Студентке кеңес немесе ақша табудың жолдары
Студенттік кезде ақша тапшылығы әсіресе айқын байқалады: көптеген жылдар бойы ата-анасының алақынында өскен жасөспірімдер ендігі кезекте қаржының жұмсалуын өздері бақылап, кейде бір айға жоспарлаған ақшасын бір аптада тауысып жатады. Бұл сирек емес жағдай студенттердің санасында “қалай ақша тапсам болады?” деген сауалды тудырады. Сонымен, дипломы жоқ, оқу процесіндегі студентке қандай жолдармен қаражатты көбейтуге болатынын қарастырып көрейік. 1. Үнемдеңіз. Бұл ережені әлемдегі ең бай отбасылардың бірі Рокфеллердің өздері ұстанған. Қаражатыңыздың қайда жұмсалып жатқанын анықтау үшін, арнайы күнделік арнап, сатып алынған заттарыңызды жазып қойыңыз. Ұсақ-түйекке күнделікті қанша ақша кетіретініңізді көргенде, қажеттіліктеріңізді азайтуға тырысасыз. Өкінішке орай, маркетинг жақсы дамыған зам…
