Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамашылық етуімен бастау алған «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы қалалық колледждердің студенттік комитеттерінің белсенділері мен Степногорск қ. прокуратурасынынң прокуроры Наиль Мамараевтың қатысуымен екінші студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтті. Форумға қатысушылар ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелерін талқылады, елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі заңнамаларымен танысты. Сұхабаттық алаң шеңберінде «сұрақ-жауап» тәртібінде облыстағы және аумақтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдаймен танысты.
Форумның кіші тобындағы студентерге тапсырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта ұйқастық бойынша ұран шығару ұсынылуы арқылы жұмыстар жалғасын тапты. Форум соңында барлық қатысушылар естелік төсбелгілер алды, барлық колледждерге жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін тақырыптық постерлер мен әдістемелік ұсынымдар таратылды.
