. Әр жылдың бізге әсерін тигізбей кеткені болмады. Мысалға, еліміздің БҰҰ-ның толық құқылы белсенді мүшесі болғаны, Еуроодақ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Дүнежүзілік Сауда Ұйымы, ЮНИСЕФ пен ЮНЕСКО сынды белді ұйымдармен ынтымақтастығы нығаюда. Сонымен қатар Қазақстан 400-ден астам көпжақты және 700 екіжақты келісімге қол қойды.

25 жыл ішінде бағындырған белестің бәрін жеткізуге бір кітаптің өзі аздық етеді. Біздің үшінші қазақстандық ғарышкеріміз Айдын Аймыбетов ғарыш маңы орбитасына ұшып қайтқанын атап өтпеуге болмайды. Бұл бір тарихымызда ерекше орын алған сәттердің бірі. Үлкен жеңіс десек те болады.

Көп ұлтты мемлекет үшін елде орнайтын ынтымақтан асқан бағалы ешнәрсе жоқ секілді. Сол ынтымақтың елімізде сақталуының, бір-бірімізге деген сыйластығымыздың дәлелі ретінде тұғыры биік елдің бірге жеткен жеңістерінен көре аламыз.

Н. Назарбаев өз жолдауында: «1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлде жаңа тарихын бастады. Біздер, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушыға әрі тұңғыш ізашарына айналдық. Бұл – біздің ізгі уақытымыздың және барлық ұлы жетістіктеріміздің сипатын дәл беретін атау. Біз Тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп келеміз».

 
0
0
1116

700 жылдық алтын насихат

Төмендегі жазу – атақты Ислам ғалымы Шейх әдәб Алидың насихаты. Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де, әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.

🔸«Балам, таң қылаң бере бастағанда туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады. Өзіңді баса біл! Бойыңдағы күштілікті, ақылдылықты, ауыздағы сөзіңді қашан, қай жерде, қалай қолдану керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық. Ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, тұрақты бол, өз ерік-жігеріңді өз қолыңда ұста. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.Ата-анаңды құрметте! Берекет үлкендермен бірге жүреді. Бұл дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл күйіңде қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Әр сөзді көңіліңе ала берме. Көп білемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айырыларсың. Үш кісіге жаның ашысын:

➖1. Надандар арасындағы ғалымға;

➖2. Байлығынан қол үзген кедейге;

➖3. Құрметке ие болып жүріп абыройынан айырылған адамға.

Жоғарыдағы орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа! Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!»

-3
0
657