БҚО-да оқушылар арасында үздік жұмыстар сайысы қорытындылады
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2016 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен іс-шаралар қатары өткізіліп келеді.
Өскелең ұрпақтың арасында мемлекеттік қызметте ел мен халық үшін адал қызмет етуді және «жалпыға бірдей еңбек», «адалдық» және «сатылмаушылық» мінез-құлық нормасы болуы қажет екендігін түсіндіру мақсатында, Департамент пен Орал қалалық білім беру бөлімімен бірлесе орта оқу орындары оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» үздік шығарма жазудан және «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» үздік сурет салудан конкурс жариялаған болатын.
Ағымдағы жылдың 17 маусымында мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Департамент «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, конкурс жеңімпаздарын марапаттады.
Үздік шығарма жазу сайысының қорытындысы бойынша №1 мектебінің 9 сынып оқушысы Орынбасарова Лунара – І орынды жеңіп алды. Ал ІІ орынға №42 «Ақ ниет» гимназиясының 9 сынып оқушысы Магаз Кайнур лайықты деп танылып, ІІІ орын №43 мектебінің 9 сынып оқушысы Берікқызы Томириске бұйырды.
Үздік сурет салу сайысының қорытындысы бойынша:
