Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2016 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  Ақмола облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасында  (Бұдан әрі – Басқарма) кездесу өткізді.

Семинар-кеңестің барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның қолданысы жөніндегі және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері, Әдеп кодексінің негізгі бағыттары,  сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Басқарманың еңбек ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға бағытталған жұмыс туралы мәліметпен танысты.

Іс-шараға 15 адам қатысты.

0
0
609

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру - Yvision.kz