Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным

Еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың идеясын, соның ішінде «Бес институционалды реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» ұлт Жоспарын көпшілікке түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшылығы тұрақты түрде алыс шалғайдағы ауыл-аймақтарда кездесулер өткізіп тұрады.

2016 жылдың 21 маусымда осындай кездесулердің бірін Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин, басқарма басшысы Б.Хайруллин Ақжайық ауданында өткізді.

Кездесу шеңберінде М.Нұртазин мен аудан әкімі Ә.Жоламанов аудандық деңгейде ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің ашылуына қатысты. Сондай-ақ, Чапаев және Тайпақ елді мекендерінде еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау қызметкерлері, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен  «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысында мемлекеттік аппарат құру жолы мен мемлекеттік қызметшілердің сапасының деңгейін көтеру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.Нұртазин мемлекеттік қызметшілердің одан әрі жемісті жұмыстарына дәл осындай кездесулердің ақпараттық себебінің үлкен маңызы бар екендігін атап өтті.

Шара соңында М.Нұртазин мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік қызметшілерді алғыс хаттармен марапаттады.

   

0
0
1867

Осы тақырып бойынша

Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным - Yvision.kz