Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақын емеспін, әрине! Сүйікті командамның жеңісіне деген шексіз қуаныш!

Қайсарым мәңгі жасасын!

("Қайсар"-"Шаxтер-Болат" ойынынан кейінгі шабыт)

Әр ойыннан жеңіс күтіп шөлдеумен,
Жырға айналды шабыттанып өр кеудем.
Шын берілген жанкүйердің бірі мен,
"Қайсар", "Қайсар", өтер өмір сен деумен!

4 жыл бопты мен өзіңе сенгелі,
Жеңіс күтіп әр ойынға енгелі
Барса менен бірге тұрған "Қайсарым"!
Айтыңдаршы қай клубтан кенде еді?!

Қарсыласын ойсыратар  жай отындай,
Павинич қасқыр сынды кейіпте еді
Думан-Месси, Елжас-Неймар болатындай
Жақсы ойынның бола білді кейіпкері!

Саxалбаев, Керимжанов ағаларға
Теңдесе алмас бұл өмірде енді ешкім
Шаxтер-Болат ойынында гол көріп,
Эль-Класико көргендей боп күй кештім!

"Қайсар" салар голдарын тізіп құрап,
Кім екенін әлі де жүз ұқтырат!
Енді ешқашан берілмеңдер,мен сенемін
Ойын күтем бұдан да қызықтырақ.

Кедергі болмас Ордамыздың желі де,
Мақтан тұтам мен өзіңді керіле
Қасқыр болып, қайсарлылық көрсетсе,
Премьер-лига қайта алады төріне!

Жар болсыншы бәріңізге бір Аллам,
Қайсарымның жанкүйерінде не арман
Өркен жайып, өсіп-өніп әрқашан,
Сәттіліктер шыға берсін бізге алдан!

Фаризат Амангелді

1
0
884

Осы тақырып бойынша

Ақын емеспін, әрине! Сүйікті командамның жеңісіне деген шексіз қуаныш! - Yvision.kz