Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысының діни бірлестіктерінің көшбасшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е. Жайықбаев Ақмола облысының Дін істері  басқармасы ұйымдастырған  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт»  тақырыбындағы диалог алаңына қатысты. Дін істері басқармасының басшысы       С. Ыбыраева өз сөзінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін және барлық құқық бұзушылық түрлеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастру ісінде діни бірлестіктер  көшбасшыларының маңызды рөлін атап өтті. Диалог алаңы барысында Е. Жайықбаев жиналғандарға Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын ашып берді және диалог алаңына қатысушыларды уағыз тыңдаушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шақырды. Пікірсайыс барысында жиналғандар халықтың барлық топтары, соның ішінде діндар адамдардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігі жөніндегі бірегей пікірге келді. Іс-шараға  Науан Хазірет атындағы мешіттің, Евнгелиялық-Лютерандық Приходтың,  облыс аумағында тіркелген және қызметін атқаратын басқа діни бірлестіктердің өкілдері қатысты, барлығы 23 адам.

 
0
0
537

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысының діни бірлестіктерінің көшбасшылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы - Yvision.kz