Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным

2016 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында  «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметке алғаш рет басшы лауазымдарға тағайындалған және мемлекеттік  қызметке алғаш орналасқан тұлғалардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы –  департамент басшысының орынбасары Е.Жайықбаев.

Өзінің кіріспе сөзінде Е.Жайықбаев қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен, сондай-ақ келе жатқан кәсіби мереке –  Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады. Модератор мемлекеттік қызметтің принциптеріне, кадрлық әлеуеттің мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне ерекше тоқталды. Іс-шара барысында қатысушылар мемлекеттік қызметтің абырой-беделін көтеру, қазіргі заманның мемлекеттік қызметшісінің бөлінбес құрамдасы болып табылатын кәсіби шеберлік мәселесін қызу талқылады.

Іс-шара аяғында мемлекеттік қызметтің одан әрі дамуына бағытталған тәжірибе мен білімді жинақтайтын және біріктіретін Манифест мәтіні оқылып, ол қатысушылармен бірауыздан қабылданды. Барлық қатысушыларға мемлекеттік қызметтегі реформалар  туралы буклеттер таратылды.

Іс-шарамен 54 адам қамтылды.

0
0
1701

Осы тақырып бойынша