Мазмұнға өту

Жаңа

«Білімді мыңды жеңер» акциясы

Ағымдағы жылдың 6 мамыры күні   Еңбекшілдер ауданында «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафоны  аясында    аудандық  жастар ресурстық орталығы «Нұр Отан»  аудандық филиалымен бірлесе отырып    «Білімді мыңды жеңер» акциясын өткізді.

Акция  барысында жастар тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы  парақшалар мен буклеттерді  таратты.

Акцияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық тәрбие беру.

Акция барысында  43 буклет пен кітапша таратылды.

 

0
0
413

Ерліктеріңіз мәңгі ел есінде!

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері ешқашан назардан тыс қалған емес. Осыған байланысты, 9 мамыр Ұлы жеңістің 71 жылдығына орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин Шыңғырлау ауданына жұмыс сапары барысында, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Игильманов Сүйеу және Андрей Йософович Рудьтің үйлеріне барып құттықтаса, Департамент басшысының орынбасарлары А.С.Жұбаныш және Ж.М.Мұратов Орал қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ермекова Қаламсия және Скаленко Вениамин Пантелеевичті келе жатырған мерекелерімен құттықтады. Департамент басшылығы ардагерлердің бейбітшілік үшін жасаған ерліктеріне алғыс айтып, оларға бүгінгі ұрпақ келешек ұрпақ үшін жанын пида еткендерді әрда…

0
0
1093

Саяхатқа шықтың дейік, жолшылай нені тамашалап көргің келеді?

-Қиын-Керішті!,- Табиғат ескерткіші. Географиялық орны. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан көлінің солтүстік жағы. -Неліктен Қиын-Керішті? -Бала кезде алыстағы ауылға үлкендер ертіп қонаққа апарған. Сонда бізді апарған жеңіл автокөлік өзгешелеу жер маңынан өте шыққаны есте қалыпты. Жуықта әңгімеден әңгіме шығып Қиын-Керіш жайлы ақпаратты интернеттен оқып шыққанға себепкер болды.Онда, оның көркін Марс планетасының пейзажына теңепті. Көк аспан Марс планетасында жоқ Балалық кезімдегі түйсік бұл теңеуден алшақ көріністі көз алдыма елестеткен. Күннің ыстығына шөп күйіп, иірмен кеуіп қаңбаққа айналған кез. Көкжиектің батыс тұсында үш-жаққа ажырап үлгермеген қалқыған бұлт, оның арғы жағында қызарып батуға шақ қалған күн. Содан болар бұлт қою қара. Көлбеу түскен күн сәулесі ойға батқан, алақанымен иег…

1
0
880

Т. Дүйсенова ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеге барды. Ол Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысының 71-ші Жеңісіне арналған «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты салтанатты жиында сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова: «1945 жылдың 9 мамыры – еліміздің батырлық шежіресінде мәңгілікке жазылған ерекше күн. Сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңіз, сондай-ақ ерен еңбектеріңіз бізге Жеңіс сыйлады. Туған жері үшін өмірін қиған батыр бабаларымыздың есімі ел есінде мәңгі сақталмақ. Соғыстан кейін де сіздер бар күш-жігерлеріңізді еліміздің қайта қалпына келуіне, одан әрі өркендеуіне арнап, ел игілігі үшін аянбай еңбек еттің…

0
0
605

Туған жерім, туған елім, кең далам «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы - Н. Еспанов «Тағдыр жолы» орын. Айбек Бекбосын Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – http://vk.com/public56982889 Туған жерім, туған елім, кең далам, Әнге қосып, жырға қосып, мақтанам. Аман болшы, құтты болсын, қадамың, Пай, қасиетті жерлерім, ата – бабам. Өсиет қылып, тастап кеткен, мол жерді, Бағалаймыз, ұран қылып, тұтамыз. О, қасиетті жер ана, жүрегіңді, Мыңға бөлмей, біртұтаста ұстаймыз. Жатқан жері бабамыздың, торқа болсын, Ұрпағына риза болсын, жан үнін. Естіп бізді, әрқашан руһ, қолдасын, Біз жалғайық, егеменнің кірпішін. Аман болсын, тұтас болсын, бар жерім, Жыламасын, құл болмасын, мынау елім, Бір өзіңде, өзіңменен жүрегім, Ел болмас…

1
1
4801

Qazaq Air тағы бір керемет қаланы жақын қылды

Жақында әріптестеріммен Алматыдан Қызылордаға, Qazaq Air әуекомпаниясының шақыруымен, алғашқы рейсімен ұшып барған болатынбыз. Бұл тікелей рейс танымал болатыныа күмәнім жоқ. Себебі бұл бағыттағы бір әуекомпанияның кетуі, және қалған әуекомпаниялардан бағасының қолжетімділігі. Сол кештің біраз сүреттерін тамашалаңыз

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Көзді ашып жұмғанша, ертең Qazaq Air-мен тағы бір рейс ашамыз

6
2
1484

Сезім – сезім, жетелейсің сен алға «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Мелодия души»

Бейнематериал авторы – German Sineva «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – http://vk.com/public56982889

       

Сезім – сезім, жетелейсің сен алға,

Мәңгілігің, жарасыпты арманда.

Шіркін-ай, барма екен жалғанда,

Мен іздейтін, сағынышта, сағымда.

 

Киелісің, сен сезім, мың ұшырған,

Қанат беріп, биіктерге самғатқан.

Күйге оралып, ән боп талай жазылған,

Баурап алып, гүл жайнатқан, жылатқан.

 

Жылатсаңда, сенсіз өмір, бос қалған,

Адамдарға, Жаратқаннан сыйланған.

Бақытты ғой, сезім гүлін жинаған,

Өмір жолда, бақ сезімге, тап болған.

1
1
652

Кім білсін...

Тағы бір өлеңімді ұсынғалы отырмын, қатал сөкпеңіздер ...


 

Кім білсін бұл баланың жан-дүниесін

Жанжалдың шырағы жанған кезде

Кім білсін көңілін бұрған сайын

Арқасына балта салып қинайтынын

 

Кім білсін адал досты сыйлайтынын

Таба алмай көп уақыт іздейтінін

Арам ой, сараң сөздің салмағы

Бүгін емес ертеңгісін шығатынын

 

Кім білсін бұл баланың жан-дүниесін

Анасынан алыста, жалғыздықты сезінетін

Күлімдеген көздері ел алдында

Шырақ өшсе, жанарында сөнетінін...

1
0
503

Анашым өлеңі орындайтын Айгүл Сағымбайқызы

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Сөзі – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді орындаған – Айгүл Сағымбайқызы

Бейнематериал авторы – Александр Ефанов «Природа»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте - https://vk.com/public56982889

 

https://www.youtube.com/watch?v=mBYxOhBl4ik

 

"Анашым" атты өлеңін тыңдағыңыз келсе, көрсетілген сілтеме арқылы тыңдай аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=mBYxOhBl4ik

1
0
1190