Жаңа
Назгүл Нұрбаева — Жобалық басқаруға деген бетбұрыс
Назгүл Нұрбаева - Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы Техника мен технология дамып, барлық саладағы әлемнің озық үлгілерін өзімізге өлшеп көрген сайын, біздің елде де әртүрлі мамандықтар, сан түрлі салалар ашылып жатады. Соның бірі, әрі бірегейі ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ. Екі сөзді екі бөлек қарастырсақ, мағынасын бүгінде жұрттың бәрі біледі. Дегенмен, «жоба» ұғымы адамның алған тәжірибесін синтездеуге үйрену, білімді қалыптастыру және мақсаттарын жоспарлаудан басталатын өзінің түпкілікті тамырлары бар адамзат өміріндегі құбылыс. Мұнда адам оған берген әлемді түрлендіріп, білімі мен еңбегінің арқасында мақсаттарына қол жеткізе отырып дамиды. Өзі ғана емес, айналасын, қоршаған ортасын, қоғамды, қала берді мемлекетті өркениет көшіне ілестіреді. Ал енді басқару деген мағынадағы…
Cот жалған хаттамалар жасағаны үшін бұрынғы полиция қызметкеріне 1,5 млн астам теңгеге айыппұл салды
Өскемен қаласының № 2 соты дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалап, лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдаланды деп айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Құны алтыннан да жоғары
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі: «уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амалдарды жасап,ізгілікке қол жеткізуге болатынын сұрау үшін келдім» деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Сұрақтарыңды қой, мен жауап берейін» деді. Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауапты берді: - Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді. - Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың. - Адамдардың ең байы болғым келеді. - Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың. - Ең әділетті кісі болғым келеді. - Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың. - Адамдардың ең жомарты болғым келеді. - Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың. - Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді. - Сен Алланы көп еске…
Жемқорлықтың алдын алу — мектеп табалдырығынан
Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының мамандарымен № 8 эстетикалық тәрбие беретін орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына дәріс оқылды. Қай мемлекеттің болмасын, ілгерілеуін іркілтетін ішкі індеттердің бірі – жемқорлық. Жаһанның жағасына жармасқан жұқпалы дерт Қазақстанда да жоқ емес. Сондықтан, сыбайласқан қылмыстық әрекеттердің алдын алу мектеп табалдырығынан басталуы тиіс. Осы мақсатты көздеген Департамент мамандары, оқушыларға жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөнінде олардың өмір жолында қажет болатын пайдалы кеңестерін беріп, 2015 жылы әшкереленген жемқорлық құқық бұзушылықтардан бірқатар мысалдар келтірді. Өскелең ұрпақты Қазақстанның «Transparenc…
Жастар «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ!» дейді.
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Ақмола облыстық филармониясында «Студенттік көктем-2016» фестивалі өтті. Фестивальға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты. Фестивальдің мақсаты - облысымыздың талантты жастарының рухани-адамгершілік, шығармашылық және мәдени жетістіктерін сақтап қалуға және арттыра түсуге, сондай-ақ, жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Қ. Жапақов фестивальдің қатысушылары мен жеңімпаздарынқұттықтай отырып, «Мен екінші жыл қатарынан «Студенттік көктем» фестиваліне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Облысымызда талантты, шығармашыл жастардың көп екеніне тағы да көзім жетіп отыр», - деп атап өтті.…
«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өзінің өңірдегі шеруін жалғастыруда...
Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының шеңберінде Ақмола облысының Бурабай ауданына барды. Сапар барысында Департамент басшысы Бурабай ауданының идеологиялық активінің жұмысына қатысты. Жиналыс барысында Ұлт жоспары 100 нақты қадамды Ақмола облысында жүзеге асыру мәселелері, Әдеп кодексінің негізгі бағыттары талқыланды. Аудан әкімі аппаратының басшысы М. Жауков өз баяндамасында «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Бурабай ауданында өткізілген іс-шараларды қорытындылады. Идеологиялық активтен кейін Қ. Жапақов «Адал жол – Честный путь» марафоны аясында өткізіліп отырған бір…
Астанада «KIOSH-2016» халықаралық конференциясы және көрмесі ашылды
Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай VI Қазақстандық халықаралық конференциясы мен Еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі «KIOSH-2016» көрмесі өз жұмысын бастады. Конференцияның мақсаты – кәсіпорындарда жарақаттың азаюына, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендетуге, қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін шығынды азайтуға, кәсіби аурулардың алдын-алуға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіру. Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңб…
Дін және жастар
Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» және Жастар орталықтары бірлескен Баянауыл аудандық №16 агарарлық – техникалык колледжінде жастардың діни сауаттылығын көтеру, олардың бойына қазақстандық патриотизімді сіңіру, халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін құрметтеу, түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында студентермен кездесу өтті. Кездесуге колледж студенттері мен ұстаздары қатысты. Кездесу барысында дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры С.Сапарғалиев қасиетті «Ислам» діні жайлы әңгіме қозғап, дініміздің «Ислам» деп аталу себебін және оның мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ, дін атын жамылған керағар ағымдардың жасап жатқан іс әрекеттері дінімізге жат әрекеттер…