Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Адал жол – Честный путь» марафоны сапарын жалғастыруда

А.ж. 12 мамырда Еңбекшілдер ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылығымен  бастау алған  «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы суреттердің байқауы мен «Менің Отанымның болашағы – менің қолымда» атты суреттер сайысы өткізілді.

Іс-шаралардың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, құқықтық тәрбиені, сондай-ақ, жастардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін Еңбекшілдер және Бұланды аудандарының шекарасында «Адал жол – Честный путь» эстафетасын Бұланды ауданына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараларға 85 адам қатысты.

0
0
372

Осы тақырып бойынша