Тастанды бала тағдыры...

Бірінші жазбамды өзім жазған өлеңнен бастасам деген ойға келдім, себебі қоғамдағы жан түршіктірерлік тастанды бала тағдыры таразыға талай салынып, тіптен күн ара жаңалыққа шығуда. Сонда сәбидің сезімін бір сәтке елестетіп көріңізші...
Ананшым, апатайым жалғызым
Құшағына зәр болдым ғой мен бүгін
Айналайын балам, деген сөзді естмей
Тастандылар Қатарына мен ендім.
Сасық иіс сау миымды ауыртты
Сүйегімді суық жел сырқыратты
Жылағаным құлағыңа жетпеді ме?
Тозақта жаның жанып өртенбей ме?
Тамырымда сенің қаның, сенің иісің
Жанарымда сенің көзің, сенің бейнең
Қалай мені тастап кете бердің
Өмірге келшенім бе, кінәм менің ?
Ана деген аяулы жан емес пе ?
Ішкен асын жерге тастап, бала дейтін
Жануардың сезімі баласына
Адамнан да күштірек болғаны ма????
