Оралда ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді
2016 жылдың 27 сәуір күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің бірлесіп ұйымдастырумен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияға Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш, бас маманы Е.Төлепқалиев, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Ғ.Имашев, профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және уневерситет жанындағы «Өркен» газетінің тілшілері қатынасты.
Конференцияда Департамент басшысының орынбасары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – заман талабы» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Ғизатолла Имашев жастардың санасына қазақстандық патриотизмді, құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігіне тоқталып, Департаментпен жолға қойылған жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатындарын жеткізді.
Сондай-ақ, конференция барысында экономика және менеджмент кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты С.Примбетова, құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистранты Э.Хабиева және А.Самұратова, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистранты М.Жұмағалиевалар тақырыптық баяндамалар жасады.
Шара соңында қатысушылар студенттерді сыбайлас жемқорлық қақарсы қозғалысқа біріктіру және жемқорлыққа қарсы әрекеттердегі іске асыру мақсатында белсенді студенттер арасынан жұмыс тобын құру ұсынысын қабылдады.

