Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлық – ғасыр дерті

Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Осындай шаралардың бірі Орал қалалық М.Ихсанов атындағы №36 ЖББМ-де өткізілді. «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында өткізілген шара мектеп басшылығы мен оқытушылар құрамымен, сонымен қатар оқушылардың қатысуымен өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты қоғамда құқықтық сауаттылықты көтеру және балаларға жемқорлықтың салдарымен түсіру болып табылады.

Шарада оқушылар 4 топқа бөлінді. Бұлттардың суреттері әдісімен балалар «Жемқорлық дегеніміз не? Онымен қалай күресуге болады?» деген сұрақтарға жауап берді. Балалар бұлт бейнеленген суреттерге өз жауаптарын жазып, бір-біріне беріп отырды.

Шараның екінші бөлігінде әр топ өздерінің үй жұмыстарын көрсетті. Бірі «ТВ шоу» түрінде сахналанған көрініс көрсетсе, екіншілері ситуациялық сұрақтармен постерлер жасап және жемқорлыққа қарсы тақырыпта слайдтар көрсетті. Шара соңында балаларға «Жүрек жылуы» тренингі өткізілді.

 

0
0
1888

Осы тақырып бойынша

Жемқорлық – ғасыр дерті - Yvision.kz