Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі
Ағымдағы жылдың 13 мамырында Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ.Жапақовтың төрағалық етуімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақырыбындағы облыстық коференция өтті.
Конференцияның мақсаттары мен міндеттері квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік мүлікті басқару, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатттың тиімділігін арттыруға бағытталған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің басшысы С. Кенжетаева баяндама оқыды. Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыс туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың ахуалы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Р. Баймагамбетов хабарлады.
Конференцияның соңында Департамент пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес қоғамы Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Конференцияның жұмысына квазимемлекеттік сектордың, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараға 120 адам қатысты.
