Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы
Ағымдағы жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы
Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысына қатысты.
Күн тәртібінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мәселелері және Ерейментау ауданы мен Көкшетау қаласының жастар ресурстық орталықтарының жұмысы қаралды.
Аталған отырысқа Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов, облыстық және қалалық мекемелердің басшылары, діни бірлестіктердің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Баяндама барысында Қ. Жапақов жастар мен балалар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі түсіндірме жұмыстарын күшейтудің қажеттілігін атап өтті және бұл істе белсенді болуға шақырды.
Іс-шара аяқталғанда отырыс хаттамасына бірқатар ұсыныстар енгізілді.
